Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу бойынша міндеттемелердің астық экспорттаушымен орындалуын растау нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 21 қаңтардағы № 32 бұйрығы

Мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу бойынша міндеттемелердің астық экспорттаушымен орындалуын растау нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 21 қаңтардағы № 32 бұйрығы

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 24.05.2013 16:37:02

 

Мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу бойынша міндеттемелердің астық экспорттаушымен орындалуын растау нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 21 қаңтардағы № 32 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу бойынша міндеттемелердің астық экспорттаушымен орындалуы туралы қоса беріліп отырған растау нысаны бекітілсін.

2. Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты бекітілген заңнамалық тәртіппен тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

А. Күрішбаев

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2010 жылғы 21 қаңтардағы

№ 32 бұйрығымен бекітілген

Нысан

Мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу бойынша міндеттеменің астық экспорттаушымен

 орындалуын растау

 

20__ жылғы «__» _____________

 

«Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-3-бабымен көзделген мемлекеттік ресурстарға астық жеткізу бойынша міндеттеменің

____________________________________________________________________

астық экспортаушының атауы және заңды мекен-жайы

агентпен 20__ жылғы «__» ___________ мемлекеттік ресрурстарға астықты жеткізу келісімін жасау арқылы орындалғанын және мемлекеттік ресурстарға ________________________________________________________

цифрмен және жазбаша

тонна астық жеткізілгенін растаймыз.

 

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы»

ұлттық компаниясы» акционерлік

қоғамының Басқарма төрағасы        _________________________________

қолы, Т.А.Ә.

 

М.о.

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрілігінің

Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік

инспекциясы комитетінің төрағасы   _________________________________

қолы, Т.А.Ә.

 

М.о.

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus