Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінде ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 28 қыркүйектегі № 554 Бұйрығы

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінде ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 28 қыркүйектегі № 554 Бұйрығы

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 24.05.2013 18:40:07

 

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінде ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 28 қыркүйектегі № 554 Бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңының 8 бабының 36) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінде ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру туралы нұсқаулық бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агороөнеркәсіп кешенінің мемлекеттік инспекция комитеті (Сулейменов С.И.) облыстық, Астана, Алматы қалаларының аумақтық инспекцияларымен бірлесіп осы бұйрықтан туындайтын керекті шараларды қабылдасын.

3. Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Тоқсеитова Р.Ә.) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

А. Күрішбаев

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2009 жылғы 28 қыркүйектегі

№ 554 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінде ветеринариялық-санитариялық

бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ереже

 

1. Осы Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінде ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

Нұсқаулық жануарлар текті өнімдерді және шикізаттарды дайындауды (союды), қайта өңдеуді, сақтауды жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, ішкі сауда объектілерінде сонымен қатар карантиндік аумақта және жануарлардың, құстардың аса қауіпті ауруларынан таза емес аумақтарда өзге де нысандағы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың (бұдан әрі – Инспектор) іс-әрекетін анықтайды.

Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын жүргізген кезде жеке кәсіпкерлік субъектісін алдын ала хабардар ету және өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнаулы есеп саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркеу талап етілмейді.

Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарының түріне қарай оның қорытындылары бойынша бұзушылық анықталған жағдайда жеке кәсіпкерлік субъектісін әкімшілік жауаптылық туралы істі қозғамастан, бірақ оған бұзушылықты жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, қорытынды материалдар (анықтама, нұсқама және қорытынды) жасалуы мүмкін.

2. Ветеринариялық-санитариялық бақылауды тексеру нысанында жүргізу Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы», «Ветеринария туралы» заңдары бекіткен тәртіпте жүргізіледі.

3. Инспектор мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық объектілерге (бұдан әрі – бақылау объектісі) бақылау жүргізгенде (инспектирования):

ветеринариялық (ветерианриялық-санитарлық) ережелер және нормалар, тамақ қауіпсіздігі саласындағы заңнамалар;

ветеринария саласы және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз етудің халықаралық ережелері мен нормалары;

тағамның мінездемесін анықтау;

өндіріс технологиясы;

нормативтік құқықтық актімен бекітілген бойынша өнімнен сынама алу тәсілі және зерттеу, өлшем әдістемесі;

шикізат, материалдар және ыдыстардың кіргендігін бақылауды ұйымдастыру;

технологиялық процесстердің барлық сатысында өнімнің өндірістік бақылауын ұйымдастыру;

дезинфекция, дератизация, дезинсекция әдістемелері;

тексеру (инспекция) қорытындысын құжатпен рәсімдеу бойынша білімі болуы керек.

4. Тексеру объектісіне келгеннен кейін инспектор:

қызмет түрі, кәсіпорын сызбасы жоспары, өндірістің технологиялық сызбасына;

өндіріс көлемі және өнімді сатуға;

өндірілген өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өндірістік (мемлекеттік) бақылаудың жүргізілуі және барлығына;

тексеру объектісінің орналасқан әкімшілік аумағының және шикізат аймағының эпизоотиялық тазалығына;

ғимарат аумағының жоспары және тексеру объектісінің технологиялық бөлмелерінің ұсынылған құжатқа сәйкестігіне;

ұсынылған есеп, жүргізілген есептіліктің ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкестігіне қатысты құжаттарды қарап оқуды жүзеге асырады.

 

 

2. Жануарларды және құстарды әзірлеуді (союды) жүзеге

асыратын объектілердегі бақылау

 

5. Жануарларды және құстарды дайындауды (союды) жүзеге асыратын объектілерде Инспектор:

1) шығарылатын өнімдердің қуаттылығы мен ассортиментінің объектінің жобалық параметрлеріне сәйкестігіне;

2) жануарлар және құстар жүретін және түсірілетін дезинфекциялық кедергілердің және өтпелердің жағдайына;

3) ветеринариялық ілеспе құжаттардың дұрыс ресімделуіне және сою пунктіне келіп түскен жануарлардың ондағы көрсетілген түрлері мен сандарына сәйкес келуіне;

4) биологиялық қалдақтардың уақытылы жойылуы немесе утилденуіне;

5) жануарлар және құстарды тасымалдайтын автокөліктердің жағдайына;

6) аумақтың, бөлмелердің, құралдардың, автокөлік құралдарының дезинфекциялауды жүргізуді, дезинсекция және дератизация жүргізуге;

7) тоңазытқыш құралдар және технологиялық саймандар, өндіріс және сақтау қоймаларының сонымен қатар өндіріс объектісінің аумағының ветеринариялық-санитарлық жағдайына;

8) өнімдерді тоңазытқыш камераларына қабылдау кезінде ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуына;

9) келіп түскен жануарлар мен құстарды сою алдындағы тексерудің жүргізілуін;

10) ветеринариялық заңнамада көрсетілген жағдайда жануарларды карантинге қою;

11) жануарларды және құстарды союға немесе санитарлық союға жіберілген қорытындыны;

12) сойылғаннан кейін ұшалар мен органдарды ветеринариялық-санитарлық сараптауға;

13) қосымша зерттеулер (микробиологиялық, паразитологиялық, химико-токсикологиялық, радиологиялық) үшін алынған сынамаларды алуға;

14) ветеринариялық-санитарлық қорытынды бойынша етке таңба басуға;

15) өндіріс объектісінің шығарған жануар тектес тағамдар және шикізаттарға берілген ветеринариялық құжаттарды рәсімдеуге бақылау жүргізеді.

 

 

3. Жануарлардан алынатын өнімдерді және шикізаттарды қайта өңдеуді

 жүргізетін өндіріс объектілеріндегі бақылау

 

6. Жануарлардан алынатын өнімдерді және шикізаттарды қайта өңдеуді жүргізетін өндіріс объектілерінде Инспектор:

1) Қазақстан Республикасының ветеринария, тағам өнімдерінің қауіпсіздігі және техникалық реттеу саласындағы заңнама талаптарының орындалуына;

2) технологиялық процесстердің ағымдылығының сақталуына, шикізат және дайын өнім жолдарының қиылысуына жол берілмеуіне;

3) өндіріс аймағына кіру және шығу кезінде дезинфекциялық тосқауылдардың (қысқы мезгіл уақытында жылытқышы бар) болуына және жағдайына;

4) шикізат келіп түсетін өндіріс объектісінің, соның ішінде импорт бойынша шикізат аймағының эпизоотиялық жағдайына;

5) шикізатқа ветеринариялық ілеспе құжаттардың болуына және олардың дұрыс рәсімделуіне;

6) тазалау құрылымы цех ішіндегі және нөсерлік кәріз жұмысының тиімділігіне, өндірістік ағын суларының зертханалық зерттеулерін жүргізудің жүйелілігіне;

7) ыстық және суық сумен, бу және суықпен қамтамасыз етілуге, ауыз судың сапасына зертханалық бақылау және нәтижелерінің тіркелуіне;

8) техникалық жабдықтардың жағдайына, жануар текті өнімдердің термиялық өңдеу режимдерін бақылауға, будың температурасы мен қысымын бақылау аспаптарының дұрыстығына;

9) жануарлар тектес тағамдардың және шикізаттардың тоңазытқышта сақталу шартына (қалануына, температуралық режимдеріне);

10) өндірістік бөлмелердің, технологиялық жабдықтардың, мүліктің, ыдыстың, дезинфекциясын жүргізу бойынша шараларға, сондай-ақ дезинфекцияның сапасын сипаттайтын зертханалық зерттеу нәтижелеріне;

11) жуу және дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етілуіне және сақталу шартына бақылауды жүзеге асырады.

 

 

4. Ішкі сауда объектілеріндегі бақылау

 

7. Ішкі сауда объектілерінде Инспектор:

1) жануар текті өнімдердің, оның шығу тегін, сапасын және қауіпсіздігін, сондай-ақ ветеринариялық ілеспе құжаттардың фальсификациясын, мөртабан, мөр, таңбаларын куәландырушы ілеспе құжаттарға сәйкестігін;

2) жануарлардан алынатын өнімдерді қабылдау, сақтау және сату кезінде ветеринариялық-санитариялық талаптардың орындалуын;

3) жануарлардан алынатын өнімдерге ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыру тәртібін;

4) үй-жайларға, жабдықтарға, мүккәмәлға дезинфекция, сондай-ақ дезинсекция мен дератизация жүргізу бойынша шараларын;

5) ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша белгіленген нысандағы ветеринариялық құжаттардың берілуін;

6) сапасыз немесе адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті жануарлардан алынатын өнімдерді сатудан алып тастауын;

7) ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) ережелер мен нормаларды бұзушылықты орындау туралы қаулының орындалуына;

8) зооноздық және зооантропоноздық ауруларды қайтарымды ыдыс, тағам қалдықтары, көлік арқылы алдын алу шаралардың жүргізілуін;

9) ветеринариялық-санитарлық лабораториялардың мамандарын жануарлардан алынатын өнімдердің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері және ветеринариялық заңнама негіздері бойынша оқытуын;

10) жануарлар текті өнімдер мен шикізаттарды сатуда техникалық регламентпен бекітілген талаптардың орындалуына бақылау жүргізеді.

 

 

5. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық

бақылауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде

жануарлардан алынатын өнімдерді сақтау және тасымалдау объектілеріндегі бақылау

 

8. Жануарлардан алынатын өнімдерді және шикізаттарды сақтау тасымалдау объектілерінде (уақытша сақтау қоймасы) Инспектор:

1) жануарлардан алынатын өнімдерді сақтау объектілерінде ветеинариялық-санитариялық талаптардың сақталуына;

2) ветеринариялық маман үшін орынның болуы және жабдықталуына;

3) бақылау – өлшеу құралдарымен жабдықталғандығымен жануарлардан алынатын өнімдерді сақтау шарттары мен режимдерінің сақталуына;

4) әр түрлі жануарлардан алынатын өнімдерді (ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері) сақтау үшін жеке тоңазытқыш және мұздатқыш камералардың болуына;

5) азық-түлік шикізаттарының, дайын өнімдердің, тағамдық емес өнімдердің, ыдыстың бірге сақталуына жол бермеуге;

6) дезинфекциялық тосқауылдың болуына және жағдайына;

7) кәріз, сумен жабдықтау, жылытудың болуына және жағдайына;

8) дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізілуіне және сапасына;

9) ветеринария саласындағы уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте есеп жүргізу және есеп беруге;

10) жануарлардан алынған өнімдерді шикізаттарды тасымалдағанда ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуына;

11) қолданыстағы ветеринариялық заңнамаға сәйкес ветеринариялық-санитариялық өңдеуге жататын вагондардың, кемелердің, баржалардың, автокөліктердің рәсімделуіне, жолданылуына, келуіне;

12) арту, тасымалдау және түсіру кезінде жануар текті өнімдердің ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігіне;

13) жануарлар текті тағамдар және шикізаттар тасымалдауға байланысты станция, порт (кемежай), әуежай және басқа да жүк қабылдаушыларға жүргізілген ветеринариялық-санитарлық шаралардың (тазалау, дезинфекция, дезинсекция, және дератизация) жүргізілу сәйкестігіне;

14) жануарларды, жануарлар текті өнімдерді және шикізаттарды тасымалдайтын, тиейтін көлік құралдарының ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады.

 

 

6. Жануарлардың және құстардың аса қауіпті аурулары бойынша таза емес пункттерден және

карантиндік аймақтардағы бақылау

 

9. Жануарлардың және құстардың аса қауіпті ауруларынан таза емес пункттерінде және карантиндік аймақтарда тексеру жүргізгенде Инспектор:

1) жануарлардың жұқпалы ауруларын жоюда, алдын алу бойынша ветеринариялық ережелердің талаптарының сақталуына;

2) жануарлардың және құстардың аса қауіпті ауруларынынан таза емес ошақтарына карантин/ шектеу қою және алу, індет ошағын жоюда карантиндік және шектеу шараларының сақталуына;

3) жануарлардың жұқпалы ауруларының ошағын оқшаулауға бағытталған жою шараларының жүргізілуінің толықтығына;

4) жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошағын жоюды, жануарларды және жануарлар текті тағамдар мен шикізаттарды алып қою сонымен қатар шығынды қайтаруды жүргізуге бақылауды жүзеге асырады.

 

 

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus