Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеу жүргізу ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 08-3/534 бұйрығы

Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеу жүргізу ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 08-3/534 бұйрығы

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 24.05.2013 18:42:46

 

Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеу жүргізу ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 08-3/534 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 8 бабы 46) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қосымша берілген Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеу жүргізу ережелері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Тоқсеитова Р.Ә.) осы бұйрықтың заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2011 жылғы 22 қыркүйектегі

№ 08-3/534 бұйрығымен

бекітілген

Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеу жүргізу

ережелері

1. Негізгі ережелер

 

1. Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеу жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы «Лицензиялау туралы» Заңымен белгіленген қызметті қоспағанда, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 8-бабы 46)-тармақшасына сәйкес ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарына тіркеу жүргізу тәртібін, айқындайды.

2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) мамандар – ветеринария мамандығы бойынша жоғары, орта оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіби білімі бар тұлғалар;

2) тізілім – ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мамандар туралы мәліметті және олардың тіркеу нөмірін қамтитын ЖАО бөлімшелерінің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Тізілім).

3. Ветеринария мамандарын тіркеу республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелерімен (бұдан әрі – ЖАО бөлімшелері) ақысыз мерзімсіз негізде жүргізіледі.

 

 

2. Тіркеу жүргізу тәртібі

 

4. Тіркеуге ветеринария саласындағы лицензиялауға жатпайтын жеке және заңды тұлғалармен жүзеге асырылатын келесі кәсіпкерлік қызмет түрлері кіреді:

1) ветеринариялық емдеу-профилактикалау;

2) ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы атрибуттардың бұйымдарын өткізу;

3) дезинфекция, дезинсекция, деразитация, дегельминтизация, жүргізу.

5. Тіркелген мамандар туралы мәлімет ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті іске асыратын мамандар Тізіліміне осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысанда енгізіледі.

6. Тізілім:

1) маманның тіркеу нөмірін, күнін (реттік нөмір);

2) маманның аты-жөнін, жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН);

3) заңды тұлғаның толық атауын, бизнес-сәйкестендіру нөмірін (БСН);

4) ветеринариялық қызметті жүзеге асыратын орнын;

5) көрсетілетін қызмет түрлерін;

6) мамандардың саны және білімі туралы мәліметтерді қамтиды.

7. Тіркеу рәсімі:

осы Қағиданың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және тексеруді;

Тізілімге жазба енгізуді;

маманды енгізілгені/енгізілмегені туралы хабардар етуді қамтиды.

8. Тіркеу осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша маманның тікелей немесе пошта (электрондық) арқылы ұсынған өтінішінің негізінде жүргізіледі, мынадай құжаттарды қосып:

Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

маманның білімі туралы дипломның көшірмелері;

заңды тұлғалардың құрылтайшысы болып табылатын мамандар үшін заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.

Нотариалды расталмаған құжаттардың көшірмелері түпнұсқасын көрсетіп ұсынылады.

9. Маманға немесе оның өкіліне құжаттарды дербес ұсынғанда қабылдау және орындау күні көрсетілген осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес талон беріледі.

10. ЖАО бөлімшесі, өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күннен кешікпей, тіркеуді жүзеге асырады және маманға Тізілімге енгізілгені /енгізілмегені туралы хабарлама жолдайды.

Тіркелген мамандар туралы мәліметті жоғары тұрған ЖАО бөлімшесіне және уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне ұсынады.

11. Маман ЖАО бөлімшесін:

бес күнтізбелік күннің ішінде – осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген құжаттардағы мәліметтер өзгерген жағдайда;

үш күнтізбелік күннің ішінде – басқа аумақта ветеринариялық қызметпен айналысар алдында хабардар етеді.

12. Маманды Тізілімнен алып тастау үшін мыналар негіз болып табылады:

маманның кәсіпкер ретінде ветеринариялық қызметті тоқтату туралы өтініші;

маманның кәсіпкерлік қызметін тоқтату туралы соттың шешімі.

Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті

жүзеге асыратын ветеринария мамандарын

тіркеу жүргізу қағидасына

1-қосымша

Нысан

Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті іске асыратын мамандар

тізілімі

Реттік №, күні (тіркеу нөмірі)

Маманның аты-жөні, ЖСН

Заңды тұлғаның толық атауы, БСН

Ветеринариялық қызметті жүзеге асыратын орны

Көрсетілетін қызмет түрлері

Маманның саны және білімі туралы тағы басқа мәлімет

1

2

3

4

5

6

           

Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті

жүзеге асыратын ветеринария мамандарын

тіркеу жүргізу қағидасына

2-қосымша

Формасы

ЖАО___________________________________________________

______________________________________________________

(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын

куәләндыратын құжаттың нөмірі, ЖСН)

мекен-жайы: ________________

___________________________________________

Өтініш

 

Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария маманы ретінде тіркеуді өтінемін.

Қызмет түрлері:_________________________________________________________________________________________________________

Келесі құжаттарды қоса беріп отырмын:

Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі:_____________________________________________

білім туралы дипломның көшірмесі:

_______________________________________________________________________________________________________________________

заңды тұлғалардың құрылтайшысы болып табылатын мамандар үшін заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі:__________________

маманның саны:_________________________________________________________________________________________________________

Жалған мәлімет және дұрыс емес құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілдім. Мен ұсынған мәліметтері мен құжаттардың тексерілуіне қарсы емеспін.

Қызмет жүзеге асырылатын орын:__________________________________________________________________________________________

________________________________ 20___ жыл __________________________________________

(өтініш берушінің қолы)

Қосымша: ________ бетте. Құжаттар қабылданды________ 20 __ жыл

_______________________________________________________

(құжат қабылдаған тұлғаның қолы)

Өтініш берушінің тіркеу № ______________________________________________

—————————————————————————————————————————————————————

(жырту сызығы)

Талон

Өтініш берушінің тіркеу №_______________

Азаматтың өтініші және құжаттары________________________________________________________________________________________

Қабылдадым ________________ _________________________________________ ___________ 20____ жыл_______________

(қолы)                                     (қолдың талдауы)

Құжаттар саны _______________ дана _________ парақ

Орындалу мерзімі _______________________________20____жыл

 

 

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus