Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстан Республикасының Ветеринарлық қызметі Кедендік Одақтың негізін құраушы принциптерінің шеңберінде Ресей Федерациясымен Беларусь Республикасының құзырлы органдарымен мәселелі сұрақтарды талқылауға әзір

Қазақстан Республикасының Ветеринарлық қызметі Кедендік Одақтың негізін құраушы принциптерінің шеңберінде Ресей Федерациясымен Беларусь Республикасының құзырлы органдарымен мәселелі сұрақтарды талқылауға әзір

28.11.2014 ж. Астана қ.

2014 жылдың 11 қарашасында Мәскеуде Кедендік одақтың кедендік аумағында бақылаудағы өнімнің заңсыз айналымын талқылау бойынша Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының ветеринарлық қызметінің басшыларының кездесуі өтті. Кездесу барысында мал шаруашылығы өнімдерінің айналымы мен оны заңсыз әкелудің алғышарттары талқыланды.
Қазақстан Республикасында тасымалдайтын бақылаудағы өнімдердің есебі мен сараптамасы АӨК біріңғай автоматталған басқару жүйесінде жүзеге асырылады (ЕАСУ). Бұл жүйе ресейлік «Аргус» ақпараттық жүйесімен интеграцияланған.
Осы себептен Россельхознадзордың ҚР ветеринарлық қызметі «Аргус» ақпараттық жүйесінің барлық мүмкіндіктерін қолданбайды деген мәлімдеме қисынсыз. Бұл жерде әңгіме ілеспе құжаттарынсыз контрабандалық тауарларды заңсыз, яғни іс жүзінде экономикалық қылмыс жасайтын жауапсыз кәсіпкерлер жөнінде болып отыр. Осы ретте, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі басқа заңды түрде рәсімделген жүктер ЕАСУ, сондай-ақ Аргус жүйелерінде көрінетінін хабарлайды.
Бұған қоса, Мәскеуде өткен кездесуде Қазақстанға Беларусь Республикасының өткізу пунктынан өтетін бақылаулы өнімнің транзитіне уақытша шектеу енгізу талқыланбады. Қазақстан Республикасының Ветеринарлық қызметі өз кезегінде Кедендік Одақтың негізін құраушы принциптерінің шеңберінде Ресей Федерациясымен Беларусь Республикасының құзырлы органдарымен мәселелі сұрақтарды талқылауға әзірлігін білдіреді.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus