Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Іскерлік кеңес мүшелері АӨК субъектілерінің салық салу мәселелерін талқылады

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Іскерлік кеңес мүшелері АӨК субъектілерінің салық салу мәселелерін талқылады

Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Іскерлік кеңестің АӨК субъектілерінің салық салу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстарды талқылау аясында кезекті отырысы өтті.
Отырыс шеңберінде қатысушылар агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің салық салуын жетілдірудің келесі ұсыныстарын мақұлдады:
1) аумаққа байланысты шаруа (фермерлік) қожалықтар үшін бірыңғай жер салығын сақтауды көздейтін учаскенің максималды мөлшеріне нормативті енгізу жер салық салуын жетілдіру бойынша және жерге салықтың 70 пайыздық жеңілдігінен шығарып заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимін сақтау, жер салығының мөлшерін үшін төлемін 5 есеге көбейту және аумақтарға пайдаланылмай отырған жерлер бойынша мөлшерді 10 есеге дейін көтеруге құқық беру.
Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама шеңберінде салық салмағын сақтау мақсатында заңды тұлғалар – ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер мен шаруа (фермерлік) қожалықтар үшін қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемнен босату көзделеді, сондай-ақ, қосымша жеңілдіктері бар жалпы бекітілген режим енгізу, атап айтқанда, жалданған жұмысшылар бойынша еңбекақы төлемі қоры сомасына салық салу кірісінің екі есе азайтуы, әлеуметтік салықтың 11 пайыздан 6,5 пайызға дейін төмендетілген мөлшерді енгізу, ауыл шаруашылық іс-әрекетінде пайдаланып жүрген объектілер бойынша көлік құралдары мен мүлікке салық төлеуден және қоршаған ортаға эмиссия үшін төлеуден босату;
2) дайындау іс-әрекет пен отандық ауыл шаруашылық шикізатты қайта өңдеуді дамытуды ынталандыру үшін бюджетке дайындаушы ұйыммен төленген ҚҚС барлық сомасын субсидиялау, сондай-ақ, мамандандырылған дайындаушы ұйымдармен, ауыл шаруашылығы өнімін дайындау, тасымалдау, сақтау және сатумен айналысатын қайта өңдеу кәсіпорындарымен немесе заңды тұлғаларды жеке қосалқы шаруашылықтармен өндірілген белгілі бір ауыл шаруашылық өнімін сатудан түскен пайданы жеке табыс салығынан босату ұсынылады;
3) ауыл шаруашылық малдың терісі мен жүнін қайта өңдеу, мақта, балықты қайта өңдеу, сондай-ақ, кондитерлік бұйымдарды өндіру сияқты маңызды бағыттарға ҚҚС бойынша 70% салық жеңілдігінің қолдануын кеңейту;
4) ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) атрибуттарды, бйымдарды, жабдықтар мен аспаптарды, әр-түрлі формалардағы ветеринарлық препараттардың (ветеринарияда пайдаланылатын (қолданылатын) дәрі-дәрмек құралдары) импортын ҚҚС босатуды көздейтін Салық кодексіне түзетулер енгізу және Салық кодексінен осындай қызметтер тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекіту қажеттілігін алып тастау;
5) ҚҚС кейін төленетін тәсілмен төленетін импортталатын тауарлар тізімін пысықтау бөлігінде, тауарды малды, жеміс-жидек дақылдардың және жүзімнің көшеттері мен жеміс-жидек дақылдардың және жүзімнің ұластырылған шыбық материалдары, құс шаруашылығы, мал азығын өндіру етті қайта өңдеумен толықтыру.
Осы ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдарға Салық салу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс тобында қарау үшін жолданды.
ҚР АШМ Баспасөз қызметі
Email: minagripress@gmail.com
Тел. + 7 7172 555 765
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus