Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 3-3/222 бұйрығы

Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 3-3/222 бұйрығы

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 24.05.2013 15:28:40

 

Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 3-3/222 бұйрығы

(2012.25.12. берілген өзгерістермен)

  Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңының 6-бабының 1-тармағының 5-1) тармақшасын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидалары бекітілсін. 2. Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді; 2) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды; 3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.    

Министр

А. Мамытбеков

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2012 жылғы 27 сәуірдегі

№ 3-3/222 бұйрығымен

бекітілген

Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу

 қағидалары

1. Жалпы ережелер

  1. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңының 6-бабының 1-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу тәртібін анықтайды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.25.12. № 3-3/660 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Осы Қағидада келесі негізгі ұғымдар қолданылады: 1) ауыл шаруашылығы жануарлары кепілінің тізілімі – ауыл шаруашылығы жануарларының кепілі және ауыл шаруашылығы жануарларының кепілі туралы келісім-шарттың тараптары туралы ақпаратты есепке алу және сақтау деректер қоры; 2) өтініш беруші – тіркеуші органға кепілді тіркеу туралы өтінім берген жеке немесе заңды тұлға, немесе құзіретін растайтын құжаттары бар олардың өкілдері; 3) тіркеу объектісі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесіне (бұдан әрі – Бірдейлендіру ережесі) сәйкес бірдейлендіруден өткен ауыл шаруашылығы жануары; 4) тіркеуші орган – ауданның (облыстық маңызы бap қаланың) жергілікті атқарушы органы (әкімдігі).

2. Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу тәртібі

  ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.25.12. № 3-3/660 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу үшін өтініш беруші тіркеуші органға: 1) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу туралы өтінішті; 2) жеке тұлғаны растайтын немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың, өкілі үшін – оның құзіретін растайтын құжаттың, сондай-ақ жеке тұлғаны растайтын құжаттың түпнұсқасын және көшірмесін; 3) ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу үшін жиынның бюджетке төлеуін растайтын құжаттарды ұсынады. Өтінішпен бірге ауыл шаруашылығы жануарының ветеринариялық паспортының көшірмесі және кепіл туралы келісім-шарт қоса беріледі, оны тіркеуші орган өтініште көрсетілген деректерді тексерген соң тіркеу туралы белгісін қойып өтініш берушіге қайтарады. 4. Осы Қағиданың 3-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап тіркеуші орган: 1) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылған құжаттарды қабылдағанын растайтын күні, уақыты (сағат, минут) көрсетілген қолхатты өтініш берушіге береді; 2) осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кепілді тіркеу туралы өтініштегі деректерді ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу тізіліміне енгізеді; 3) осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті берген тұлғаға ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу туралы куәлікті береді; 4) қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» заңына сәйкес деректерді хабарлайды. 5. Ауыл шаруашылығы жануарының кепілін тіркеуді жүргізбей тұрып, тіркеуші орган жануар туралы деректерді ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер қорынан Бірдейлендіру ережесіне сәйкес, олардың бірдейлендіруден өткендігін, кепіл берушінің меншігіндегі жануардың шығуы, ұрлануы, сойылуы немесе жануардың өлім-жітімі туралы деректерді тексереді. 6. Тіркеуші орган жануардың кепілі туралы ұсынылған келісім-шартты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабына сәйкестігі, қайта кепілге шектеу қою туралы шарттардың болуына тексереді. 7. Ауыл шаруашылығы жануарлары кепілін тіркеуден бас тартуға мыналар: 1) кепіл туралы келісім-шарттың Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабына сәйкес болмауы; 2) құжаттарды толық ұсынбауы; 3) Бірдейлендіру ережесіне сәйкес бірдейлендірілмеген ауыл шаруашылығы жануарларын кепілге беруі негіз болады. 8. Тіркеуден бас тартқан жағдайда тіркеуші орган өтініш берушіге құжаттарды қабылдаған күннен соң екі жұмыс күні ішінде жазбаша уәжді жауап жолдайды. 9. Ауыл шаруашылығы жануарлары кепілін тіркеуден бас тарту немесе тіркеуден жалтару әрекеттеріне өтініш беруші сот тәртібінде шағымдануы мүмкін. 10. Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу кепілді тіркеу туралы өтініште көрсетілген деректерді ауыл шаруашылығы жануарлары кепілінің тізіліміне енгізу арқылы жүзеге асырылады. 11. Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу: 1) жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкер үшін – салық төлеуші ретінде тіркелген жері бойынша; 2) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны тіркеген жері бойынша жүзеге асырылады. 12. Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу туралы куәлікті беру арқылы құжаттарды қабылдаған күннен соң екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі. 13. Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу туралы куәлікке уәкілетті лауазымды тұлғаның қолы қойылады және тіркеуші органның мөрімен куәландырылады. 14. Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілі кепіл туралы келісім-шарттың тараптарының бірінің талап етуі бойынша тіркеледі.   ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.25.12. № 3-3/660 бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Ауыл шаруашылығы

жануарларының кепілін тіркеу

туралы қағидаларға 1-қосымша

Нысан

________________________________________________________________

тіркеуші органның атауы

№ _______ өтініш

Кепілге қоюшы Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, туған күні және жылы; заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері: __________________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________ жеке тұлға үшін жеке тұлғаны растайтын куәлігі: түрі _________________ сериясы _____________ № ____________________ ______________ күні _______________________________________________________________________________ берілген

(құжатты берген органның атауы)

заңды тұлға үшін заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігі: № ________________ ______________ күні ________________________________________________________________________________ берілген

(құжатты берген органның атауы)

  Пошталық мекен-жайы, телефоны __________________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________   __________________________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ атынан қызмет ететін

(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты)

__________________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________ негізінде

(құзіретін куәландыратын құжаттардың атауы және берілген күні)

  Кепілді ұстаушы Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, туған күні және жылы; заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы: __________________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________ жеке тұлға үшін жеке тұлғаны растайтын куәлігі: түрі _____________ сериясы _____________ № ___________________ ______________ күні ______________________________________________________________________________ берілген

(құжатты берген органның атауы)

заңды тұлға үшін заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігі: № __________________ ______________ күні ______________________________________________________________________________ берілген

(құжатты берген органның атауы)

  Пошталық мекен-жайы, телефоны __________________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________   __________________________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ атынан қызмет ететін

(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты)

__________________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________ негізінде

(құзіретін куәландыратын құжаттардың атауы және берілген күні)

  Ауыл шаруашылығы жануары кепілі келісім-шартын тіркеуді сұраймын __________________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________

(келісім-шарт нөмірі, жасалған күні, келісім-шарт жасалған орны)

  Кепіл нысаны туралы дерек (саны, түрі, жануардың бірдейлендіру нөмірі, кепілге көп мал санын ұсынған жағдайда міндетті түрде барлық малдың бірдейлендіру нөмірі көрсетілетін келісім-шартқа сілтеме жасауға жол беріледі) __________________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________   Мүліктің кепіл құны _________________________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________________ Келісім-шарттың мерзімі __________________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________ Кепілге қойылған мүлік: кепілге қоюшының, кепілде ұстаушының иелігінде қалады (кересізін сызып тастау) __________________________________________________________________________________________________________ Оны қолдану мүмкіндігі: Иә Жоқ (кересізін сызып тастау) Қайта кепіл туралы дерек: Иә Жоқ (кересізін сызып тастау) Өтінішке қоса беремін: 1. жеке тұлғаны растайтын немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың көшірмесін (керексізін сызып тастау) 2. кепілді тіркеу үшін жиынды төлеу туралы төлем құжатының көшірмесін. 3. ауыл шаруашылығы жануарының ветеринариялық паспортының көшірмесін   Өтінішті берген күні: «___» ____________ 20 __ жыл. Өтініш қабылданған күн: «___» ___________ 20 __ жыл. Өтініш берушінің қолы: ____________________________________ Уақыты: _________________ сағат ___________________ минут. Тіркеушінің тегі, аты, әкесінің аты және қолы _____________________________________________________________________

Ауыл шаруашылығы

жануарларының кепілін тіркеу

туралы қағидаларға 2-қосымша

Нысан

________________________________________________________________

тіркеуші органның атауы

Қолхат

  20___ жылғы «___» __________ № ____ өтініш бойынша құжаттарды алдым. Уақыты: _______ сағат ________ минут. 1. Төлем бойынша құжат: түрі ________________________________ № ___________________________________ соммаға 2. _____________________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________________   Мөр орны ——————————————————————————————————————————————- ________________________________________________________________________________________________________ Қабылдадым: ____________________________ Өтініштің орындалу күні: __________________________________________ _________________________________________________________________________________________________________ Тегі, аты, әкесінің аты және қолы 20___ жылғы _______________

Ауыл шаруашылығы

жануарларының кепілін тіркеу

туралы қағидаларға 3-қосымша

Нысан

№ _____ парақ

№ ______ тіркеу ісі

Ауыл шаруашылығы жануарлары кепілінің тізілімі

жазба №

тізілім №

кепіл нысаны

Кепіл ұстаушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, туған күні; заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, тіркеу нөмірі

Кепіл беруші жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, туған күні; заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, тіркеу нөмірі

Кепіл соммасы

Келісім-шарттың қолданылуы

Кепілдің туындауы

Кепілдің аяқталуы

Тіркеушінің ерекше белгілері

Құжаттың атауы және нөмірі, тіркеу нөмірі, тіркеушінің тегі, аты, әкесінің аты және қолы

Күні және уақыты (сағат және минут)

Құжаттың атауы және нөмірі, тіркеу нөмірі, тіркеушінің тегі, аты, әкесінің аты және қолы

Күні және уақыты (сағат және минут)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Тіркеу парағын аяқтау/жалғастыру туралы жазба —————————————————————————————————————————–

Жазбаларды аяқтау/жалғастыру үшін негіз (жалғастыру кезінде)

Ауыстырылған (жабу кезінде) немесе соңғы (жалғастыру кезінде) жазбалар тізімі

Парақ нөмірі

Күні, уақыты (сағат, минут)

Тіркеушінің тегі, аты, әкесінің аты және қолы

1

2

3

4

5

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.25.12. № 3-3/660 бұйрығымен 4-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Ауыл шаруашылығы

жануарларының кепілін тіркеу

туралы қағидаларға 4-қосымша

Нысан

 Ауыл шаруашылығы жануарлары кепілін тіркеу туралы куәлік

20__ жылғы «___» _________ № ____   ____________________________________________________________________ _______________________________________________________________ берілді (кепіл ұстаушының реквизиттері)   Кепіл нысанына:

Тізілім нөмірі

Кепіл нысанын түрі және сипаты

Саны

Кепіл құны

Ескерту

1

2

3

4

5

———————————————————————————————————————————– ———————————————————————————————————————————– қатысты кепіл тіркелгенін растайды Кепіл ұстаушының құқығы _______________________________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________________________

жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, туған күні және жылы/заңды тұлғаның атауы, тіркеу

(қайта тіркеу) куәлігінің нөмірі, орналасқан жері)

кепіл нысанына

_________________________________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________________________

кепіл нысанын сипаттау (жануардың бірдейлендіру нөмірі)

кепіл туралы келісім-шарт негізінде _________________________________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________________________

(келісім-шарт жасасу күні және жері)

_________________________________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________ тіркелген және келесі негізгі (тіркеуші органның атауы, тіркеу күні және нөмірі) шарттарды қамтитын: ______________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________________________ (негізгі міндеттеменің көлемі және орындалу мерзімі және кепілдің өзге шарттары)   Кепіл беруші _____________________________________ құқығы (құқық түрі) _________________________________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________________ расталды

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, туған күні және жылы/заңды тұлғаның атауы, тіркеу

(қайта тіркеу) куәлігінің нөмірі, орналасқан жері)

_________________________________________________________________________________________________________________ Кепіл нысанына құқық беретін құжаттың атауы, қабылдау күні, тіркеу нөмірі және күні _________________________________________________________________________________________________________________   Тіркеуші __________________________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты және қолы)

Тіркеуші органның басшысы _________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты және қолы)

 

Мөр орны

  Ескерту. 1. Ауыл шаруашылығы жануарлары кепілін тіркеу туралы куәліктің реттік нөмірі болуы қажет. 2. Осы куәлік кепілді өтеген кезде тіркеуші органға қайтарылу тиіс.

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus