Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Карантинге жатқызылған өнімдерді тасымалдаған 90 заңсыз әрекеттің жолы кесілді

Карантинге жатқызылған өнімдерді тасымалдаған 90 заңсыз әрекеттің жолы кесілді


2018 жылғы 1-14 желтоқсан аралығында Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан, Шығыс-Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстық аумақтық инспекцияларының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларымен Ресей Федерациясынан, Өзбекстаннан және Қытайдан карантиндік фитосанитариялық қаупі жоғары карантинге жатқызылған өнімдердің 90 заңсыз әкелінген әрекеті анықталды.
Карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде Ресей Федерациясынан – 1,3 тонна-құрама жем, 2,5 тонна-банан, 1 тонна- сарымсақ, 51 тонна-бидай, 1,05 тонна-грек жаңғағы, 1 тонна-кепкен жемістер, 21,25 тонна-бидай ұны, 20 тонна-бидай жем жармасы, 10 тонна- күнбағыс, 40 тонна-картоп, 0,5 тонна-қияр, 57 ш.м.-ағаш кесінділері және Қытайдан 1,5 ш.м.-ағаш кесінділері, 3 тонна-үрмебұршақ фитосанитариялық сертификатсыз тасымалданғаны анықталды.
Сонымен қатар, Өзбекстаннан қол жүгін тасымалдауға қойылған шектеулерге қарамай, осы көрсетілген аралықта 64 жағдайда карантинге жатқызылған өнімдердің (2,48 тонна жеміс, кепкен жеміс, көкөніс, жаңғақ, 17 дана көшет, 1297 дана гүл кесінділері) әкелгендігі анықталды.
Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес, аталған өнімдер Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тиым салынған. Жүктер Ресей Федерациясына, Қытайға және Өзбекстанға кері қайтарылып, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved