Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет «Ауылшаруашылық дақылдарының сорттарын сынау бойынша заттай нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

«Ауылшаруашылық дақылдарының сорттарын сынау бойынша заттай нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Жобада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның – әзірлеушінің ақпараты

1

Мемлекеттік орган –әзірлеуші

Қазақстан Республикасының  Ауылшаруашыылық  министрлігі

2

Қаулы жобасын қабылдау қажеттілігін негіздеу  Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің «Ауылшаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» ММ (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) коммерциялық ұйым болып табылмайды, Қазақстан Республикасында сорттық саясатты қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық өнімдерінің өндірістегі көлемін кеңейту үшін жаңа жоғары өнімді, сапалы және сорттардың нақты сипаттамасын анықтау мақсатында шаруашылық тиімділігіне және патент қабілеттілігіне ауылшаруашылық дақылдарына мемлекеттік  сынау жүргізу  – оның негізгі мақсаты болып табылады. Ауылшаруашылық дақылдарының мемлекеттік сортсынау жөніндегі жұмысын 12 облыстық, 3 аймақтық инспектуралар, 2 мелмекеттік сортсынау станциялары және 74 мемлекеттік сортсынау учаскелері жүргізеді, олардың әрқайсысы ғылыми негізделген, топырақты құрамымен, ылғалмен қамтамасыз етулуімен,  температуралық режиммен және өндірісті-шаруашылық мамандануымен ерекшеленетін нақты топырақты климаттық аймаққа қызмет етеді және тиісінше бірыңғай мемлекеттік қызметті құрайды. Мемлекеттік комиссия жұмысының  ғылыми, тәжірибелі-өндірістік ерекшелігін ескере отырып, сонымен қатар, тапсырмалар мен міндеттердің тиімді орындалуын қамтамасыз ету, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында нормативтердің жабдықталуын құрал саймандармен және материалды – техникалық құралдармен бекіту қажет. Бұл Мемлекеттік комиссия бөлімшелерінің жаңа технологиялар бойынша жұмыс істейтін алдыңғы қатарлы техникалармен жабдықталған басқа да ауылшаруашылық кәсіпорындарының жабдықталуына қарағанда біршама артта қалып отырғандығымен негізделеді. Мемлекеттік комиссиясының материалды-техникалық базасының тұтунышылық қамсыздығы – 45%, қазіргі кезде амортизациялық тозығы – 90% құрайды. Мысалға; Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі мекемелерін материалды-техникалық құралдарымен  және жабдықтармен жабдықтау нормативтерінің есептеу Әдістемесіне сәйкес Мемлекеттік комиссияның тракторлы дөңгелектеріндегі тұтынушылық – 104 есеп айыру бірлігі, қазіргі кездегі  қамтамасыз ету – 67% пайыз, селекциялық комбайндармен – 70 бірлік, қамтамасыз ету – 24% пайыз. Осындай жағдай астық тазартқыш және егін жинайтын техникаларда да көрініс табады.

3

Жоба қабылданған жағдайда күтілетін әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар Бекітілген нормативтерге сәйкес Мемлекеттік  комиссияның материалды-техникалық жабдықталуы шаруашылық тиімділігіне және патент қабілеттілігіне сыналатын сорттарға сапалы баға беруге,  жүргізілетін талдау бойынша нақты мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Ғылым мен өндірістің торабында тиісті деңгейде жұмыс жүргізуге және жаңа технологияларды қолдануға мүмкіндік береді. Сортсынау процессінің техникалық жабдығы ауылшаруашылығын аймақтық жүйемен жүргізуге ұсынылған барлық агротехникалық жұмыстардың толық көлемде дер кезінде орындау есебінен тәжірибелік жұмыстың сапасын арттыру, оны тиімді дамытудың басты факторы болып табылады. Бұл өз кезегінде еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі мен өсімдік шаруашылық өнімдерін өндіруде оң  көрініс табады.

4

Жобаның жүзеге асырылуына байланысты күтілетін қаржылық  шығындар Қаулы жобасын жүзеге асыру  қаражаты 10341962 мың теңге сомасында «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»  Қазақстан Республикасының Заң жобасында қарастырылған, оның ішінде; 201бюджеттік бағдарлама бойынша «Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің ұйымдары мен ведомтсвааралық мемлекеттік мекемелерінің күрделі қаржы шығындары» – 8934984 мың теңге; 214- «Өсімдік шаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету»бағдарламасының 100  кіші бағдарлама бойынша – «Ауылшаруашылғы дақылдарының сорттарын сынау бойынша көрсетілетін қызметтер»– 1406978 мың.теңге.

5

Қаулы қабылданған жағдайда күтілетін нәтижелердің нақты мақсаты және мерзімі, енгізілетін ұсыныстардың тиімділігі Мақсаты – жарықтандыру нормативтерін  жабдықтармен және материалды-техникалық құралдармен анықтау. Күтілетін нәтиже мерзімі – 2014 және келесі жылдар

6

Жобада қарастырылып жатқан мәселелер бойынша бұрын қабылданған Президент және/немесе Үкіметтің актілері және және олардың жүзеге асырылуы ітуралы мәлімет Жоқ

7

Жобаны кейіннен заңға сәйкестендірудің қажеттігі Жоқ

8

Премьер-министрдің  тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қоысмша (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және тағы басқа) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері Жоқ

9

Басқа да мәліметтер  Жоқ

10

Мәліметтерді  (үзіндіден көшірме) Үкімет мүшелерінің мобильді құрылғыларына  «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильді офисі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі.

11.

Жобаның интернет-ресурста орналастырылғаны туралы ақпарат www.minagri.gov.kz

 

 

 Қазақстан Республикасы      Ауыл шаруашылығы министрі                                              А. Мамытбеков

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus