Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 18-03/241 Бұйрығы

Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 18-03/241 Бұйрығы

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 24.05.2013 16:07:25

 

Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 18-03/241 Бұйрығы

«Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 6-бабы 12-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

А. Мамытбеков

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігінің төрағасы

А. Смайылов

2012 жылғы 11 мамыр

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2012 жылғы 8 мамырдағы № 18-03/241

бұйрығымен бекітілген

Астық нарығының мониторингін жүргізу

 қағидасы

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 6-бабы 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және астық нарығының мониторингін жүргізу тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) агент – акцияларының (үлестерінің) жүз пайызы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингке немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған оның еншілес ұйымына тиесілі және мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі өкілеттікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын заңды тұлға;

2) астық нарығына қатысушылар – астықты өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және өткізуге қатысатын заңды және жеке тұлғалар;

3) астық нарығының мониторингі (бұдан әрі – мониторинг) – астық нарығына қатысушылар астықты өндіруді, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және өткізуді қоса алғандағы онымен жүзеге асыратын операциялар туралы деректерді жинауға, өңдеуге және талдауға бағытталған тұрақты іс-шаралар жиынтығы;

4) астық сапасын сараптау жөніндегі зертхана – астық сапасын сараптауды жүргізу және астық сапасы паспортын беру құқығына Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген астық сапасын сараптау жөніндегі зертхана (бұдан әрі – зертхана);

5) ауыл шаруашылығы нарықтарының мониторингі саласындағы мамандандырылған ұйым (бұдан әрі – Мамандандырылған ұйым) – акционерлері Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдинг, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен салаларын тұрақты дамыту, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін бәсекелестік нарығында жоқ немесе мардымсыз көрсетілетін жекелеген қызмет түрлерімен қамтамасыз ету мақсатында құрылатын олардың аффилиирленген тұлғалары болып табылатын ұйым.

3. Мониторингті астық нарығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.

2. Мониторинг жүргізу тәртібі

 

4. Мониторинг кезеңдері:

1) деректерді жинау;

2) деректерді өңдеу;

3) деректерді талдау.

5. Мониторинг деректері:

1) мемлекеттік ресурстар астығының бар болуы және оның қозғалысы туралы;

2) экспорт (импорт) және республикаішілік тасымалдар кезіндегі астық сапасын сараптау нәтижелері туралы;

3) астықты ішкі нарықта және экспортқа тасымалдау туралы;

4) астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелгендігі туралы ақпаратты қамтиды.

6. Мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агент мемлекеттік ресурстардағы астықтың қолда бары және оның қозғалысы туралы ақпаратты уәкілетті органға осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайынғы негізде ұсынады.

7. Экспорт (импорт) және республикаішілік тасымалдар кезіндегі астық сапасын сараптау нәтижелері туралы деректерді жинау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің тиісті облыстық аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – облыстық бөлімше) астық сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханалардың астықты экспорттау (импорттау) және республикаішілік тасымалдаулар кезіндегі астық сапасын сараптау нәтижелері туралы ақпаратты осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайын ұсынуы және облыстық бөлімшенің оны уәкілетті органға одан әрі жолдауы арқылы жүзеге асырылады.

8. Мониторинг деректерін талдау үшін ұлттық тасымалдаушымен және темір жол көлігіндегі басқа тасымалдаушылармен астықты ішкі нарықта, экспортқа және импортқа тасымалдау туралы ақпарат осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылатын мәліметтер пайдаланылады.

9. Мамандандырылған ұйым астықтың орташа нарықтық бағалары туралы ақпаратты уәкілетті органға осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша апта сайынғы негізде ұсынады.

10. Лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелгендігі туралы ақпаратты мемлекеттік астық инспекторына осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайын оны жиналған ақпаратты уәкілетті органға жолдайтын тиісті облыстық бөлімшеге одан әрі жолдай отырып ұсынады.

11. Әр облыс бойынша мониторинг мәліметтерін жасауды әр ай сайын уәкілетті органға ақпарат беретін облыстық бөлімше жүзеге асырады.

12. Мониторинг мәліметтерін жасағанда облыстық бөлімшелердің, мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агенттің, Мамандандырылған ұйымның, ұлттық тасымалдаушының және темір жол көлігіндегі басқа тасымалдаушылардың ұсынылған мәліметтері пайдаланылады.

13. Мониторинг мәліметтерін талдауды, әр ай сайын мәліметтерді Қазақстан Республикасының Үкіметіне беруді уәкілетті орган жүзеге асырады.

14. Мемлекеттік астық ресурстарындағы астық мөлшері туралы деректерді қоспағандағы мониторинг деректері астық нарығына қатысушылар үшін жалпы қол жетімді болып табылады.

Астық нарығының мониторингін

жүргізу қағидасына

1-қосымша

Нысан

20 __ жылғы «__» ________ жай-күй бойынша мемлекеттік

ресурстардағы астықтың қолда бары және қозғалысы туралы ақпарат*

(мың тонна)

Облыстар атауы

20 __ жылғы «__» _______ астықтың қолда бары

Есепті кезеңдегі кіріс

(_______ ___ -нан ____ -на дейін)

Есепті кезеңдегі шығыс

(_______ ___ -нан ____ -на дейін)

20 __ жылғы «__» _______ астықтың қолда бары

барлығы

оның ішінде

барлығы

оның ішінде

оның ішінде

барлығы

оның ішінде

азық-түліктік

жемдік

тұқымдық

азық-түліктік

жемдік

тұқымдық

барлығы

азық-түліктік

жемдік

тұқымдық

азық-түліктік

жемдік

тұқымдық

А

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

                                 
Республика бойынша барлығы                                

 

*Мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агент Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ай сайын 29-ына қарай ұсынады.

 

Басшы   _______________      _____________________________________

(қолы)                  (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

Орындаушы _______________    ____________________________________

(қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

Телефон ___________   20 __ жылғы «____»  ____________

Астық нарығының мониторингін

жүргізу қағидасына

2-қосымша

Нысан

20___ жылғы  _____ астықты экспорттау (импорттау) және

республикаішілік тасымалдаулар кезіндегі астық сапасын сараптау

нәтижелері туралы ақпарат*

________________________________________________________________________________________________

астық сапасын сараптау жөніндегі зертхананың атауы, заңды мекенжайы

Р/с

Астық қабылдау кәсіпорнының атауы

Дақыл атауы

Мөлшері, тонна

астық сапасының көрсеткіштері

Есепті айдағы шағым түсірулер

 

Сыныбы**

Табиғаты, литрге грамм

Шынылығы, %

Дән маңызы, %

Дән маңызының сапасы, тобы

Ақуыз, %

***

***

***

орташа

оның ішінде дән маңызы бойынша астық, тонна

23 %-дан кем

23-24 %

25-28 %

28 %-дан артық

Экспортқа
                                   
Импорттан
                                   
Республика ішінде
                                   

 

*Астық сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханалар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық бөлімшесіне (ай сайын 5-іне қарай) ұсынады.

 

Зертхана меңгерушісі

___________   ___________________________________________

(қолы)                   (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

М.О.

 

** – тиеп жөнелтілген партиялар сапа сыныптары бойынша біріктіріледі, бұл ретте сыныптар ішінде сапа көрсеткішінің орташа өлшемді көрсеткіштері көрсетіледі;

*** – астық сапасының қосымша көрсеткіштері көрсетіледі.

 

Астық нарығының мониторингін

жүргізу қағидасына

3-қосымша

Нысан

20____жылы «___» ______ жай-күй бойынша астықты

ішкі нарықта және экспортқа тасымалдау туралы ақпарат*

____________________________________________________________________________________________

(ұлттық тасымалдаушының және басқа да тасымалдаушылардың атауы және мекенжайы)

астық                               тоннада

Облыс атауы

1 қаңтардан 20___ жылдың «____» _____ дейінгі

өспелі қорытындымен

«___»___ бастап 20___ жылдың «____» ___ дейінгі

есепті кезеңде

тиеп жөнелтілді

келіп түсті

тиеп жөнелтілді

келіп түсті

экспортқа

республика ішінде

импорттан

республика ішінде

импорттан

республика

ішінде

импорттан

республика ішінде

                 
Барлығы                

 

*Теміржол көлігіндегі ұлттық тасымалдаушы және басқа да тасымалдаушылар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ай сайын 25-іне қарай ұсынады.

 

Басшы    _____________    ________________________________________

(қолы)                  (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

Орындаушы  ___________    _________________________________________

(қолы)                  (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

Телефон _________               20 __ жылғы «_____» _________

Астық нарығының мониторингін

жүргізу қағидасына

4-қосымша

Нысан

20 __ жылғы «__» _________ астықтың орташа нарықтық бағалары туралы ақпарат*

 

Облыстар

Атауы

Өлшем бірлігі

Ақмола

Ақтөбе

Алматы

Атырау

Батыс Қазақстан

Жамбыл

Қараганды

Қостанай

Қызылорда

Маңғыстау

Оңтүстік Қазақстан

Павлодар

Солтүстік Қазақстан

Шығыс Қазақстан

Астана қ.

Алматы қ.

3-сынып бидайы теңге/тонна                                
2-сынып арпасы теңге/тонна                                

 

*Ауыл шаруашылығы нарықтарының мониторингі саласындағы мамандандырылған ұйым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне апта сайын (жұмада) ұсынады.

 

Басшы    _____________    ___________________________________________

(қолы)                (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

Орындаушы  ___________    _________________________________________

(қолы)              (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

Телефон _________           20 __ жылғы «_____» _________

Астық нарығының мониторингін

жүргізу қағидасына

5-қосымша

Нысан

20___ жылғы «____» _____________ астық қабылдау

кәсіпорындарының жүктелгендігі туралы ақпарат*

Р/с

Астық қабылдау кәсіпорнының атауы

Жалпы сыйымдылығы, мың тонна

Барлық астық, мың тонна

оның ішінде

Астық қабылдау кәсіпорнының жүктелгендігі, %

мемлекеттік ресурстар

1

2

3

4

5

6

           

 

*Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциялары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ай сайын 1-іне қарай ұсынады.

 

Басшы    _____________    ___________________________________________

(қолы)                (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

Орындаушы  ___________    _________________________________________

(қолы)              (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

Телефон _________               20 __ жылғы «_____» _________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus