Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар АЗЫҚ-ТҮЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ 2013 ЖЫЛДЫҢ II-ТОҚСАНЫНДА 693 МЛН. ТЕҢГЕ ПАЙДА АЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ 2013 ЖЫЛДЫҢ II-ТОҚСАНЫНДА 693 МЛН. ТЕҢГЕ ПАЙДА АЛДЫ

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ (Азық-түлік корпорациясы) 2013 жылдың  II-тоқсанында 693 млн. теңге пайда алды.

Қаржылық есептілік негізінде 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында Азық-түлік корпорациясы 1 млрд. 194 млн. теңге мөлшерінде, оның ішінде екінші тоқсанда – 693 млн. теңге пайда алды.

Осылайша, Азық-түлік корпорациясының табыстары ағымдағы жылдың ІІ-тоқсанында 20,6 млрд. теңгені құрады, ол өткен жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 4 есе артық – 5,1 млрд. теңге. Жалпы алғанда ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында компанияның табысы 36,4 млрд. теңгені құрады.

Азық-түлік корпорациясының шығыстары есепті кезеңде 19,8 млрд. теңгені, ағымдағы жылдың жартыжылдығында – 34,8 млрд. теңгені құрады.

2013 жылдың ІІ-тоқсанында таза пайда 693 млн. теңгені құрады.                Компания 2012 жылдың ұқсас кезеңін 4,1 млрд. теңге залалмен аяқтады. Жалпы алғанда, өткен жылдың сол кезеңіндегі 8,2 млрд. теңге залалмен салыстырғанда ағымдағы жылдың жартыжылдығында Азық-түлік корпорациясының пайдасы 1,2 млрд. теңгені құрады.

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның негізгі қызметі мемлекеттік астық ресурстары мен одан қайта өңделген өнімдерді сатып алу, қалыптастыру, есепке алу, сақтауды ұйымдастыру, жаңарту, орнын ауыстыру, сатуды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстанның Үкіметімен белгіленген басқа да қызметтер болып табылады. Компанияның жалғыз акционері «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»  АҚ болып табылады.

 

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ

+ 7 (7172) 59 12 69

http://fcc.kz/ru/article/2453

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus