Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ 2016 жылғы І тоқсандағы қызметінің қорытындысы

ҚР АШМ 2016 жылғы І тоқсандағы қызметінің қорытындысы

17.05.16 ж.                                                    Астана  қ. 

2016 жылдың бірінші тоқсандағы қорытындысы бойынша жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі былтырғы жылғыдан қарағанда 2,9%-ға ұлғайды және 317,8 млрд.тенгені құрады. Осы өсім мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемінің ұлғаю қаржысы есебінен 3% (303,6 млрд.тенге) қамтамасыз етілді.
Ауыл шаруашылығының негізгі дамуы инвестиция көлемі 22,1%-ға ұлғайды және 25,5 млрд.тенгені құрады.
Қазіргі таңда Қазақстанның оңтүтік, батыс және шығыс өңірлерінде көктемгі-егістік жұмыстары жүріп жатыр. Оның ішінде дәнді дақылдар–963,4 мың гектар, майлы дақылдар–586,1 мың гектар, көпжылдық шөптер–190,8 мың гектар, көкөніс-бақша дақылдары–160,2 мың гектар, картоп–84,3 мың гектар, қант қызылшасы–10,1 мың гектар және мақта өсімдігі–90,0 мың гектар аймақта егілді.
Жедел мәліметтер сүйенсек Ақтөбе облысынан басқа  республиканың барлық аймақтарында және аймақтық басқармалардағы ауыл шаруашылығы жағдайы  2016 жылдың 16 мамырға дейін егістік науқаны тоқтаған.
ҚР АШМ мен ҰЭМ бекітілген ағымдағы жылдың көктемгі-егістік жұмыстарын жүргізуге арзандатылған 366,8 мың тонна ЖЖМ жеткізілу қамтамасыз етілді.
2016 жылы ауылшаруашылығы дақылдары 21,6 млн. га алқапты құрайтындығын еске саламыз. Дәнді дақылдар 15,2 млн. га, майлы дақылдар – 1,9 млн. га, мал азықтық дақылдар – 4 млн. га, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 411 мың га алқапта орналастырылатын болады.

«ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру жалғасуда. 2016 жылдың 1 тоқсанда «Сыбага» жобасы шеңберінде 10 мың ІҚМ бас сатып алынды. 773 мың ІҚМ басын қамту арқылы 11 мың шаруашылық қатысады. Жайылым жерлерді игеру жұмыстары жалғасуда. 1,8 млн гектар жайылымды жерлерді айналымға салу үшін қазіргі таңда 848 құдық құрылуда. Ағымдағы жылы 600 құдық енгізіледі.

«Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы» заңнын жүзеге асыру барысында заңға тәуелді басазы қабылданды. Осыған орай ауыл шикізаттарын дайындау және қайта өңдеу үшін 10 өндіріс кооперативтерінің қызметі ұйымдастырылды.
«Астық туралы» заңның бағыты дұрысталды, астық қолхаттарының ақпараттық электронды жүйесі құрылды және астық нарығындағы субъекті арасында түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Фермерлердің жаңа жоғары өнімді сұрыптарға қол жеткезу үшін сұрыпты сынау жүйесін ырықтандыру бойынша нормативті-құқықтық базасы қалыптастырылды.

ЭДЫҰ ұсынысы шеңберінде Ұлттық банкімен техникалық көмек көрсету арқылы ҚР өсімдік шаруашылығына параметрлік (индикстік) жүйесін енгізу бойынша шартқа қол жеткізді.

Азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) министрлері конференциясының 7-сессиясы  шеңберінде Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы (АҚИҰ) құрылды. Сонымен қатар БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) офисі ашылды. FAO 2016 жылы техникалық көмек ретінде 1,05 млрд тенгені бөліп отыр.

Топырақтың гидромелиоративтік жағдайын  жақсарту және суландыру жүйесін қалыпқа келтіру үшін Ислам Даму Банкінің 300 млн. доллары тартылмақ.

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com
www.mgov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus