Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығы

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығы

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 24.05.2013 18:41:16

 

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығы

(2012.02.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012.02.03. № 18-02/85 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 8-бабының 39) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012.02.03. № 18-02/85 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Ұсынылып отырған, Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасы бекітілсін.

2. Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Р.Ә. Тоқсеитова) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

А. Күрішбаев

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012.02.03. № 18-02/85 бұйрығымен бүкіл мәтінде мемлекеттік тілдегі «Ереже» сөзі «Қағида» сөзімен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2010 жылғы 2 маусымдағы

№ 367 бұйрығымен бекітілген

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012.02.03. № 18-02/85 бұйрығымен атауы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасы

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012.02.03. № 18-02/85 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы, Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасы (одан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 8-бабының 39) тармақшасына сәйкес дайындалған және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру (одан әрі – Деректер базасы) тәртібін белгілейді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012.02.03. № 18-02/85 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Осы Қағидада келесі ұғымдар қолданылады:

1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасы – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануарлардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің біріңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін ветеринариялық есептің бөлігі;

2) топтастыру – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі мағлұматтарды жинақтау, біріктіру және орталықтандырылған сақтау;

3) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ветеринария саласында басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

4) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ведомствасы (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствасы) – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның комитеті;

4-1) ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме – мал иелерінің талап етуі бойынша тиісті аумақтық-әкімшілік бірлікте ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан алатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралардың мерзімдері мен сипаты туралы мәліметтер;

5) ветеринариялық бөлімше – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері.

3. Деректер базасынның жұмыс істеуі «Е-Agriculture» Агроөнеркәсіп кешеніннің салаларының біріңғай автоматтандырылған басқару жүйесі аясында жүзеге асырылады.

4. Деректер базасы арналған:

1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру біріңғай принциптерін қамтамасыз ету және оларды мемлекеттік есепке алу үшін;

2) жануарлардың республика ішінде орнын ауыстыру, және оларды экспорттағанда және импорттағанда біріңғай автоматтандырылған бақылау жүйесін құру үшін;

3) эпизоотияға қарсы, ветеринариялық алдын алу шараларының нақтылығын қамтамасыз ету үшін;

4) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық күйін, сапасы мен шыққан жерін бақылауды нығайту үшін;

5) жануарлар туралы мемлекеттік органдарды ақпаратпен қамтамасыз ету үшін;

6) мал шаруашылығының өнімдерінің нарығын басқару және болжау үшін, жануарлар саны туралы ақпаратты алу: мал басы, жынысы, жасы, тек тәнділігі және орналасқан мекені;

7) мал шаруашылығында селекциялық бағдарламалар және технологиялық жүйесін жетілдіру жүйесін оңтайландыру үшін.

5. Деректер базасы электронды түрде жүргізіледі. Деректер базасын жүргізу рұқсат етілмеген іс-қимылдар мүмкіндігін қақпайлауды қамтамасыз ететін жағдайда іске асырылады.

6. Деректер базасына ену мүмкіндігі уәкілетті органның келісуімен Қазақстан Республикасы ақпараттандыру заңнамасымен белгіленген тәртіпте беріледі.

7. Уәкілетті орган:

1) деректер базасын өз жұмысында, жинақтауды, деректерді талдау, оларды сақтауды қосқанда, қолданады;

2) деректер базасының бағдарламалық құралдарын жетілдіреді;

3) деректер базасын жүргізудің ұйымдастыру және әдістемелік принциптерін әзірлейді және жетілдіреді.

8. Уәкілеттік органның, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын ведомствосы деректер базасын жануарлардың орнын ауыстыру, жануарлар иелерінің бірдейлендіру нөмірлерін берілуін және қолданылуын, деректер базасының мағлұматының толықтығын және нақтылығын қадағалау мақсатында қолданады.

 

 

2. Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу тәртібі

 

9. Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жануарлар иесі жөнінде және бірдейлендірілген жануарлар туралы мағлұматтарды, және де оларға өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асады.

10. Деректер базасын қалыптастыруға және жүргізуге мыналар енгізіледі:

1) жануарлар иесі жөнінде мағлұматтар енгізу:

шаруашылық жүргізуші субъект (заңды тұлғалар) үшін: шаруашылық жүргізуші субъектінің атауы, оның орналасқан мекені, заңды тұлғаның тіркелген мекен-жайы, кәсіпорынның есептік нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН);

жеке тұлғалар үшін: тегі, аты, әкесінің аты, ұдайы тұратын жерінің мекен-жайы, есептік нөмірі (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН);

2) бірдейлендірген жануарлар жөнінде мағлұматтар енгізу:

жануарлардың бірдейлендіру нөмірі, тектік және желілік тәнділігі;

аты (болған жағдайда);

жынысы;

шығу тегі туралы мағлұмат;

туу туралы деректер;

қырылу (өлім-жітім) туралы деректер: қырылу (өлім-жітім) анықталған фактісінің күні, қырылудың (өлім-жітімнің) себебі;

сойылуы, сатылуы, алынып жойылуы, жоғалуы туралы деректер: сойылған, сатылған, алынып жойылған күні, сойған немесе жойған кәсіпорыннын аталуы (жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН), тіркелген мекен-жайы, кәсіпорынның есептік нөмірі, БСН, сатылғанда – елді мекеннің аталуы;

3) жануарлардың орнын ауыстыру жөнінде мағлұматтарды енгізу:

орнын ауыстырудың күні мен себебі;

кеткен және/немесе жіберілген және келген жануар иесі туралы деректер, шаруашылық жүргізуші субъект (заңды тұлғалар) үшін: шаруашылық жүргізуші субъектінің аталуы, оның орналасқан мекені, заңды тұлғаның тіркелген мекен-жайы, кәсіпорынның есептік нөмірі, БСН; жеке тұлғалар үшін: тегі, аты, әкесінің аты, ұдайы тұратын жерінің мекен-жайы, есептік нөмірі (болған жағдайда), ЖСН, жануарларды импортағанда немесе экспортағанда елдің (әкімшілік аумақтың) аты;

4) жануарлардың денсаулығы, ветеринариялық алдын алу, емдеу шараларының және диагностикалық зерттеулер туралы мағлұматты енгізу;

5) деректер базасындағы мағлұматтарды жаңарту (ветеринариялық шаралар, жануарлардың туылуы, қолдану, иемдену құқығын беру, сатып алу, сату және ұрлану, сою немесе қырылу процестерінде жүзеге асырылады).

11. Ветеринариялық бөлімшелердің ветеринариялық дәрігерлері деректер базасы жаңартылған жағдайда тиісті әкімшілік-аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына хабарлайды.

12. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің ветеринариялық бөлімшесінің ветеринариялық дәрігерлері ведомосттың негізінде, осы Қағиданың 10-тармағында көрсетілген мағлұматтарды деректер базасына енгізеді және ауыл шараушылығы жануарларын бірдейлендіру туралы деректерді интернет-байланыс арқылы күнделікті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардының бөлімшесіне жіберілуін жүзеге асырады.

13. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ветеринариялық бөлімшесінің ветеринариялық дәрігерлері ведомосттың негізінде, осы Қағиданың 10-тармағында көрсетілген мағлұматтарды енгізеді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру туралы деректерді интернет-байланыс арқылы күнделікті уәкілетті органға жіберілуін жүзеге асырады.

14. Ауыл шараушылығы жануарларын бірдейлендіру туралы деректерді интернет-байланыс болмаған немесе жіберуге кедергі болатын басқа жайлар болған жағдайда, ветеринариялық бөлімшенің ветеринариялық дәрігері енгізілген деректерді қолда бар алмалы-салмалы ақпаратты тасымалдаушыға түсіреді және мәліметті жоғары тұрған органға жіберілуін қамтамасыз етеді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012.02.03. № 18-02/85 бұйрығымен 15-тармақпен толықтырылды

15. Мал иесінің талабы бойынша еркін түрдегі жазбаша өтініші тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде тиісті аумақтық-әкімшілік бірлікте ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме шығарып береді. Дерекқордан алатын аталған үзінді көшірме бір данада басылып шығарылады.

Ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірменің формасы, осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес ұйымның мөрімен, ветеринариялық дәрігердің лауазымының атауы көрсетіліп, қолымен расталады.

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012.02.03. № 18-02/85 бұйрығымен 1-қосымшамен толықтырылды

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы Министрінің

2010 жылғы 2 маусымдағы

№ 367 бұйрығына қосымша

Үлгі

Ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме/

Выписка из базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных

 

Ветеринариялық паспорттың нөмірі / Номер ветеринарного паспорта:

__________________________________________________________________________________________________________________

Жануар туралы деректер / Данные о животном:

Түрі / Вид _________________________________________________________________________________________________________

Жынысы / Пол _____________________________________________________________________________________________________

Малдың тұқымы / Порода ___________________________________________________________________________________________

Аты / Кличка ______________________________________________________________________________________________________

Жасы / Возраст ____________________________________________________________________________________________________

Бірдейлендіру әдісі / Метод идентификации Биркование (БР)

*Егер асыл тұқымды жануар болса / если племенное животное

Тұқым қанының деңгейі / Кровность _________________________________________________________________________________

Тұқым класы / Класс породы ________________________________________________________________________________________

Малдың тегі туралы деректер / Данные о родителях ____________________________________________________________________

Сведения о владельце/Иесі туралы деректер:

 

Ауыл шаруашылығы жануарлары тиесілі иесінің Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы/Ф.И.О. владельца или наименование юридического лица, которому принадлежит сельскохозяйственные животные

Ауыл шаруашылығы жануарларының иесі

ауыстырылған күн/Дата смены владельца сельскохозяйственных животных

Есепке қою себебі/Причина постановки на учет

Есептен шығару себебі/Причина выбытия

Ауыл шаруашылығы жануарлары иесінің ауыстырылуын растайтын мемветсанинспектордың қолы мен мөрі/Подпись и печать госветсанинспектора, подтверждающего смену владельца сельскохозяйственных животны

 

Ауыл шаруашылығы жануарларының тиісті ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың (егу, өңдеу, манипуляциялар немесе диагностикалық тесттер*) атауы / Наименование ветеринарных мероприятий (прививки, обработки, манипуляции или диагностические тесты*) по соответствующему заболеванию сельскохозяйственных животных

1. Профилактикалық іс-шаралар

Іс-шаралар – ЕГУ (ВАКЦИНАЦИЯ)

 

Иммунизацияның түрі

Аурулардың атауы

Аурулар коды

Иммунизация күні

Аурудың нәтижесі

         

 

2. Диагностикалық зерттеулер

Зерттеулер – СЕРОЛОГИЯЛЫҚ

 

Аурулардың атауы

Аурулар коды

Зерттеу жүргізілген күні

Зертеу нәтижесі

       

 

Берілген күні/ Дата выдачи:

М.О./М.П.

(Үзінді көшірмесін берген

жергілікті атқарушы органның

мөрі / печать местного исполнительного

органа, выдавшего выписку) _____________________________________________________

(Т.А.Ә., қолы / Ф.И.О., подпись

 

 

 

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus