Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқым өндірудің және элиталық тұқым сатудың жыл сайынғы квоталарын белгілеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 24 ақпандағы № 111 Бұйрығы

Аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқым өндірудің және элиталық тұқым сатудың жыл сайынғы квоталарын белгілеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 24 ақпандағы № 111 Бұйрығы

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 24.05.2013 17:22:04

 

Аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқым өндірудің және элиталық тұқым сатудың жыл сайынғы квоталарын белгілеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 24 ақпандағы № 111 Бұйрығы

  Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқым өндірудің және элиталық тұқым сатудың жыл сайынғы квоталарын белгілеу ережесі бекітілсін. 2. Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.    

Министрдің м.а.

М. Оразаев

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2010 жылғы 24 ақпандағы № 111

бұйрығымен бекітілген

Аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқым өндірудің және элиталық тұқым сатудың жыл сайынғы квоталарын белгілеу ережесі

1. Жалпы ережелер

  1. Осы аттестатталған тұқым шаруашылығының субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқым өндірудің және элиталық тұқым сатудың жыл сайынғы квоталарын белгілеудің ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы «Тұқым шаруашылығы туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 7-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және аттестатталған тұқым өндірушілер мен тұқым тұтынушыларға тұқым шаруашылығын субсидиялау республикалық бюджеттік бағдарламаның аясында ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің көбейту питомниктерінің тұқымдарын, ата-аналық түрлерін өндіруге және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық және суперэлиталық тұқымдарын және бірінші ұрпақтағы будандарды сатып алуға квота белгілеу тәртібін анықтайды. 2. Ереже, Заңда көрсетілген тұқым шаруашылығын қолдауға облыстық бюджеттерден Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайынғы қаулысымен бекітілетін Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі аясында әрекет жасайды (бұдан әрі – Тұқым шаруашылығын қолдауға ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі).

2. Бірегей және элиталық тұқымдарға квоталар белгілеу механизмі

  3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – ауданның жергілікті атқарушы органы) тиісті жылдың 10 қыркүйегіне дейінгі мерзімде тиісті ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен, аттестатталған тұқым өндірушілерді қосып, тиісті аймақта сатып алу көлемін көрсетумен пайдалануға рұқсат етілген және ең үлкен сұранысқа ие ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының суперэлиталық және элиталық тұқымдарын сатып алуға және көбейту питомниктерінің тұқымдарын, аналық түрлерін келесі жылы өндіруге жазбаша өтінім жинауды жүзеге асырады. Аудан бойынша тұқым өндіру мен сатып алуға аудан әкімінің қол қоюымен өтінім жыл сайын 15 қазанға дейінгі мерзімде облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органына (облыстық маңызы бар қалалар, астана) ұсынылады (бұдан әрі – облыстың жергілікті атқарушы органы). 4. Облыстың жергілікті атқарушы органы аттестатталған тұқым өндірушілер мәлімдеген бірегей және элиталық тұқымдарды өндіру, сату және сатып алу көлемінің және тұқым тұтынушылармен мәлімделген тұқым сатып алу көлемінің әрбір сорт бойынша негізделген және тұқым шаруашылығы сызбасына сәйкестігін тексереді. Облыс бойынша ұйғарылып отырған егіс алқаптарының құрылымына, егіс алаңына элиталық тұқым қажеттілігінің ғылыми-негізделген нормаларына, аудандар бойынша тұқымдарды сатып алуға арналған өтінімдерге сүйене отырып облыстың жергілікті атқарушы органы ауыл шаруашылық өсімдіктерінің түрін, сортын және репродукциясын көрсете отырып, тұқым өндірушілер бойынша көбейту питомниктерінің тұқымын, ата-аналық түрлерін өндіруге және облыс бойынша суперэлиталық және элиталық тұқымдарды сатып алуға өтінім құрастырады. Көрсетілген өтінімге облыстан тыс жерлерден сатып алынатын тұқымдар кіргізіледі. 5. Облыс бойынша өтінім облыстың жергілікті атқарушы органымен расталады және тиісті жылдың 1 желтоқсанына дейінгі мерзімде әрбір бірегей тұқым өндіруші бойынша көбейту питомниктерінің тұқымын, ата-аналық түрлерін өндіру және облыстар бойынша ауылшаруашылығы өсімдіктерінің түрлері бойынша суперэлиталық және элиталық тұқымдарды сатып алу квоталарын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілетті құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – Департамент) тапсырылады. 6. Департамент тиісті жылдың 30 желтоқсанына дейінгі мерзімде облыстар бойынша ұйғарылып отырған егіс алқаптарының құрылымына, сорт жаңарту мен сорт алмастырудың ғылыми-негізделген нормаларына, тиісті жылға республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы қаражатының шегінде облыстар бойынша жиынтық өтінімдерге сүйене отырып: әрбір аттестатталған тұқым өндіруші бойынша облыстар бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің түрлері бойынша көбейту питомниктерінің тұқымын, ата-аналық түрлерін өндіру; облыстар бойынша ауыл шаруашылық өсімдіктерінің түрлері бойынша суперэлиталық және элиталық тұқымдарды сатып алу квотасын есептеуді жүргізеді. Егер квота белгілеу өтінімдері бюджеттік қаражаттан бөлінген сомадан асып кетсе, онда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтінімінде көрсетілген тұқым көлеміне әрбір бірегей және элиталық тұқым түрлері бойынша квоталар пропорционалды үлестіріледі. 7. Департамент квота жобаларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрінің бұйрығымен құрылған тұқым шаруашылығы субъектілері үшін бірегей және элиталық тұқымдарды сатып алу және өндіру квоталарын белгілеу бойынша тұрақты қызмет жасайтын сараптау комиссиясына (бұдан әрі – Комиссия) қарауға жібереді. Комиссия бес адамнан кем емес мынадай құрамда қалыптастырылады: Департамент директоры – төраға, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің селекциясын басқаратын құрылымдық бөлімшенің өкілі, тиісті «КазАгроИнновация» АҚ ғылыми-зерттеу институттарының, басқа да ғылыми ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері. Комиссия отырысы 2/3 мүшелерінен кем емесі қатысқан жағдайда заңды деп саналады. 8. Комиссия он күн ішінде Департамент ұсынған квота жобаларын қарайды және тиісті ескертулер мен ұсыныстарына сәйкес сараптамалық қорытынды береді. 9. Департамент Комиссияның сараптамалық қорытындысы негізінде сараптамалық қорытындыны берген сәттен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде квоталарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығын қабылдауды қамтамасыз етеді: 1) әрбір аттестатталған бірегей тұқым өндіруші бөлінісінде облыстар бөлінісінде ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің түрлері бойынша көбейту питомниктерінің тұқымын, ата-аналық түрлерін өндіру; 2) облыстар бөлінісінде ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің түрлері бойынша суперэлиталық және элиталық тұқымдарды сатып алу; 3) облыстар бөлінісінде ауыл шаруашылығы өсімдіктері түрлері бойынша элиталық тұқымдар сатып алу. 10. Облыстың жергілікті атқарушы органы суперэлиталық тұқымдардың әрбір түрі бойынша әрбір элиталық тұқым шаруашылығы (бұдан әрі – Элиттұқымшар) үшін, элиталық тұқымдардың әрбір түрі бойынша тұқым шаруашылығы (бұдан әрі – Тұқымшар) мен тұқым тұтынушы үшін квота белгілеу жөнінде облыстың жергілікті атқарушы органының, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының, ғылыми және қоғамдық ұйымдарының өкілдері кіретін тұрақты түрде жұмыс істейтін комиссия құрайды. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыруға жауапты облыстың жергілікті атқарушы органы тұрақты түрде жұмыс істейтін комиссияның жұмыс органы болып табылады (бұдан әрі – Құрылымдық бөлімше). 11. Тұрақты түрде жұмыс істейтін комиссия қорытындысының негізінде Құрылымдық бөлімше Элиттұқымшаруашылықтары бөлінісінде супер элиталық тұқым сатып алу квотасын бекіту жөнінде облыстың жергілікті атқарушы органы актісін қабылдауды қамтамасыз етеді. 12. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) элиталық тұқымдарды сатып алу квотасы бекітілгеннен кейін облыстың жергілікті атқарушы органы екі апта мерзімде облыстағы ауыл шаруашылығы дақылдарын егу басымдылығына және аудандардың жергілікті атқарушы орган ұсыныстарына сүйене отырып аудандар бөлінісінде ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің түрлері бойынша алдын ала элиталық тұқым сатып алу квотасын бекітеді. Жергілікті атқарушы органның шешімімен әрбір ауданда әрбір элиталық тұқым түрі бойынша Тұқым тұтынушылар мен әрбір тұқым шаруашылығы үшін алдын ала квотаны белгілеу үшін аудан әкімшілігі, ауданның жер қатынасы және ауыл шаруашылық бөлімі, Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясы, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері құрамымен ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) құрылады. ВАК-тың жұмыс органы ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) болып табылады. Бөлім тұқым шаруашылығы мен Тұқым тұтынушылардан құжаттардың қабылдау мерзімін көрсете отырып ВАК-тың жұмыс тәртібін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаумен қамтамасыз етеді. 13. Бөлім алдын ала квотаны белгілеу үшін әрбір тұқым шаруашылығы мен Тұқым тұтынушыларға әрбір элиталық тұқым түрі бойынша тұқым шаруашылығын қолдауға ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Ережесімен қарастырылған осы Ереженің 1-қосымшасы және/немесе 2-қосымшасы және басқа құжаттамалар нысанына сәйкес тұқым шаруашылығы мен тұқым тұтынушылардан өтінім жинауды жүзеге асырады. 14. ВАК ұсынылған мәлімдемелерді және басқа құжаттарды тексергеннен кейін осы Ереженің 3-қосымшасы және/немесе 4-қосымшасына сәйкес әрбір тұқым шаруашылығы мен Тұқым тұтынушыларға әрбір элиталық тұқым түрі үшін алдын ала квота ұйымдастырады және оларды ауданның жергілікті атқарушы органына бекітуге жолдайды. Бірінші реттегі тәртіппен квоталар тұқым шаруашығы үшін, олардың бірінші, екінші және үшінші репродукцияларға көбеюі үшін сатып алынған және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге кейіннен сатылатын тұқым көлеміне белгіленеді. Егер тұқым шаруашылығы субсидияланған барлық элиталық тұқымды сатып алуды қамтамасыз ете алмайтын жағдайда тұқым өндіру мәртебесі жоқ тұқым тұтынушыларға квота белгіленеді. 15. Егер облыстың жергілікті атқарушы органымен бекітілген аудан бөлінісінде ауыл шаруашылығы дақылдарының түрі бойынша элиталық тұқымдарды алдын ала сатып алу квотасы квота белгілеуге арналған өтінім сомасынан асып кетсе, онда Тұқым шаруашылығы мен тұқым тұтынушылар бойынша әрбір элиталық тұқым түрі бойынша квоталар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер өтінімінде көрсетілген егіс алқабына пропорционалды үлестіріледі. Өтінім берушінің көрсетілген алдын ала квотаға қосуды Бөлім қабылдамаған жағдайда, осыған сәйкес себебі көрсетілген анықтама береді. 16. Ауданның жергілікті атқарушы органы екі жұмыс күн ішінде тұқым шаруашылығы және/немесе Тұқым тұтынушылар үшін әрбір элиталық тұқым түрі бойынша алдын ала квотаны бекітеді. 17. Бөлім үш жұмыс күн ішінде облыстың жергілікті атқарушы органына тұқым шаруашылығы мен тұқым тұтынушылар үшін әрбір элиталық тұқым түрі бойынша алдын ала квотаны, сондай-ақ тұқым шаруашылығын қолдауға ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Ережесінде қарастырылған құжаттарды ұсынады. 18. Облыстың жергілікті атқарушы органы он бес жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттарды тексеріп, тұқым шаруашылығы мен тұқым тұтынушылар үшін әрбір элиталық тұқым түрі бойынша алдын ала квотаны қалыптастырады және бекітеді.

Аттестатталған тұқым шаруашылығы

субъектілері үшін субсидиялауға

жататын бірегей тұқым өндірудің

және элиталық тұқым сатудың жыл

сайынғы квоталарын белгілеу

Ережесіне 1-қосымша

Нысан

______________________ ауданының

(Астана, Алматы қалаларының және

облыстық маңызды)

ведомствоаралық комиссиясы

Нарық бағасы бойынша алынған ауылшаруашылығы өсімдіктерінің сатып элиталық тұқымына

бюджеттік субсидия алуға өтінім

  1. ____________________________________________________________________________________________________ негізінде әрекет ететін (ауыл шаруашылық тауарын өндіруші) _________________________________________________________________________________________________________________________ (құрылтай құжаты) ___________________________________________________________________________________________________ бірінші басшы тұлғасында (Т.А.Ж., лауазымы) _____________________________________________________________________ егіс жұмыстарын жүргізуге _______ тонна мөлшерінде пайдаланылған және сатып алынған ____________________________________________________________________________________ (ауыл шаруашылық дақылы, сорт, репродукция) тұқымын сатып алуға шығындарды ішінара толтырумен бюджеттік субсидия бөлуді сұрайды. 2. Қысқаша қолдану мақсатын сипаттау: _______________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________ 3. Өтінішпен қоса ұсынылады: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың көшірмесі (жеке тұлға үшін – жеке кәсіпкерлік қызметінің тіркелгендігін растайтын құжаттың көшірмесі); Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жер учаскесіне құқық беретін құжат көшірмесі; Қазақстан Республикасы салық төлеу куәлік көшірмесі (БСН, ЖСН  болған кезде); статистикалық карта көшірмесі; шот-фактура, төлем төлеу құжаттары, тауарлық-көліктік жүкқұжаттар және басқа растайтын құжаттар; ағымдағы шоттың бар болуы туралы екінші деңгейлі банктің анықтамасы.   Тұқым шаруашылығы немесе тұқым тұтынушының банктік реквизиттері және заңды мекен-жайы:  ________________________________________________________ ________________________________________________________ (Т.А.Ж., қолы, мөр)

Аттестатталған тұқым шаруашылығы

субъектілері үшін субсидиялауға

жататын бірегей тұқым өндірудің

және элиталық тұқым сатудың жыл

сайынғы квоталарын белгілеу

Ережесіне 2-қосымша

Нысан

______________________ ауданының

(Астана, Алматы қалаларының және

облыстық маңызды)

ведомствоаралық комиссиясы

I репродукциялы тұқым өндіру үшін және өндірісте ауыл шаруашылық өсімдіктерінің элиталық тұқымын пайдалануда бюджеттік субсидия алуға өтінім

  1. __________________________________________________________________________________________________ негізінде әрекет ететін (ауыл шаруашылық тауар өндіруші) __________________________________________________________________________________________________________________________ (құрылтай құжаты) ____________________________________________________________________________________________________ бірінші басшы тұлғасында (Т.А.Ж., лауазымы) __________________________________________________________________________________________________________________________ егіс жұмыстарын жүргізуге пайдаланылған және сатып алынған _______________________________________________________________ тонна мөлшерінде _________________________________________________________________________________________________________ (ауыл шаруашылық дақылы, сорт, репродукция) І репродукциялы тұқым өндіру үшін және өндірісте элиталық тұқымды меншікті өндірісін пайдалануға субсидия бөлуді сұрайды. 2. Қысқаша қолдану мақсатын сипаттау:_____________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________ 3. Өтінішпен қоса ұсынылады: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың көшірмесі (жеке тұлға үшін – жеке кәсіпкерлік қызметінің тіркелгендігін растайтын құжаттың көшірмесі); Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жер учаскесіне құқық беретін құжат көшірмесі; Қазақстан Республикасы салық төлеу куәлік көшірмесі (БСН, ЖСН  болған кезде); статистикалық карта көшірмесі; ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқымдарын кірістеу актісінің көшірмесі; басқа растайтын құжаттар; ағымдағы шоттың бар болуы туралы екінші деңгейлі банктің анықтамасы.   Тұқым шаруашылығы немесе тұқым тұтынушының банктік реквизиттері және заңды мекен-жайы: _________________________________________________________ _________________________________________________________ (Т.А.Ж., қолы, мөр)

Аттестатталған тұқым шаруашылығы

субъектілері үшін субсидиялауға

жататын бірегей тұқым өндірудің

және элиталық тұқым сатудың жыл

сайынғы квоталарын белгілеу

Ережесіне 3-қосымша

Нысан

Бекітемін

_______________________ облысының

(Астана және Алматы қалалары)

_______________________ ауданының

әкімі ___________________________

(Т.А.Ж., қолы, мөр)

«____» ___________ 20__жыл

Нарық бағасы бойынша сатып алынған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымына бюджеттік субсидия алу үшін әрбір элиталық тұқым түрі бойынша _______ жылға арналған әрбір тұқым шаруашылығы

және тұқым тұтынушы үшін алдын ала квоталар

р/с

тұқым шаруашылығы немесе тұқым тұтынушы атауы

Субъекті статусы (тұқым шаруашылығы немесе тұқым тұтынушы)

Дақыл

Сорт, будан

Репродукция

Квота белгілеуге тұқым шаруашылығы немесе тұқым тұтынушы өтінімі

ВАК белгілеген алдын ала квота

тонна

сатып алынған 1 тонна тұқымның нарық бағасы, теңге

тонна

1 тоннаға субсидия нормативі, теңге

Барлық көлемге тиесілі сома, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Облыс бойынша барлығы

ВАК Төрағасы ______________________________________________________________ (қолы, Т.А.Ж.) ВАК мүшелері ______________________________________________________________ (қолы, Т.А.Ж.) ______________________________________________________________ (қолы, Т.А.Ж.) ______________________________________________________________ (қолы, Т.А.Ж.)

Аттестатталған тұқым шаруашылығы

субъектілері үшін субсидиялауға

жататын бірегей тұқым өндірудің

және элиталық тұқым сатудың жыл

сайынғы квоталарын белгілеу

Ережесіне 4-қосымша

Нысан

Бекітемін

_______________________ облысының

(Астана және Алматы қалалары)

_______________________ ауданының

әкімі ___________________________

(Т.А.Ж., қолы, мөр)

«____» ___________ 20__жыл

I репродукциялы тұқым өндіру үшін және өндірісте ауыл шаруашылық өсімдіктерінің элиталық тұқымын пайдалануда бюджеттік субсидия алу үшін әрбір элиталық тұқым түрі бойынша _______ жылға арналған әрбір тұқым шаруашылығы үшін алдын ала квоталар

р/с

тұқым шаруашылығы немесе тұқым тұтынушы атауы

Субъекті статусы (тұқым шаруашылығы немесе тұқым тұтынушы)

Дақыл

Сорт, будан

Репродукция

Квота белгілеуге тұқым шаруашылығы  өтінімі

ВАК белгілеген алдын ала квота

тонна

сатып алынған 1 тонна тұқымның нарық бағасы, теңге

тонна

1 тоннаға субсидия нормативі, теңге

Барлық көлемге тиесілі сома, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Облыс бойынша барлығы

ВАК Төрағасы ______________________________________________ (қолы, Т.А.Ж.) ВАК мүшелері ______________________________________________ (қолы, Т.А.Ж.) ______________________________________________ (қолы, Т.А.Ж.) ______________________________________________ (қолы, Т.А.Ж.)

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus