Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Үкімет азық-түлік бидайының сатып алу бағасын анықтады

Үкімет азық-түлік бидайының сатып алу бағасын анықтады

Үкімет отырысында астықтың мемлекеттік ресурстарына «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компания» АҚ сатып алынатын азық-түлік бидайының бағасы ҚҚС төлеушілер үшін   1 тоннасына 28000 теңге, ҚҚС төлемеушілерге 1 тоннасына 25000 теңге көлемінде белгіленді.

Мемлекеттік ресурстарға сатып алынатын астықтың сапа көрсеткіштері:

жаратылысы – 710 г/л және одан жоғары, басқа сапа көрсеткіштері – ҚР СТ 1046-2008 «Бидай. Техникалық жағдайлар» 3 сынып үшін нормалардан төмен емес. 

Астықты мемлекеттік ресурстарға 2013 жылғы егіннен сатып алу азық-түліктік астықтың мемлекеттік резервін жаңарту, азық-түлік қауіпсіздігін,  астық нарығын жедел реттеу және республиканың мобилизациялық қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік астық ресурсына жеткізілетін астықтың сатып алу бағасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы мүдделі органдарда келісу процедурасын өтуде.

 

            ҚР АШМ баспасөз қызметі

Контакты: тел. +7 (7172)55-57-65

info_mcx@mail.ru

www.minagri.gov.kz

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus