Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстан ДСҰ-ға кіру қарсаңында Ресей, Украина, Қырғызстан, Грузия, Хорватия мемлекеттерінің деңгейінен асатын мемлекеттік қолдауға қол жеткізді

Қазақстан ДСҰ-ға кіру қарсаңында Ресей, Украина, Қырғызстан, Грузия, Хорватия мемлекеттерінің деңгейінен асатын мемлекеттік қолдауға қол жеткізді

49267f0609ae6efdb4596d6e3636488e (1)
Келіссөздер қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 8,5% деңгейінде «сары себет» тікелей субсидия түрінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың шараларын қолдануға қол жеткізілді.
Анықтама:
Ресей Федерациясы, Украина, Қырғызстан, Молдова, Хорватия, Грузия келіссөздер қорытындысы бойынша тек 5% «сары себет» мемлекеттік қолдау көрсету құқығына иеленді.
ДСҰ ережесіне сай бұл 8,5% екі рет көрсетілуі мүмкін:
1) Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің құнынан 8,5% тең сомалы өнімге қоспағанда (мысалға: пайыздық үстем ақыны арзандату, суға, ЖЖМ субсидиялар);
2) Осы өнімнің жалпы құнынан 8,5% тең сомалы нақты өнімді қосқанда (сүт, ет, бидай жалпы өнімінен 8,5%).
Ақшалай эквивалентте бұл шамамен 2,1 млрд. АҚШ долларын құрамақ, оның ішінде 1,2 млрд. АҚШ доллары есебісіз және 0,9 млрд. АҚШ доллары нақты өнім есебімен.

Бұған қоса, «жасыл себет» шеңберінде мемлекеттік қолдау көлемдерін еш шектеулерсіз көрсетуге болады. Атап айтқанда: ғылым, консалтинг, ветеринария, фитосанитария, инфрақұрылымдық жобалар, әлеуметтік қамсыздандыру және өнім құнына әсер етпейтін шаралар қысқартылмайды.
Субсидиялар ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің құнына тікелей пропорционалды болғандықтан Қазақстан үшін 8,5% саланың дамуы үшін қажетті көлемде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көрсетуде нақты мүмкіндік. Өткен жылдар көрсеткендей, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі әр 5 жыл сайын 2 есеге ұлғаюда. Сәйкесінше, мемлекеттік қолдаудың шектеулі мүмкін көлемдері осындай қарқынмен ұлғайтылады.
Біздің міндетіміз қажетті көлемде толыққанды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету, өндіріс тиімділігін жоғарлату мақсатында оларды тиімді пайдалану.
Бұдан басқа, баспасөз маслихатында Қазақстанның экспорттық субсидияларды қолданбау бойынша міндеттемелер, инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру көлемін ұлғайту қажеттілігі, саланы диверсификациялау бойынша жұмыстарды жалғастыру, кооперацияны дамыту мен ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын қосымша нарықтарды іздеу айтылды.
Еттің кейбір түрлерінің импортына тарифтік квоталар бойынша міндеттемелер айтылды. Атап айтқанда, ол құс етінің импорт квотасы жылына 140 мың тонна және сиыр етінің квотасы жылына 21 мың тонна көлемінде. Сондай-ақ, импорттық кеден құнының төмендетуіне жол бермеуге бағытталған шараларды қабылдау, халықтың табыс деңгейін жоғарлату мәселесін қайта қарастыруды жүйелі түрде қамтамасыз ету, тұтыну мәдениетін дамыту және техникалық регламенттердің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету.
Сондай-ақ, СФС шаралары аясында қол жеткізілген келісімдер жайлы айтылды. Атап айтқанда, ЕЭО талаптары болмаған жағдайда халықаралық ұйымдардың ұсыныстарын, стандарттарды қолдану.

Пресс-служба МСХ РК
+7 (7172)55-57-65
E:minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика