Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 119 бұйрығы

Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 119 бұйрығы

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 24.05.2013 17:19:53

 

Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 119 бұйрығы

(2012.23.11. берілген өзгерістермен)

 

«Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу мәселелері жөніндегі республикалық комиссиясының құрамы бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу мәселелері жөніндегі республикалық комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 739 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы бұйрықтың орындалысын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі А.Қ. Евниевке жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр м.а.

М. Оразаев

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2010 жылғы 25 ақпандағы № 119

бұйрығымен

бекітілген

 

Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу мәселелері жөніндегі

республикалық комиссия туралы

ереже

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ереже (одан әрі – Ереже) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу мәселелері жөніндегі республикалық комиссиясының құрылуын және қызмет тәртібін анықтайды (одан әрі – Комиссия).

2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты және оның ғылыми қамтамасыз етілуін іске асыруды, тұқым шаруашылығына қатысушылардың қызметін үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2) жұмысшы орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы.

3. Комиссияның уәкілетті органның жанында кеңесші дауысы бар және өз қызметін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне және осы ережеге сәйкес іске асырады.

4. Комиссия әрі қарай сынақ жүргізуді тоқтатуды немесе құнды шаруашылық белгілер кешені бойынша сортты пайдалануға рұқсат беруді негіздей отырып, қорытындыны қарайды.

 

2. Комиссия мүшелерінің құқықтары

5. Комиссия мүшелері:

1) Комиссия материалдарын қарауға;

2) Комиссия отырысына енгізілетін материалдарды талқылауға қатысуға;

3) қарауға тапсырылған материалдарды қайта пысықтауға қайтаруға;

4) Комиссия отырысына қажет кезінде өсімдік шаруашылығы, селекция және тұқым шаруашылығы саласындағы мамандарды қатыстыруға (дауыс құқығымен);

5) Комиссия отырысына селекциялық жетістіктің авторларын, өтінім берушілерді немесе қаралатын мәселелерге қатысы бар олардың уәкілдерін шақыруға құқылы.

 

 

3. Комиссияны құру тәртібі

6. Комиссия уәкілетті органның өкілдерінен сол сияқты ғылыми мекемелердің, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен (келісім бойынша) құрылады.

7. Комиссия құрамы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Комиссияның төрағасы болады.

Комиссия төрағасы болмаған кезде оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары атқарады.

8. Комиссияның жұмысшы органы:

1) Комиссияның отырыстары арасындағы мерзімде оның жұмысын ұйымдастырады;

2) Комиссия отырысына енгізілетін ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу мәселелері жөніндегі материалдарды дайындауды жүзеге асырады;

3) Комиссия отырысының қорытындысы бойынша хаттаманы дайындауды және қол қойғызуды қамтамасыз етеді.

9. Комиссия төрағасы Комиссияның жұмысын басқаруды іске асырады, Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін бекітеді.

10. Комиссияның шешімі хаттама түрінде рәсімделеді және ұсыныс сипатында болады.

11. Комиссия отырысы жылына төрт рет Комиссия төрағасымен бекітілген Комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011.07.02. № 06-2/57 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2011.09.11. № 06-2/646 бұйрығымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді; ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.23.11. № 4-2/592 бұйрығымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2010 жылғы 25 ақпандағы № 119

бұйрығымен

бекітілген

Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу мәселелері жөніндегі
республикалық комиссияның құрамы

Өмірияев

Мүслім Таирұлы

 

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, комиссия төрағасы;

 

Буць

Анна Александровна

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаментінің директоры, комиссия төрағасының орынбасары;

 

Абсаттарова

Айымгүл Мырзалықызы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» мемлекеттік мекемесінің техникалық дақылдар бойынша бас агроном, комиссия хатшысы;

 

Қарсыбаев

Жанбол Темірханұлы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаменті Тұқым шаруашылығы және сорт сынау басқармасы бастығының м.а.;

 

Ажғалиев

Талғат Булатұлы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің төрағасы (келісім бойынша);

 

Қыпшақбаева

Гүлден Амангелдіқызы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» мемлекеттік мекемесінің бас фитопатологы (келісім бойынша);

 

Евниев

Арман Қайратұлы

«Қазақстандық агроөнеркәсіп кешендегі іскерлік қауым» Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бірлестігі басқармасының төрағасы, «Мажико» басқарушы холдингі» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бас директоры (келісім бойынша);

 

Жұмаханова

Айжан Жомартқызы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» мемлекеттік мекемесі республикалық зертханасының директоры (келісім бойынша);

 

Алимғазинова

Баян Шурумбайқызы

«ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы Егіншілік, өсімдік шаруашылығы және механизацияны ғылыми қамтамасыздандыру департаментінің директоры, (келісім бойынша)

 

Айтбаев

Теміржан Ерқасұлы

«ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы «Қазақ картоп шаруашылығы және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша);

 

Двуреченский

Валентин Иванович

«ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы «Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша);

 

Кененбаев

Серік Барменбекұлы

«ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша);

 

Қасқарбаев

Жексенбай Айтөшұлы

«ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша);

 

Исмаилов

Беркін Әзімханұлы

«ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы «Қазақ мал және мал азық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал азық селекциясы бөлімін басқарушы (келісім бойынша);

 

Нұртазина

Наталья Юрьевна

«ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы «Қазақ жеміс шаруашылығы және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жеміс-жидек дақылдарының селекциясы және сортық сынақтан өткізу бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша);

 

Цыганкова

Марина Юрьевна

«Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің селекция және тұқым шаруашылығы бөлімінің аға ғылыми қызметкері (келісім бойынша);

 

Альбиев

Қайрат Төлегенұлы

«Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ассоциациясы» заңды тұлғалар қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша);

 

Бойко

Алексей Трофимович

 

«VITA» акционерлік қоғамының бас агрономы» (келісім бойынша);

 

Жапарқұл

Тасқын Тұрғанғазыұлы

 

«Ернар» элита өсіру тұқым шаруашылығының басшысы (келісім бойынша);

 

Рафальский

Павел Брониславович

«Степноишим тәжірибе станциясы» жауапкершілігі жектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша);

 

Томашенко

Александр Петрович

«ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы «Шығыс-Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша).

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus