Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар АЗЫҚ-ТҮЛІК КЕЛІСІМ ШАРТ КОРПОРАЦИЯСЫ «ҚОСАРЛАНҒАН ҚАРСЫ ЖАСЫРЫН АУКЦИОН» РЕЖИМІНДЕ АСТЫҚ САТАДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК КЕЛІСІМ ШАРТ КОРПОРАЦИЯСЫ «ҚОСАРЛАНҒАН ҚАРСЫ ЖАСЫРЫН АУКЦИОН» РЕЖИМІНДЕ АСТЫҚ САТАДЫ

«Азық -түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ (Азық- түлік келісім шарт корпорациясы) «Еуразия сауда жүйесі» тауар биржасында (ЕСЖ) өткізілетін “Қосарланған қарсы жасырын аукцион” (ҚҚЖА) режиміндегі  астық сауда-саттығына қатысуға кірісті.

 

ҚҚЖА-ның әдеттегі жасырын аукционнан ерекшелігі – қатысушылардың  сауда сессиясы бойы (сауда күнінде) бағаны жоғарылату, сондай-ақ төмендету арқылы  сауда-саттықты жүзеге асыру мүмкіндігі. Аукционға бір мезгілде көп сатып алушылар мен сатушылар қатыса алады, олардың әрқайсысының  тауарды сатып алуға да, сондай-ақ сатуға да бірнеше рет өтінімдер беруге құқығы бар. Мұның өзінде барлық аукционға қатысушылар жасырын – нақты мәміле жасасқанға дейін ешкім өз контрагентін білмейді.

 

ҚҚЖА бүгінгі күні әлемнің барлық ірі астық алаңдары (Чикаго сауда биржасы, Францияның халықаралық фьючерс рыногы, Лондон сауда биржасы және басқалар) қолданатын биржа саудасының механизмдерін дамытудың тағы бір кезеңі болып табылады және нарықта сұраныс пен ұсыныстың теңгеріміне негізделген астық бағасының айқын әрі тәуелсіз индикаторының болуын қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Жақын арада  қазақстандық астық саудасына қатысушылар меншікті биржа тауар айналымының ең аз дегенде 15%–ын ҚҚЖА режиміндегі сауда-саттыққа шығаруға міндетті болады.  Бұл талап жақын арада күшіне енетін ҚР Үкіметінің тиісті қаулысымен белгіленетін болады.

 

Осы айтылғанды, сондай-ақ ЕСЖ Астық жөніндегі комитетінің ұсыныстарын ескеріп, Азық-түлік келісім шарт корпорациясы өзінің астықтың биржа нарығын дамыту стратегиясының шеңберінде және заңнамаларды алдағы өзгертулер қарсаңында ҚҚЖА режиміндегі сауда-саттықтарға қатысу туралы шешім қабылдады.

 

Астықты сатудың айқын рәсімдерін, ықтимал сатып алушылардың сауда-саттыққа тең қол жетімділігін қамтамасыз ету және биржа саудасын дамыту үшін 2012 жылғы қазаннан бастап Азық-түлік келісім шарт корпорациясы Қазақстанның астық нарығында алғаш рет жасырын биржа аукциондары арқылы бидайды ашық сатуды бастағанын естеріңізге саламыз және ол жалғасуда.

 

2012 жылғы желтоқсанда Азық-түлік келісім шарт корпорациясының бастамасы бойынша ЕСЖ биржасының жанынан Астық комитеті құрылды. Ол нақты биржа сауда-саттықтарының тәжірибесін негізге алып, республикада астықтың биржа нарығының одан әрі дамуы үшін қажетті жағдайларды қалыптастыруға, оның ішінде келешегі зор жаңа биржа құралдарын енгізуге ықпал етуге бағытталған, бұл құралдардың бірі  – ҚҚЖА болып табылады.

 

ЕСЖ биржасында астық сату жөніндегі ҚҚЖА өткізу туралы шешім  Бірыңғай астық холдингі шеңберінде жақында құрылған Азық-түлік келісім шарт корпорациясының астық нарығы жөніндегі Қоғамдық кеңесіменмақұлданды. Сонымен қатар, Азық-түлік келісім шарт корпорациясының биржаға шығарған астық көлемі мен оның бағасы міндетті түрде Қоғамдық кеңеспен бекітілетін болады.

 

Анықтама үшін

2013 ж. 21 маусымда Азық-түлік келісім шарт корпорациясы мен Қазақстан фермерлер одағының арасында Бірлескен қызмет туралы шартқа қол қою арқылы Бірыңғай астық холдингі құрылды.

Астық өндірушілер – БАХ қатысушыларының мүдделерін қорғау үшін Азық-түлік келісім шарт корпорациясының қоғамдық кеңесі құрылды. Оның құрамында «Атамекен» одағы» ҚҰЭП, Қазақстан фермерлер одағы және басқа қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар.

Қоғамдық кеңес Азық-түлік келісім шарт корпорациясының органдары шешімдер дайындау және қабылдау кезінде БАХ қатысушыларының  мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етеді.  Сатып алынатын және сатылатын астықтың көлемі мен бағасын анықтау, Азық-түлік келісім шарт корпорациясының таза пайдасының бөлігін астық-өндірушілер-БАХ қатысушылары арасында  бөлу мәселелері Қоғамдық кеңеспен міндетті түрде келісуге жатады.

 

___________________________________________________________________________________________________

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның негізгі қызметі мемлекеттік астық ресурстары мен одан қайта өңделген өнімдерді сатып алу, қалыптастыру, есепке алу, сақтауды ұйымдастыру, жаңарту, орнын ауыстыру, сатуды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстанның Үкіметімен белгіленген басқа да қызметтер болып табылады. Компанияның жалғыз акционері «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»  АҚ болып табылады.

 

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ

+ 7 (7172) 59 12 69

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus