Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау есептері Пресс-релиз публичного обсуждения отчета деятельности Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан по вопросам оказания государственных услуг за 2016 год и результатах работы за 2017 год

Пресс-релиз публичного обсуждения отчета деятельности Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан по вопросам оказания государственных услуг за 2016 год и результатах работы за 2017 год

Қазақстан Республикасының Президенті  Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының – басымдылықтарына сәйкес, мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Осы бағыт шеңберінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес халықты хабардар ету және жүргізіп жатқан жұмыстардың айқындығын көтеру мақсатында Министрліктің Мемлекттік көрсетілетін қызмет жөніндегі сұрақтар бойынша Ауыл шаруашылығы министірлігінің қызмет есебі жарияланды.

2017 жылы 21 қарашада Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы Е.Көшербаевтің төрағалығымен, видео-конференц байланыс арқылы, ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің  мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша 2016 жылдарға және 2017 жылғы жүргізген жұмыс нәтижелерін жария талқылау өтті.

Жария талқылауға Министрліктің департаменттері мен Комитеттерінің, және Министрліктің бағыныстағы мекемелерінің қызметкерлері, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің Қоғамдық Кеңес мүшелері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, «Фермерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың және ауыл шаруашылық тауар өндірушілері қатысты.

Жария талқылаудың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын және мемлекеттік қызметтің стандарттарын жетілдіруге жауапты лауазымды тұлғаларға талаптылығын күшейту жөнінде тапсырмалар берілді.

Осы мәселе бойынша бір ай ішінде жария талқылауды өткізу туралы бірлескен шешім қабыланды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика