Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы

«Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы

«Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге

су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау»
мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы

 

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау» мемлекеттік қызмет стандартын бекітуді.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                      С. Ахметов

 

«Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге

су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау»
мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

Р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс                                                              мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі  

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

 

Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 «Мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қаулысын іске асыру мақсатында әзірленді

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларды болдырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар Қосымша қаржылық шығынды қажет етпейді

 

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі Жобаны қабылдау шаруашылық жүргізуші субъектілердің мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін арттыруға және оларды көрсету мерзімдерін тездетуге мүмкіндік береді.

Күтілетін нәтижелер мерзімдері – 2014 жыл және келесі жылдар

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттiң және/немесе Yкiметтiң бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер «Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 Қаулысы

7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі Қажет етілмейді 

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері Жоқ

9.

Өзге де мәліметтер Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы) Жоба Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің    www.minagri.gov.kz ресми сайтында орналастырылған (Пояснит зап каз 50 kb, Прил 1 каз 48 kb, Прил 2 каз 751 kb, Прил 3 каз 161 kb, Прил 4 каз 112 kb, Прил 5 каз 41 kb, Проект постановления каз 31 kb, Стандарт каз 161 kb)

        

 

Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрі                                       А. Мамытбеков

«Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына ҚОСЫМШАЛАРЫ

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus