Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар «Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге асыру және азық-түлік қауіпсіздігі туралы баспасөз хабарламасы

«Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге асыру және азық-түлік қауіпсіздігі туралы баспасөз хабарламасы

07.04.2014 ж. Астана қ.

Азық-түліктің негізгі түрлерімен қамтамасыз етудің сараптамасы көрсеткендей, 2011-2013 жылдары барлық негізгі азық-түлік түрлері бойынша ішкі тұтынудағы отандық өндірістің үлесі 80% құрап отыр.

Соның ішінде, өңделген күріш, ас қызылшасы, бидай ұны, нан секілді азық-түліктің ішкі тұтынудағы отандық үлесі 100%-дан асады. Ал сиыр, шошқа, қой және жылқы еттерімен қамтамасыз ету 90%. Жалпы 2011-2013 жылдары азық-түлікті өндіру жағымды динамикаға ие: өндіріс көлемі 2013 жылы 973 млрд. теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 4,2% жоғары. Бұған қоса, ішкі тұтынудағы кейбір тауарлардың отандық өндірісі төмен деңгейде. Бұл – алма, жеміс-көкөніс дақылдары, құс еті, шұжық өнімдері, сары май, ірімшікпен сүзбе, балық. Осы салаларды өндіру мемлекеттік реттеу және қолдау шараларын қолданар кезде басыңқы бағыт ретінде анықталды.

Бұған қоса, агроөнеркәсіп кешенінің бәскелестігін жоғарлату және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығының басқа да басыңқы салаларына көңіл бөлінуде.

Атап айтқанда, 2013 жылы қабылданған «Агробизнес 2020» бағдарламасы шеңберінде АӨК негізгі салаларын дамытудың 15 шебер-жоспарлар жүзеге асуда, соған қоса, құс етті, жеміс-көкөніс, ауыл шаруашылығын қайта өңдеуді дамыту бойынша.
Аталмыш шебер-жоспарларда шеңберінде қолжеткізілген негізгі нәтижелермен шешімдерді атап өтейік.

Қайта өңдеу өндірісін дамыту бойынша жедел-жоспарда сүтті қайта өңдейтін өнідіріс үшін шикізат тапшылығы мәслелесін шешу аясында жеке қосалқы шаруашылықтарда сүтті жинау бойынша 200 дайындау пунктерін құру үшін инвестициялық субсидияның бөлінуі қарастырылып отыр. Осы шараларға 2020 жылға дейін 563 млн теңгенің бөлінуі қарастырылып отыр. Етті қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету аясында оларға мал тасымалдау және тоңазытқыштарды сатып алу кезіндегі шығындарды субсидиялау жоспарланып отыр. Осы шараларға 2020 жылға дейін 398 млн теңге қарастырылып отыр. Шикізат бағасының қымбаттылық мәселесін шешу аясында қайта өңдеу кәсіпорындарының шығындарын субсидиялаудың жаңа механизмі қарастырылуда: 2020 жылға дейін ірімшікпен сары май өндірісі үшін шикізатты сатып алуға 42 млрд теңге субсидия қарастырылып отыр; қант өндірісі үшін (қант қызылшасынан) – шамамен 10 млрд теңге. Ертеректе аталмыш шараның жүзеге асуы заңнамалық базаның жоқтығынан тежелді. Қазіргі таңда, заңнамаға сәйкесінше өзгерістер енгізілді.
Бұған қоса, барлық басыңқы бағыттар бойынша шикізатты сатып алуға, айналымдағы қаражатты толтыруға, алған несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жоспарлануда. Қайта өңдеу кәсіпорындарындағы құрал-жабдықтардың ескіру мәселесі несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және инвестициялық субсидияларды бөлу арқылы шешілмек. 2020 жылға дейін 5 ет комбинатының құрылысы, 135 сүт өңдеу кәсіпорындарының, 56 ет өңдеу кәсіпорындарының, 5 бағбан және көкөніс өңдеу бойынша кәсіпорын, 7 қант зауыты, 7 макарон өңдеу кәсіпорны және 35 жарма өңдеу бойынша кәсіпорындарының реконструкциясы мен модернизациялауын субсидиялау жоспарланып отыр.

Жеміс-көкөністі дамыту бойынша жедел-жоспар бойынша 2020 жылға қарай бақшалардың және жүзімнің жоғары өнімділігі бойынша алқаптарды 30,5 мың га ұлғайтып, 39 мың га дейін жеткізу көзделіп отыр.
Жалпы, бағдарламаның 2013-2020 жылдары жүзеге асыруға 3 122,2 млрд теңге жұмсалмақ. Бағдарламаның жүзеге асуынан күтілетін макроэкономикалық және әлеуметтік эффект келесі көрсеткіштерде:

1. ауыл шаруашылығы өнімдерінің табиғи көлемі 1,5 есеге ұлғаймақ;
2. ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігінің 3 есеге жоғарлауы;
3. агроөнеркәсіп кешенінің өнімін сатудағы экспорттық пайданың 20 % ұлғаюы;
4. негізгі азық-түлік бойынша ішкі нарықты 80% деңгейінде азық-түлік қауіпсіздік тәуелсіздігін қамтамасыз ету;
5. салаға 10 трлн. теңге жеке қаржылай қаражатты тарту.

Бағдарламаның жүзеге асуы ауылда бизнестің дамуына оңтайлы жағдай жасап, салаға инвестиция тартуға, бөлініп жатқан қаражаттың тиімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.

Бұған қоса, «Агробизнес-2020» бағдарламасы ішкі нарықты импорттан қорғау шараларымен бірқатар мемлекеттік органдардың қатысуымен жүзеге асырылуы тиіс.
Мүдделі мемлекеттік органдардың қызметін координациялау үшін 7.12.2012ж. ҚР Премьер-Министрдің № 226-р өкімімен бекітілген азық-түлік өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту, қолдау бойынша Іс-шаралар жоспары іске асырылуда. Жоспармен:

– сыртқы өндірушілердің алақол бәсекелестігінен шығару және техникалық регламентті мүлтіксіз орындау;
– отандық өндірушілердің өнімдерін сату нарығын кеңейту үшін мемлекет ішінде жүзеге асатын мемлекеттік және басқа да сатып алу ресурстарын барынша қолдану;
– шетелдік өндірушілер тарапынан тұйық демпингтен нарықты қорғау;
– отандық тауардың алға басуына бағытталған мемлекеттік насихаттық саясатты жүзеге асыру қарастырылған.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі
Email: minagripress@gmail.com
Тел. 7172 55565
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus