Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баспасөз хабарламалары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымы арасындағы Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымның Аусыл бойынша субөңірлік үйлестіру кеңсесін Астана қаласында құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына баспасөз релизі

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымы арасындағы Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымның Аусыл бойынша субөңірлік үйлестіру кеңсесін Астана қаласында құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына баспасөз релизі

2013 жылғы 16 қазанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Жануарлар саулығы жөніндегі Дүниежүзілік ұйым арасындағы Астана қаласында аусыл бойынша Жануарлардың саулығы жөніндегі Дүниежүзілік ұйымның Субөңірлік үйлестіруші кеңсесін құру туралы Келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойылды.
Аталған кеңсені құру Қазақстан Республикасы мен орта азиялық мемлекеттерде аусылға бақылауды күшейтуге септігін тигізеді, бұл Қазақстан Республикасында да және орта азиялық кеңістік аумағында да эпизоотикалық жағдайларға оң әсерін берді, өңірлік деңгейде аусылмен күрес жөніндегі бірыңғай қадам мен стратегияларды әзірлеуге, Жануарлар саулығы жөніндегі Дүниежүзілік ұйымның өңірлік және арнайы комиссияларымен бірлесіп аусылға қарсы күрес бойынша ветеринариялық қызметтердің күш-жігерін біріктіру мен ынтымақтастығына, эпизоотикалық жағдайларды қамтамасыз ету мен бақылау мақсатында халықаралық стандарттарды енгізуге, қажеттілік кезінде шекаралас облыстарда жедел ден қою үшін орта азиялық өңір аумақтарының нақты эпизоотикалық жағдайларына мониторинг жүргізуге және Қазақстан Республикасының аумағына аталған індеттіңәкеліну қаупін төмендету үшін Қазақстан Республикасы аумағына іргелес жатқан аудандарда індетті жұқтыруға сезімтал мал бастарын вакцинациялау үшін ХЭБ мандатына сәйкес аусылға қарсы вакцина банктерін пайдалануға септігін тигізеді.
Астана қаласында аусыл бойынша Жануарлардың саулығы жөніндегі Дүниежүзілік ұйымның Субөңірлік үйлестіруші кеңсесін (ХЭБ) ашу:
аусылға бақылауды күшейтуге;
өңірлік деңгейде аталған дертпен күрес жөнінде бірыңғай қадам мен стратегияны әзірлеуге;
орта азиялық өңір ауқымында ХЭБ өңірлік және арнайы комиссияларымен бірлесіп аусылға қарсы күрес бойынша ветеринариялық қызметтердің күш-жігерін біріктіру мен ынтымақтастықты қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
Зан жобасы қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқтырмайды.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus