Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Елбасы Астана қаласының жасыл аймағын аралады

Елбасы Астана қаласының жасыл аймағын аралады

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
15.06.2016 ж.                                                                                                  Астана қ

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев 2016 жылғы 20 маусымында Астана қаласының жасыл аймағын аралады.

Аталмыш шара аясында Қазақстан Республикасының Президентін «Жасыл аймақ» РМК «Ақ қайың» орман тұқымбағының арборетумы мен ағаш тұқымының плантациясы жұмыстарымен танысты.

Қазіргі уақытта, Астана қаласының жасыл аймағының аумағына отырғызылатын  көшет материалдарының қажетті мөлшерін өсіру үшін жыл сайын саны 30 тоннадан астам ағашты-бұталы жеміс жинау өнідіріледі, қайта өнделгеннен кейін одан 3 тоннадан астам тұқым алынады.

Бұл жағдай «Ақ қайың» орман тұқымбағы аумағында тұқымдық немесе қосалқы ағаштардың вегетативтік бұтағы болып табылатын өсімдіктердің арнайы сызбасы бойынша өсірілген тұрақты ағаш тұқымдары плантацияларының ұйымға қажеттілігін тудырады.  

Ағаш тұқымының плантациясы егу сапасы жоғары сұрыпты және таңдаулы тұқымдарды (ағаштың барлық өмір сүру аралығында) алу үшін қажет.
Бүгінгі күні ағаш тұқымының плантациясында 155 га алқапты алып жатқан саны 50 мың дана ағашты-бұталы тұқымдардың 61 түрі бар.

Ағаш тұқымының плантациясынан жиналған тұқымдар Астана қаласының жасыл аймағының көшеттерінің күрделі табиғи-климат жағдайында жемісті және тұрақты болуына ықпал етеді.

Сондай-ақ  2002 жылы «Ақ қайың» орман тұқымбағының аумағында Астана қаласының жасыл аймағы жағдайындағы ағашты және бұталы тұқымдарды сынап көру мен аудандастыру жөніндегі жұмыстарды кеңейту үшін арборетум құрылған болатын, оған 115 әртүрлі ағаштардың тұқымы мен бұтақтардың тұқымдары жиналған. Арборетумде жиналған тұқымнан ағаш тұқымының плантациясы үшін отырғызу материалдары өсіріледі.

Астана қаласының жасыл аймағын құру елорда төңірегінде жабайы жануарлардың дамуына ықпал етті. Бүгінгі күні жасыл аймақ екпелерінде марал (марал қоршауында), бұлан (2 дарағы белгіленген), елік, суыр, дала қарсақтары, ондатр, қоян және кішкентай тышқандар мекен етеді. Ал құстардан балқарағай торғайы, сұр шіл, сұр сандуғаш, көк қарға, жасымық, шиқылдақ, мәскеу торғайы (московка) және қырғауыл бар. Оның ішінде, жасыл аймақ құрылғаннан кейін бұлан, елік, қоян сұр шіл және қырғауыл пайда болды. Өткен жылы 150 қырғауыл табиғатқа жіберілсе, биыл жасыл аймақ екпелеріндегі жануарлардың қатарын тағы 150 қырғауыл толықтырмақ.

Анықтама: Жалпы 1997-2016 жылдар кезеңінде Астана қаласының жасыл аймағының алқабы 75,1 мың га құрады, оның ішінде қала шетінен құрылған 14,8 мың га алқап Астана қаласы әкімдігінің теңгеріміне берілді.      2016 жылы мына бағыттарға көшет отырғызу жүргізілді.  Бірінші кезең бойынша (ықтырма жасау тәсілімен) жалпы аумағы 1410,8 га Астана қаласының бес шақырымдық аймағында, оның ішінде: 
– Батыс бағытында – 1 081,0 га;
– Шортанды бағытында – 329,8 га.
Ал екінші кезең бойынша (ықтырмааралық кеңістіктегі желектер) алаңында 2683,7 га, оның ішінде:
– Майбалық көлі айналасында – 437,9 га;
– Қарағанды бағытында – 540,4 га;
– Шортанды бағытында – 1705,4 га.
Болашақта Астана қаласының жасыл аймағына Ақмола облысы Ақкөл ауданының орманын біріктіру жоспарланып отыр.
Астана қаласының жасыл аймағында туризм мен рекреацияны дамыту мақсатында 2014 жылы «Жасыл Аймақ» РМК «Қызылжар» орманшылығының аумағында алаңы 3 га Сафари парк (тор қоршауы) құрылды. Бүгінгі күні Сафари паркінде 13 дарақ марал және бір дарақ американдық кермарал есепке алынған.
2015 жылы Сафари паркінің аумағын 300 га дейін кеңейту бойынша өткен мемлекеттік сараптама бойынша бұдан әрі жабайы жануарлардың бастарының саны мен түрін көбейту  жобасы әзірленді. Сондай-ақ Сафари паркінің аумағында қорықшылардың үйлері мен ветеринарлық шаруашылық үй-жайлары бар.

 

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com
www.minagri.gov.kz 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus