Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Азық-түлік келісім шарт корпорациясы астықты сатып алу бағасын хабарлады

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы астықты сатып алу бағасын хабарлады

2014 жылғы 10 қыркүйекте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі брифингте «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ астықты сатып алу бағасын хабарлады.
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарушы директор – Астық ресурстарын басқару департаментінің директоры Сәбит Қашқымбаев хабарлағандай, қазіргі уақытта еліміздегі негізгі астық егетін өңірлерде жаппай егін жинау енді басталғандықтан, нарықтағы астық бағасы толық қалыптаспаған. Бағалардың арасында қатты өзгерулер байқалады. Сәйкесінше, трейдерлер кейіннен астықты сатқан кезде одан ең көп пайда алу үшін оны арзан бағаға сатып алғысы келеді.
Осыған орай Азық-түлік келісім шарт корпорациясы ақырғы бағаны қалыптастырған кезде қолайлы балансты табуы керек: бір жағынан, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің астық өндіруге жұмсаған шығындарын өтеуі тиіс, екінші жағынан, экспортқа шығарылатын қазақстандық астықтың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуі тиіс.
Сондай-ақ астық нарығындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттарының бірі астық бағасының демпингін болдырмау екенін айрықша айту керек.
Осылай қазіргі уақытта Азық-түлік келісім шарт корпорациясының коммерциялық астық ресурстарының сатып алу бағасы төмендегідей белгіленді:
1) 3 сыныпты Triticum aestivum L. бидайға:
– 23-24% балуыз, заттай салмағы 730 г/л жоғары болғанда ҚҚС төлеушілер үшін тоннасына 35 000 теңге және ҚҚС төлемейтіндер үшін тоннасына 33 950 теңге;
– 25% балуыз, заттай салмағы 750 г/л жоғары болғанда ҚҚС төлеушілер үшін тоннасына 36 000 теңге және ҚҚС төлемейтіндер үшін тоннасына 34 920 теңге;
2) 2 сыныпты арпаға:
– ҚҚС төлеушілер үшін тоннасына 24 000 теңге және ҚҚС төлемейтіндер үшін тоннасына 23 280 теңге.
Азық-түліктік бидайды сатып алу көлемі 1 млн. тонна.
Азық-түлік келісім шарт корпорациясының қазіргі сатып алу кампаниясында ҚҚС төлемейтіндер үшін баға ҚҚС төлеушілерге ұсынған бағадан 3% төмен болатынын айрықша айту керек. Бұл ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер – ҚҚС төлеушілерге ҚҚС-ты төлеу кезінде 70% жеңілдіктің болумен байланысты болды. Осылай, ҚҚС төлемейтіндер мен ҚҚС төлеушілер арасындағы айырма 3% -дан көбірек.
Бұл шара көпшілігі ұсақ және орта шаруа, ферма қожалықтары болып табылатын ҚҚС төлемейтіндерге қойылған астыққа ҚҚС төлеушілермен бірдей (олардың ҚҚС төлеуге кеткен шығындарын қоса) баға алуға және оларды Азық-түлік келісім шарт корпорациясына астық жеткізуге ынталандыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Бірыңғай астық холдингінің мүшелеріне Азық-түлік келісім шарт корпорациясынан астықты қайта сатып алу құқығы қарастырылған. Бұл механизм Бірыңғай астық холдингінің Басқарушы кеңесінің құрамындағы Қазақстан фермерлер одағымен келісілді.

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-тың негізгі қызметі мемлекеттік астық ресурстары мен одан қайта өңделген өнімдерді сатып алу, қалыптастыру, есепке алу, сақтауды ұйымдастыру, жаңарту, орнын ауыстыру, сатуды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстанның Үкіметімен белгіленген басқа да қызметтер болып табылады. Компанияның жалғыз акционері «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып табылады.

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ
+ 7 (7172) 59 12 69
www.fcc.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus