Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар АШМ-ның қоғамдық кеңесі жанынан алты салалық комиссия құрылды

АШМ-ның қоғамдық кеңесі жанынан алты салалық комиссия құрылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Астанада Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтің қатысуымен министрліктің жанынан құрылған қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті. Отырыс барысында кеңестің төрағасы, хатшысы тағайындалып, Президиумның құрамы және бірқатар комиссиялар бекітілді.

Кеңестің төрағасы ретінде қазір ауыл шаруашылығы ардагерлерінің кеңесін басқарып отырған Михаил Трошихин тағайындалды. Кеңестің хатшысы қызметіне Степан Лепешко тағайындалды.

Сондай-ақ, алты салалық комиссия, атап айтсақ, өсімдік шаруашылығы; мал шаруашылығы; су ресурстары; орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі; аграрлы білім, ғылым, өндіріс, ауыл шаруашылығы кешенінің кадрлық әлеуетін дамытуды  интегациялау; бюджет қызметі мен жемқорлыққа қарсы  істер жөніндегі комиссиялар құрылды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниевтің айтуынша, бұл комиссиялар қоғамдық бақылау жүргізіп, әртүрлі қоғамдық топтар құруға құқылы.

 

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus