Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар 1 қаңтардан бастап “Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы” заңы күшіне енеді

1 қаңтардан бастап “Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы” заңы күшіне енеді

7.10.15 ж.
Астана қ.

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің төрағалығымен «Ауыл шаруашылығы кооперациялары» Заңы мен АӨК субсидиялау жүйесін реформалау сұрақтары талқыланды. Шараға «Атамекен» ҰКП, салалық қоғамдық ассоциациялардың өкілдері мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ауыл шаруашылығы кооперациялары» мен «Ауыл шаруашылығы кооперативтері мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» Заңдары күшіне енбек. Бұл заңдармен ауыл шаруашылығы кооперативтерінің статустары коммерциялық еместен коммерциялыққа өту және ауыл шаруашылығы кооперативінде табысты бөлу; жыл сайынғы ішкі аудитты өткізу үшін ревизиялық бірлестіктерге кіру мүмкіндігі; демократиялық принциптерін сақтау; өз мүшелеріне тауарды өзіндік құн есебімен сату принципі; ауыл шаруашылығы кооперативтеріне арнайы салық режимін қолдану; кооперативтердің ішкі аудит құнын 50%-ға дейін субсидиялау мүмкіндіктер қарастырылған.

Кооперация – бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің экономикалық ірілендіруі. Кооперациядан АШТӨ үшін басымдылықтар ол еңбек өнімділігінің жоғарлауы; нарыққа өткізу үшін тауарлардың ірі партиялардың қалыптасуы есебінен өнімге деген сұраныстың тұрақтылығы; өнім сапасының жоғарлауымен мамандандырудың күрделенуі; өндіріс қуаттылықтарын тиімді және толық қолдану; АШТӨ шығындарын оптимизациялау; маркетингтік ақпарат пен мемлекеттік қолдауға қолжетімділік; ауыл шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын төмендету есебінен АШТӨ табысының ұлғаюы.
Кооперацияның дамуын ынталандыру үшін Министрлік кооперативтер үшін субсидиялау нормативтерін жоғарлату бойынша қолданыстағы агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидиялау механизімін қайта қарастыруда.
Сондай-ақ, Министрлік «КазАгро» АҚ бірлесе ауыл шаруашылығы кооперативтерін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасын әзірлеуді жоспарлап отыр.
Өткен жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі қолданыстағы субсидиялардың тиімсізділігіне бірнеше рет көңіл бөлді.
Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі соңғы 7 жыл ішінде 3,5 есе өсіп, 2014 жылы 146,6 млрд. теңгені құрады (2008 жылы – 41,4 млрд. теңге).
Бұған қоса, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің өсімі мемлекеттік қолдау көлемінен баяу өсуде.
Бұл кейбір субсидиялардың ынталандыру тиімділігінің төмендігімен байланысты. Бұған өсімдік шаруашылығындағы гектарға берілетін және мал шаруашылығындағы өнімділікті жоғарлату субсидиялар жатады. Осы субсидиялар өнім тиімділігіне қарамастан егіс алқаптары мен өндірілген өнімге төленеді. Мұнымен аталмыш мемлекеттік қолдау шарасын әкімшілік ету қиын және сауым мен егінді артығымен жазуды ынталандырады.
Мәселені талдау көрсеткендей сапалы гербицидтерді, тыңайтқыштарды, а/ш техникасын, тұқымды, жоғары өтімді инфрақұрылымды және т.б. қолдану арқылы қалыптасатын АӨК бәсекеге қабілеттілігінің маңызды жағдайы ол технологиялылық.
Осыған байланысты жоғары аталған субсидиялар түрін қысқартып, осы қаражат көлемін тиімді субсидияларға бағыттау шешім қабылданды: инвестициялық субсидия, сыйақы пайызын субсидиялау, өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру, ҚҚС субсидиялау, асыл-тұқымды іс, ғылыми ұйымдардың қызметіне кеткен бизнес қауымдастықтарының шығындарын субсидиялау, фитосанитарлық қызметтерді нығайту.

Мемлекет басшының тапсырмасына сай ҚР АШМ ғылыми ұйымдар қызметтеріне бизнес-ассоциациялардың шығындарын субсидиялау механизімін әзірледі. Енді, бизнесті ғылыми зерттеулерді бірлесе қаржыландыруға ынталандыру үшін Министрлік ғылыми зерттемелерде қатысатын бизнеске субсидия бөлу жоспарланып отыр. Яғни, ғылымның дамуына қаражат қосқан және нәтижелерді өндірісте қолданған бизнес өкілдеріне субсидия беріледі.

Аталмыш механизм әзірленуде, сондай-ақ заңнамаға өзгерістер енгізуді қажет етеді. Қызметтің бұл түрін 2017 жылдан бастап енгізу жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, АӨК субъектілеріне ақысыз түрде ауыл шаруашылығы саласында ақпарат ұсынуды негізгі шаруашылықтарда оқыту семинарларын өткізу арқылы іске асырылмақ. Бұл бағдарламаны «Атамекен» ҰКП мемлекеттік тапсырма беру арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172)55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

27.11.2015 12:05

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus