Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2015 жылғы алғашқы қорытындылары

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2015 жылғы алғашқы қорытындылары

Баспасөз хабарламасы

18.12.15 ж.                                                                                                                          Астана қ.

 

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі

комитетінің 2015 жылғы алғашқы қорытындылары

 

          Үстіміздегі жыл Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұйымдары үшін қауырт жыл болды.

          Ауаның жоғары температурасы, жауын-шашынның аз түсу, сондай-ақ орман қоры аумағында шөптің құрғап қалуы 2015 жылы жоғары өрт қаупінің орын алуына түрткі болды.

          Биыл мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттерінің 429 оқиғасы жойылды.

          Өкінішке қарай, ағаштың заңсыз кесілуінің көбеюіне жол берілді.

          Бүгінгі күнге республиканың мемлекеттік орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесудің барлығы 606 оқиғасына тосқауыл қойылды.

          Әкімдіктердің қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінің ең көп көлемі Шығыс Қазақстан (1105 м3), Қызылорда (154,2 м3), Жамбыл (98,6 м3), Солтүстік Қазақстан (134,6 м3) облыстарында орын алды.

          Ағаштың заңсыз кесілу фактілері бойынша Шығыс Қазақстан облысында материалдар тергеуге дейінгі тексеру жүргізіп, процестік шешім қабылдау үшін Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына жолданды.

          Солай бола тұра ормандарды молықтыру мен орман өсіру көлемдерінің ұлғаюы байқалады.

          2015 жылы мемлекеттік орман қоры аумағында 57,8 мың га алқапта, оның ішінде Комитеттің қарауындағы мекемелерде 9,7 мың га алқапта ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді, бұл жоспарлы көрсеткіштерден жоғары.

          Ағаш отырғызу жұмыстарының барынша көп көлемі Оңтүстік Қазақстан (20,5 мың га), Қызылорда (13,4 мың га), Жамбыл (5,0 мың га) облыстары әкімдіктерінің орман мекемелерінің аумағында орындалды. Ең аз көлемі Павлодар – 16,5 га және Атырау – 215 га – облыстарында байқалады.

          Өткен жылы Елбасының Астана қаласының жасыл аймағын құру жөніндегі тапсырмасын орындау жұмыстары жалғастырылды, мұнда биыл 5,3 мың га жерге ағаш отырғызылды. Жалпы алғанда жұмыстар басталғаннан бері осында 73 мың га жасыл екпелер егілді.

          Үстіміздегі жылы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциялары табиғат қорғау заңнамасының сақталуын тексеру бойынша 9563 рейд өткізілді. 6197 хаттама толтырылды. 5923 адам әкімшілік жауаптылыққа және 64 адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

          2015 жылға келісілген шараларды орындау мақсатында облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциялары «Нұр Отан» ХДП жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік Қоғамдық Кеңестердің қатысуымен биоресурстарды қорғау бойынша бірлескен іс-шаралар жүзеге асырылды.

          Аумақтық инспекциялар мен «Нұр Отан» ХДП жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік Қоғамдық Кеңестердің өкілдері  орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы табиғат қорғау заңнамасын бұзуды тыю бойынша 161 рейд өткізді.

          Рейділердің нәтижелері бойынша өткен кезеңде табиғат қорғау заңнамасының 91 бұзылуы анықталды.

          Балықтың заңсыз аулану фактілерінің алдын алу, анықтау және тыю жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Жайық-Каспий бассейнінде балықтардың бекіре түрлерін қорғауға айырықша көңіл бөлінеді.

          Балық қорғау органдары 2015 жылы 6,5 мың рейд өткізді, табиғат қорғау заңнамасының 5149 бұзылуын анықтады. Тәртіп бұзушыларға 69,8 млн. теңге сомаға айыппұл салынды, оның 50,2 млн. теңгесі немесе 72 % өндіріп алынды. 

          Браконьерлікке қарсы күресу мақсатында құқық қорғау және табиғат қорғау органдарымен бірлесіп Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарында бекіре және басқа да балық түрлерінің уылдырық шашу кезеңінде «Бекіре – 2015» балық қорғау акциясы өткізілді.

          Жүргізілген кең көлемді жұмыстың нәтижесінде табиғат қорғау заңнамасын бұзу мөлшері өткен жылмен салыстырғанда азайды.

          Балық ресурстарын пайдалануды реттеу балық шаруашылығы су айдындарын пайдаланушыларға ұзақ мерзімге бекітіп беру арқылы жүзеге асырылуда.

          2015 жылға жағдаймен республика бойынша 3047 балық шаруашылығы су айдыны мен учаскесінің 1767 су айдыны немесе 58,0 %  бекітіп берілген.

          Табиғи өсімін молайту үшін жағдайлар жасау жөніндегі іс-шараларды іске асыру арқылы балық ресурстарын еселей түсу, сондай-ақ зауыттық әдіспен жасанды жолмен өсімін молайтуды жүзеге асыру маңызды бағыт болып табылады.

          2015 жылы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде республикалық балық питомниктері бағалы балық түрлерінің 168 млн. дана шабақтарын өсіріп, табиғи су айдындарына жіберді.

 

Пресс-служба МСХ РК

+7 (7172)55-57-65

E:minagripress@gmail.com 

W: www.mgov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus