Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Президент ауыл шарушылығы саласына қосымша 97 млрд теңге бөлудi тапсырды

Президент ауыл шарушылығы саласына қосымша 97 млрд теңге бөлудi тапсырды

faea
Ақордада өтiп жатқан Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шарушылығы саласына биыл қосымша 97 млрд теңге бөлудi тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi

«…Осы айтылғандарды ескере келiп, Үкiметке агроөнеркәсiп кешенiн қолдауға биыл 97 млрд теңге қосымша қаржы бөлудi тапсырамын. Сумен қамтамасыз ету мәселесi де осының iшiне кiредi. Осыны жақсылап пайдалансаңдар, көп шаруа жасаймыз», – деп үкiмет мүшелерiне қарата айтты Елбасы.

Президент агроөнеркәсiп кешенiндегi ветеринарлық мәселелердi мiндеттi түрде шешу қажеттiгiн тілге тиек еттi.

«Биылғы жылы сiбiр жарасы бiрнеше өңiрде тiркелдi, тiптi, көз жұмған адамдар бар. Бiз бұл iндетпен күресуге қаражат жұмсай бермей, оны жоюымыз керек. Ветеринарлық дұрыс жұмыс болмаса, ешбiр өнiмiңдi шетке шығарып сата алмайсың.

Кезiнде бұл саланы құртып алдық. Ветеринарлық қауiпсiздiкке әкiмдер жауап бередi. Бұл мәселелер 2014 жылдан бастап әкiмдердiң құзырына берiлген болатын», – дейдi Мемлекет басшысы.

Источник: http://bnews.kz/kz/news/politika/novosti_pravitelstva/prezident_auil_sharushiligi_salasina_kosimsha_97_mlrd_tenge_boludi_tapsirdi-2016_09_09-1289610

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus