Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баспасөз хабарламалары «Отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін және оның терең қайта өңдеу өнімдерін сатып алуды, сондай-ақ оларды сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз релизі

«Отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін және оның терең қайта өңдеу өнімдерін сатып алуды, сондай-ақ оларды сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз релизі

«Отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін және оның терең қайта өңдеу өнімдерін сатып алуды, сондай-ақ оларды сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1106 қаулысының (бұдан әрі – № 1106 ҚРҮҚ) 1-тармағымен отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін және оның терең қайта өңдеу өнімдерін сатып алуды, сондай-ақ оларды сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесі бекітілген.
Осымен бірге «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 қаңтардағы Заңының 1-бабының 8-тармағымен «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына өзгерістер енгізілген.
Одан басқа «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1 бабының 101 тармағына сәйкес «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына өзгерістер енгізілген.
№ 1106 ҚРҮҚ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 4-бабы 1-тармағының 38) тармақшасына және 13-бабының 5) тармақшасына сәйкестікке келтіру мақсатында «Отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін және оның терең қайта өңдеу өнімдерін сатып алуды, сондай-ақ оларды сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкелмейді.
Жобаны іске асыру қаржы шығындарын қажет етпейді.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus