Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баспасөз хабарламалары «Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымның мәртебесі туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына пресс – релиз

«Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымның мәртебесі туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына пресс – релиз

Қаулының жобасы Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымы және оның персоналы Қазақстан Республикасының шегінде ие болатын мәртебені, артықшылықтар мен иммунитеттерді анықтауды көздейді.
Қаулы жобасының мақсаты – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 1327 қаулысымен бекітілген Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Жарғысының 2 бабын жүзеге асыру болып табылады.
Жарғы ИЫҰ-на мүше-елдердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, сонымен қатар, ИЫҰ кеңістігінде азық-түлік қауіпсіздігі саласының жай күйіне мониторинг жасау, ауыл шаруашылығы саласында мемлекетаралық саясатты үйлестірудің арқасында тиімді жеткізу механизмдерін қамтамасыз ету және азық-түліктің қажетті қорын құру арқылы Ұйымға мүше елдердің азық-түлік нарықтарында тұрақты жағдайды қамтамасыз ету, форс-мажор жағдайында азық-түліктік жәрдем көрсету мақсатында әзірленген.
Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарды болжамайды.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus