Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы министрінің құттықтау сөзі

Ауыл шаруашылығы министрінің құттықтау сөзі

Құрметті ауыл шаруашылығы қызметкерлері!

Сіздерді келе жатқан ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ауыл шаруашылығына елдің азық-түлік қауіпсіздігі ғана емес, мемлекеттің қоғамдық-саяси тұрақтылығы, азаматтардың әл-ауқаты, ұлттың денсаулығы, қазіргі және болашақ ұрпақтың игілігі де байланысты. Яғни, агроөнеркәсіптік кешен еліміздің гүлденуі мен игілігі үшін айрықша маңызға ие.
Елімізде биыл 20,8 млн. тонна дәнді дақыл жиналды, бұл тәуелсіздік жылдарындағы жалпы түсімнің орташа мәнінен 18%-ға жоғары.
2013 жылы алдын ала болжам бойынша өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 17%-ға, мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 2,5%-ға ұлғайып отыр.
Биылдан бастап «Агробизнес-2020» жаңа стратегиялық бағдарламасы жұмыс істей бастады, ол Кеден одағы мен алдағы ДСҰ-ға кіру жағдайында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың жаңа құралдарын көздейді. 2020 жылға қарай ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі 3 трлн. теңгеге дейін еселеп артатын болады.
Бұл жетістіктердің барлығы ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің жанкешті еңбегі мен ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған салихалы саясаттың нәтижесі деп білемін.
Баршаңызды осынау маңызды мерекемен құттықтап, мықты денсаулық пен бақуатты тұрмыс тілей отырып, еңбекте жаңа табыстарға жете берулеріне тілектестігімді білдіремін!
Ауыл шаруашылығын дамыту мен өркендету жолындағы бірлескен жұмысымыз жемісті болсын.
Әрқашан еліміз аман, халқымыз тыныш болғай!

Ізгі ниетпен, ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus