Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР Үкіметі АӨК салық салу тәртібін жетілдіру бойынша АШМ-нің ұсыныстарын қолдады

ҚР Үкіметі АӨК салық салу тәртібін жетілдіру бойынша АШМ-нің ұсыныстарын қолдады

ҚР Үкіметі Ауыл шаруашылығы министрлігінің «АӨК саласында салық салу тәртібін жетілдіру туралы ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу» заңнамаға ұсыныстарын қолдады.
Атап айтқанда, жер салығы бойынша шаруа (фермерлік) қожалықтар үшін аймақтарға байланысты барынша жер учаскелерінің нормативін енгізе отырып бірыңғай жер салығын сақтау ұсынылып отыр. Арнайы салық режимі қайта өңдеумен өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін сатумен айналысатын, ҚҚС төлемшісі болып саналмайтын заңды тұлғалар үшін сақталады. Мұнымен, жер салығына 70 пайыздық жеңілдіктер алынады, оның орнына ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер қоршаған ортаның эммиссиясы үшін төлемінен босатылады.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше жалпы көлемі 6,8 млн. гектарды құрайтын 18 мың жер учаскелері иелерімен қолданылмайды. Осы ретте, жер салығы ставкасын 5 есеге өсіріп, аймақтарға пайдаланылмай жатқан жерлердің ставкасын ұлғайтуға құқық бере отырып 10 есеге өсіру ұсынылып отыр. Мұнымен, өсім ұлғайту біріңғай жер салығы негізінде арнайы салық режимін қолданатын фермерлік және шаруа қожалықтарына таралмайды.
Бұдан басқа, дайындаушы ұйымдардың ауыл шаруашылығы өнімдерін сатудан түскен жылдық жиынтық табысы 90 % кем болмаған жағдайда, дайындаушы ұйымдармен бюджетке төленген ҚҚС сомасы субсидия түрінде компенсацияланады. Жеке қосалқы шаруашылықтармен өндіріліп, қайта өңдеу кәсіпорындары немесе дайындаушы ұйымдарға сатылған, белгілі бір ауыл шаруашылығы өнімдерін сатудан түскен табыс жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады.
Сондай-ақ, АШМ ауыл шаруашылығы жануарларының жүндері мен терілерін, балықты, мақтаны қайта өңдеу, сондай-ақ кондитерлік және макарон өнімдерінің өндірісі сияқты бағыттарға ҚР Салық кодексінің 267 бабында көрсетілген ҚҚС бойынша салықтық 70% жеңілдіктің күшін кеңейтті. Бұл шара дайын өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, отандық компаниялардың тауар көлемін ұлғайтуға септігін тигізбек.
Бұдан басқа импортталатын тауарлар тізімі тауарлы малдардың барлық түрлерімен, жеміс-жидек дақылдары мен жүзім көшеттері (жеміс-жидек дақылдары, жүзімнің ұластырылған шыбық материалдары), құс шаруашылығы, етті қайта өңдеу мен азық-жем өндірісімен толықтырылды. Бұлар бойынша қосымша құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленеді.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172)55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus