Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Астықты қайта өңдеу және нан пісіру ұйымдары арасындағы мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан жасалған ұнды өткізу шартының үлгі нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 198 Бұйрығы

Астықты қайта өңдеу және нан пісіру ұйымдары арасындағы мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан жасалған ұнды өткізу шартының үлгі нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 198 Бұйрығы

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 24.05.2013 16:35:55

 

Астықты қайта өңдеу және нан пісіру ұйымдары арасындағы мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан жасалған ұнды өткізу шартының үлгі нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 198 Бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері жөнінде толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген астықты қайта өңдеу және нан пісіру ұйымдары арасындағы мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан жасалған ұнды өткізу шартының үлгі нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

А. Күрішбаев

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2010 жылғы 26 наурыздағы

№ 198 бұйрығымен бекітілген

Үлгі нысаны

Астықты қайта өңдеу және нан пісіру ұйымдары арасындағы мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік

тұрақтындару астық ресурстарынан жасалған ұнды өткізу шарты

___________ қ.

____ жыл «___» _________

 

Бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын _____________________________________________________________________________________

____________ негізінде қызмет жасайтын астықты қайта өңдеуші ұйым ___________________________ тұлғасында бір жағынан және, бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын _______________ негізінде іс-әрекет ететін __________________________ нан пісіруші ұйым ___________________ тұлғасында екінші жағынан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатын, осы Мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан өндірілген ұнды астықты қайта өңдеу және нан пісіру ұйымдары арасында сату шартын (бұдан әрі – Шарт) мына төмендегі туралы жасасты

 

1. Шарттың мәні

 

1.1. Осы Шартқа сәйкес Сатушы жеткізеді, ал Сатып алушы мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан өндірілген ұнды (бұдан әрі – Тауар) мынадай сапалық көрсеткіштермен қабылдайды:

_________________________________________________________, ____________________________________________________________

_________________________________________________________, ____________________________________________________________

_________________________________________________________, ____________________________________________________________

_________________________________________________________, ____________________________________________________________

Басқа сапалық көрсеткіштер _ класс ұны үшін ______ ҚР СТ бекітілген нормалар шегінде.

1.2. Тауарды жеткізу мерзімі – Сатушымен осы Шарттың 2.3-тармағы орындалған сәттен ___(______) жұмыс күн ішінде.

 

2. Тауардың бағасы, Шарттың жалпы сомасы және есептесу тәртібі

 

2.1. Осы Шарттың 1.1-тармағына сәйкес сапалық көрсеткіштермен Тауардың бір тоннасының бағасы ҚҚС қоса ____________ (_____________) теңгені құрайды. Баға өзгертілуге жатпайды және осы Шарттың барлық әрекет жасау кезеңінде өзгеріссіз қалады.

2.2. Шарттың жалпы сомасы ҚҚС қоса _________ (_____________) теңгені құрайды.

2.3. Тауарға төлем теңгемен жүргізіледі және Сатып алушымен осы Шартты жасасқан кезден ___(________) банктік күн ішінде осы Шарттың 8-тарауында көрсетілген Сатушы есебіне жалпы құнын төлеу жолымен жүзеге асырылады.

2.4. Жеткізілетін тауардың көлемі ________ тоннаны құрайды.

 

3. Тараптардың міндеттері

 

3.1. Сатушы міндеттенеді:

3.1.1. осы Шарттың 1-тарауына сәйкес мерзімде және сапа, көлемі бойынша Тауарды жеткізуге;

3.1.2. Сатып алушыға құқықты беру сәтіне дейін Тауарды сақтау бойынша шығындарды төлеуге;

3.2. Сатып алушы міндеттенеді:

3.2.1. Тауарды ________ облысы (астана, республикалық маңызы бар қала) аумағында сатылатын нан өнімдерін өндіру үшін пайдалануға;

3.2.2. осы Шарттың 2.3-тармағына сәйкес жеткізіп берілген Тауарға төлем жүргізуге;

3.2.3. облыстың (астана, республикалық маңызы бар қала) жергілікті атқарушы органына растайтын құжаттар қосып, Тауардың мақсатты пайдаланылғаны туралы мәлімет ұсынуға.

 

4. Тараптардың жауапкершілігі

 

4.1. Сатып алушымен осы Шарттың 2.3-тармағында көзделген міндеттемелер бұзылған жағдайда, Сатып алушы Сатушыға тараптармен белгіленетін көлемінде айыппұл төлейді.

 

5. Форс-мажорлық жағдайлар

 

5.1. Осы Шарт мақсаты үшін «форс-мажор» Тараптардың бақылауына бағынышты емес, осы немесе басқа Тараптың қате есептеуі немесе ұқыпсыздығымен байланысты емес және күтпеген сипаты бар оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғаларға әскери қимыл, табиғи немесе зілзала апаттары, эпидемия, карантин, тауарды жеткізуге эмбарго кіреді, бірақ олардың әрекетімен шектелмейді.

5.2. Шарт бойынша міндеттерін орындауға мүмкіншілігі болмаған Тарап басқа Тарапқа бұл туралы тез арада хабарлауға міндетті.

5.3. Сатып алушының ақша міндеттемелері бойынша форс-мажордың Шарты, осы Шарттың шартына жарамайды.

 

6. Дауларды қарастыру

 

6.1. Осы Шарттан туындауы мүмкін барлық даулар мен келіспеушілік мүмкіншілігінше Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешілетін болады.

6.2. Егер Тараптар туындаған келіспеушілікке ерікті түрде реттеуге келмесе олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот органдарында шешілетін болады.

 

7. Басқа шарттар

 

7.1. Осы шарт екі жақпен оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және ол бойынша Тараптар осы өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін әрекет етеді.

7.2. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар дұрыс, егер олар жазбаша түрде жасалған және екі Тараппен қол қойылған болса.

7.3. Тараптардың әрқайсысы азаматтық заңнамамен қарастырылған жағдайларда бір бағыттық тәртіппен Шартты орындаудан бас тартуға құқылы.

7.4. Осы Шарт мемлекеттік және орыс тілінде бірдей заң күші бар екі данада, әр Тарап үшін бір данадан құрылған.

 

8. Тараптардың деректемелері мен қолдары

 

САТЫП АЛУШЫ

САТУШЫ

 

 

 

 

 

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus