Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ аймақтық ветқызметтерде тексеріс жүргізуде

ҚР АШМ аймақтық ветқызметтерде тексеріс жүргізуде

2012 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен, Халықаралық эпизоотиялық бюромен келісілген, ветеринарлық қызметті модернизациялау стратегиясы қабылданды. АШМ жанындағы ғылыми-техникалық кеңестің шешімі бойынша 2011 жылы аусыл және бруцеллез сияқты аса қауіпті а/ш жануарлардың ауруларымен күресу стратегиясы мақұлданды.

Қазақстан аусылды бақылау бойынша ұлттық бағдарламаны жүзеге асыруда маңызды жетістіктерге қол жеткізді. 2015 жылы мамыр айында 9 облысқа вакцинасыз аусыл бойынша таза аймақ мәртебесі берілді. Сондай-ақ, ШҚО мен оңтүстік облыстары үшін вакцинациямен аусыл бойынша таза аймақ мәртебесін алу үшін өтінім берілді. Соңғы 2,5 жыл ішінде аусыл ошағы тіркелмеген, бұл АШМ мен ветеринарлық қызметтің күшін бруцеллезбен күресуге бағыттауға мүмкіндік берді.

Бруцеллезбен күресу стратегиясына сай бірінші реттік зерттеу үшін ересек жануарларға  ИФА әдістің орнына классикалық әдіс қолданылып келеді (ИФА әдіс тек төлдерге ғана қолданылады). Ветеринарлық ережелерге* ХЭБ-пен ұсынылған бруцеллезді диагностикалау кезінде қайта тексеру әдістері енгізілді. Диагностикумдардын сапасына қойылатын талаптар күшейтіліп, GMP/ISO халықаралық стандарттар сәйкесттілігіне бақылау өткізіледі. Бруцеллезбен ауырған жануарларға қатысты қолданылатын шаралар механизмі өзгертілді, санитарлық сою өтемақысы нарықтық бағаға дейін жеткізілді.

Справочно: Жыл басынан бастап бірінші реттік зерттеулер нәтижелері бойынша ірі қара мал арасында оң әсер берген 28 мыңнан аса бас тіркелді, бұл көрсеткіш өткен жылдың деңгейінен төмен (30,7 мың бас). Бұған қоса, бруцеллез бойынша қолайсыз пунктер 2014 жылы 64-тен ағымдағы жылы 29-ға дейін қысқарды.

Бұған қоса, Ауыл шаруашылығы министрлігі бруцеллез бойынша мәліметтерді саралай келе жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметтері мен ВБҚК аумақтық бөлімшелерінің жұмысында олқылықтарды анықтады.

Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң аражігін ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жергілікті жерлерде ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру, қамтамасыз ету және жүргізу, ветеринария саласындағы кейбір бақылау-қадағалау функцияларын** жүзеге асыру бойынша функциялардың негізгі бөлігі жергілікті атқарушы органдарға берілді.

Бруцеллезбен күресу стратегиясына сай жергілікті жерлерде ауру жануарлар бар жерде барлық сатыда сауықтыру шаралары жүргізілмейді. Жүргізіліп отырған жұмыс қосымша зерттеулерсіз, тек бірінші реттік зерттеулер нәтижелер негізінде санитарлық мал союмен шектелік қалуда. Бұл мал иелерінің құқықтарын бұзып, қайта өңдеушілерге пайда әкелуде.

АШМ-мен жүргізілген тексеріс жеке аймақтарда ветеринарлық заңнаманы бұзу фактілері  орын алғандығын көрсетті. Қанды сараптау жоспардан*** тыс маусым-шілде айларында өткізілуде, осы уақытта жануарлар жайылымдарда бағылуы тиіс. Ветеринарлық заңнамаға диагностика және қанды сараптау  жылына екі рет өткізіледі: көктемде (жайылымға жіберілмес бұрын) және күзде (малды қорада ұстаудан бұрын).

Сонымен, ү.ж. шілде айында Ақмола облысының Қорғалжын районының әкімдігі жанындағы «Ель-Нур» шаруашылығында МКК ШЖҚ «Ветсервис» ветеринариялық дәрігерлерімен ірі қара малдың қаны іріктеліп алынып, райондық ветеринариялық зертханаға РМП «Республикалық ветеринариялық зертхана» жіберілді. Сынаманы бруцеллезге классикалық әдіспен біріншілік зерттеу нәтижесі бойынша шаруашылық ветеринариялық қызметке жүгінді, одан қайта зерттеу өткізуден  Ветеринария туралы Заңның 35-бабын бұзушылық бас тартты. Бұл ретте, ВБҚК-нің Ақмола облыстық аумақтық бөлімшесінің басшысы М.А. Абдрахманов басқа кәсіпорынмен келісім жасаған шарушылықтың құқығын шектеп,  бұл жануарларды районның белгілі ет комбинатында сою жүргізуді талап етті.

АШМ 333 бірінші реттік «оң сараптама» көрсеткен жануарлардан қан алып, Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығында Халықаралық эпизоотиялық бюромен ұсынылған классикалық және референттік әдістермен сараланды. Қайта зерттеу нәтижесінде тек 124 сараптама оң нәтижені көрсетті.

Қостанай облысының Қарабалық аудандық ветеринарлық зертханада классикалық әдіспен өткізілген «Север-Агро» шаруашылығының асыл тұқымды өндіруші бұқаларының бруцеллезге бірінші реттік қан сараптамасы 12 оң нәтижені көрсеткен. Облыстық аумақтық инспекциясы мал иелерінің ақылы түрде қосымша сараптама өткізуге қатысты берген өтінімдерін қарастырмаған. АШМ оң нәтиже берген жануарлардан қан алып,  Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығына жолдады. Сараптама сарысу қанында бруцеллез қоздырғышының анықталмағандығын көрсетті. Мұнымен, ВБҚК облыстық аумақтық бөлімшесінің басшысы О.К. Батырбеков қолданыстағы ветеринарлық-санитарлық ережелерін бұзып, жануарларды союды талап еткен.

Осыларға байланысты, жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша құқық қорғау органдарына беретін материалдардан қылмыстық немесе басқада заңнамалық бұзушылықтардың белгілері анықталған жағдайда Министрлікпен қызметтік тергеу жүргізіледі.

Аталмыш фактілердің қайталануына жол бермей мақсатында ветеринария туралы заңға сай бизнес пен қоғамдық ұйымдар бірінші реттік зерттеулер нәтижелерін Республикалық ветеринариялық зертханасымен Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығында қосымша зерттеуге құқылы.

Ветеринария туралы заңға сәйкес бұдан әрі осындай оқиғаларға жол бермес үшін  бизнес және қоғамдық ұйымдары барлық оң нәтиже көрсеткен ауыл шаруашылық жануарларын Ветеринария бойынша ВҰРО және РВЗ-да қайта тексертуге құқылы екенін білуіне АШМ мүдделі.

Шағымдармен сұрақтарға жауап алу және кеңес алу үшін Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінде: +7-717-2-555-432 және  Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығында:+7-717-2-918-462 «Шұғыл байланыс» желісі қызмет етуде.

*Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар 2013 жылғы 9 тамыздағы № 814 ҚРҮҚ-мен бекітілген. (Бруцеллез, 91 бет.)

** Есептік нөмірлер беру, ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру, ішкі сауда объектілерінде бақылау, өндіріс объектілерінде, жануарлар өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын, қайта өңдеуді,  сақтауды, жануарлардың жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру

*** 2015 жылға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 16-04/83 бұйрығымен бекітілген.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

+7(7172)55-57-65

E: minagripress@gmail.com

W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика