Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет «Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы

«Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы

 

Ветеринария саласындағы
мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы

 

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған:

1) «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді өткізу» мемлекеттік қызмет стандарты;

2) «Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық мамандарды тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет стандарты.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                      С. Ахметов

 

«Ветеринария саласындағы мемлекеттік

қызмет стандарттарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

Р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс                                                              мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі  

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

 

Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 «Мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қаулысын іске асыру мақсатында әзірленді

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларды болдырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар Қосымша қаржылық шығынды қажет етпейді

 

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі Жобаны қабылдау шаруашылық жүргізуші субъектілердің мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін арттыруға және оларды көрсету мерзімдерін тездетуге мүмкіндік береді.

Күтілетін нәтижелер мерзімдері – 2014 жыл және келесі жылдар

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттiң және/немесе Yкiметтiң бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 Қаулысы.

7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі Қажет етілмейді 

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері Жоқ

9.

Өзге де мәліметтер Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы) Жоба Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің    www.minagri.gov.kz ресми сайтында орналастырылған (Пояснит зап каз 51 kb, Прил 1-1 каз 753 kb, Прил 1-2 каз 15 kb, Прил 2-1 каз 744 kb, Прил 2-2 каз 52 kb, Прил 3-3 каз 159 kb, Проект постановления каз 31 kb, Стандарт 1 каз 291 kb, Стандарт 2 каз 168 kb)

        

 

Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрі                                       А. Мамытбеков

«Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына ҚОСЫМШАЛАРЫ

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus