Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баспасөз хабарламалары «Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге асыру және азық-түлік қауіпсіздігі туралы баспасөз хабарламасы

«Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге асыру және азық-түлік қауіпсіздігі туралы баспасөз хабарламасы

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен «2015-2019 жылдарға арналған ҚР азық-түлік өндірісін дамыту» бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама шеңберінде келесідей маңызды міндеттер жүзеге асырылмақ: ауыл шаруашылығы шикізатына, қаржылық қызметтерге, коммуналдық және көлік қызметіне, ыдыс және орауыштарға қолжетімділіктің ұлғаюы, отандық азық-түлік тауарларын сату ареалын кеңейтуге жағдай жасау, тұтыну мәдениетін дамыту, кадрларды даярлау және қайта даярлау, техникалық реттеу, салық салуды жетілдіру, экспорт пен импорт саудасын реттеу, тауар айналымын есепке алу, мемлекеттік басқаруды институционалдық дамыту.
Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 2019 жылы азық-түлік және қайта өңдеу саласының негізгі капиталға инвестиция көлемі 97 млрд теңгеге дейін, яғни 3 %-ға (2013 жылы – 33 млрд теңге), азық-түлік өндірісінің көлемі 30 %-ға, яғни 1271 млрд теңгеге ( 2013 жылы – 973 млрд теңге) және азық-түлік өндірісінде 68 мың адамға дейін жұмыс бастылық деңгейінің ұлғайып (2013 жылы – 52 мың адам), азық-түлік өндірісінің импорт көлемі 3 есеге дейін 1322 млн $ АҚШ (2013 жылы – 2977 млн $ АҚШ) төмендемек.
ҚР Статистика агенттігінің мәліметі бойынша 2013 жылы ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындары республикалық өнеркәсіп өндірісінің 5%, қайта өңдеу өндірісінің – 16,5 % өндірді.
Азық-түлік өнімдерін өндіру құрылымындағы негізгі үлесті астықты қайта өңдеу (23,5%), сүтті (16,3%), нан және нан-тоқаш (15,3%), етті қайта өңдеу (13,4%), жеміс-көкөніс (8,1%) және т.б. салалар алады.
Мұнымен бірге жеке позициялар бойынша импорттың қомақты үлесі сақталып келеді. 2013 ж. қорытындысы бойынша елімізге 3 млрд. $ соммасына азық-түлік өнімдері импортталды: негізінен ол кондитерлік (544,6 млн$), сүт өнімдері (419,5 млн$), қант (240,5 млн$), құс еті (186,1 млн$), жеміс-көкөніс консервілері (155,6 млн$).
Жалпы, 2013 жылы азық-түлік және ауыл шаруашылығы шикізатының қайта өңдеу тауарларының ішкі сауда саттық айналымы 4 250 млн$. құрады.
Импорттың үлкен үлесінің негізгі себептері, отандық тауар өнімінің өсу көлемінің аздығы, өндірістердің жүктелуінің төмендігі: техникалық реттеу саласындағы мәселелер, соның ішінде стандарттарды сақтауды бақылау, білікті мамандардың аздығы, тауар-логистикалық инфрақұрылымның даму деңгейінің төмендігі, айналымдағы қаражаттың қолжетімділігінің төмендігі, құрал-жабдықтардың тозуы, жергілікті өндірістегі сапалы шикізаттың аздығы.
Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін 2013 жылдың ақпан айында қабылданған «Агробизнес-2020» бағдарламасымен жаңа мемлекеттік құралдар қарастырылып отыр. Атап айтқанда: инвестициялық субсидиялар, займдарды кепілдендіру және сақтандыру, лизингпен несие бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау, АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру, ЕДБ қорландыру. Бұдан басқа, бағдарламамен шикізатты сатып алуын қамтамасыз ету, саланы техникалық және технологиялық қайта жасақтау, қаржылай ресурстардың қолжетімділігін жоғарлату, агробизнесті тиімді жүргізуге жағдай жасауға бағыталған шаралар кешені қарастырылып отыр.
ҚР АШМ баспасөз қызметі
Email: minagripress@gmail.com
Тел. + 7 7172 555 765
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика