Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Егістіктерде құнарлылық деңгейінің төмендеуі анықталған жағдайда сот органдары арқылы жер телімдерін алу мәселесі қарастырылатын болады

Егістіктерде құнарлылық деңгейінің төмендеуі анықталған жағдайда сот органдары арқылы жер телімдерін алу мәселесі қарастырылатын болады

Қазақстан Республикасы үкіметінің 2011 жылғы 17 сәуірдегі кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға жерлердің ауыл шаруашылығы айналымында нысаналы пайдаланылуына ауыл шаруашылығы қоры жерлеріне түгендеу жүргізу, үздік әлемдік тәжірибені ескере отырып, жерді ұтымды пайдалану және құнарлылығын арттыру мәселесін қарастыруды тапсырды. Тиімді жер нарығын құру маңыздылығын Президент 2014 жылғы 17 қаңтарда  Қазақстан халқына Жолдауында да атап өтті.

Қазіргі таңда жеке иелікке және ұзақ мерзімге жалға берілген ауыл шаруашылық жерлердің едәуір бөлігі топырақ құнарлығын сақтау бойынша шараларды өткізбей ұтымсыз пайдалануда.  Жер ресурстарын басқару Комитетінің мәліметіне сай ауыл шаруашылығына арналған жерлердің 15 % тиімсіз қолдануда. Шамамен 125 млн. га жайылым суландырылмаған және пайдаланылмайды, елді мекендер жанындағы 20 млн. га астам жайылым ұтымсыз пайдаланылуына байланысты тозған деп танылған.

Жерді ұтымды пайдалануды бақылау 2011 жылы қабылданған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларына сәйкес жүргізіледі. Сонымен қатар, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚР Өңірлік даму министрлігімен бірлесе отырып, жерді ұтымды пайдалану өлшемдерін нақтылау бөлігінде жер заңнамасын одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалануға қойылатын қосымша талаптар енгізілетін болады:

1) ауыспалы егістерді сақтау;

2) агротехникалық және агрохимиялық іс-шаралар (оның ішінде ылғалресурсүнемдеу технологияларын), фитосанитарлық және мелиорациялық іс-шаралар қолдану;

3) ғылыми негізделген сорт алмасу және сорт жаңарту мерзімдерін сақтауды көздейтін тұқым шаруашылығы жөніндегі іс-шаралар жүргізу;

4) жайылым айналымын сақтау;

5) жайылым алқабы бірлігіне ауыл шаруашылығы жануарларын жаю жүктемесі нормативтерін және жайылым кезеңі ұзақтылығын сақтау.

Бұдан бетер, жерді ұтымды пайдалану талаптарын сақтағаны үшін жауапкершілікті арттыру көзделіп отыр:

– Жер кодексінің 93-бабына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын сақтамау оны алып қоюға негіз болуы мүмкін жөніндегі норманы енгізу;

– жосықсыз жер учаскелері иелері мен жерді пайдаланушылар тізілімін жүргізу;

– жерді жосықсыз жерді пайдаланушыларға беруді болдырмау мақсатында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізуге арналған жер учаскелерін кезеңмен беру.

Қазіргі уақытта заңжоба ҚР Парламентінің қарауында.

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы қаңтарда агрохимиялық мониторинг пен ауыл шаруашылығы жерлеріне қызмет көрсету жүйесін құру жөніндегі нормалар көзделген Заң қабылданды. Атап айтқанда, топырақты агрохимиялық зерттеу жүргізу тәртібі мен тиісті талаптар, агрохимиялық зерттеу нәтижелерінің бірыңғай деректер базасын құру көзделген, жерді пайдаланушылардың топырақты агрохимиялық зерттеу жүргізу үшін жер учаскелерін беру міндеті енгізілген.

 

 

ҚР АШМ Баспасөз қызметі

Email: minagripress@gmail.com

Тел. + 7 7172 555 765

www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus