Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баспасөз хабарламалары «Мемлекеттiк астық ресурстарына жеткiзiлетiн астықтың сатып алу бағасын белгiлеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз релизі

«Мемлекеттiк астық ресурстарына жеткiзiлетiн астықтың сатып алу бағасын белгiлеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз релизі

«Мемлекеттiк астық ресурстарына жеткiзiлетiн астықтың сатып алу бағасын белгiлеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – қаулы жобасы) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы «Астық туралы» Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес мемлекеттік астық ресурстарына жеткізілетін астықтың сатып алу бағасын белгілеу үшін әр жыл сайын әзірленеді.
Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкелмейді.
2014 жылы мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу 2014-2016 жылдарға арналған 214 «Өсімдік шаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» республикалық бюджеттік бағдарламасының 102 «Азық-түлік қауіпсіздігін және жұмылдыру мұқтаждығын қамтамасыз ету» кіші бағдарламасының шеңберінде республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылатын болады.
Қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты – мемлекеттік астық ресурстарына астықтың сатып алу бағасын белгілеу. Мерзімі – 2014 жыл.
Күтілетін нәтижелер – мемлекеттік азық-түліктік астық резервін жаңарту, мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын қалыптастыру және ішкі астық рыногін реттеу мемлекеттік ресурстарға астықты сатып алу жолымен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, облыстардың тұқым тапшылығына ұшыраған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тұқыммен қамтамасыз ету, сондай-ақ облыстардың жемдік астық тапшылығына ұшыраған мал шаруашылықтарды және құс фабрикаларды жемдік астықпен қамтамасыз ету.
Осымен бірге, қаулы жобасы қабылданған жағдайда «Мемлекеттік астық ресурстарына жеткізілетін астықтың сатып алу бағасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 1326 қаулысының күші жойылды деп тану көзделеді.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus