Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет «Сорттың патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 337 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

«Сорттың патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 337 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

                                                                     

Реттік №

Олар түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізімі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1

2

3

1

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

2

Жобаны қабылдаудың қажеттілігіне негіздеме «Тұқым шаруашылығы туралы»     2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы     7-1) тармақшасын іске асыру мақсатында

3

Жобаны қабылдау жағдайында күтілетін әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды

4

Жобаны іске асыру жағдайында күтілетін қаржы шығындар

Қажет етпейді

5

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаты, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжамдалатын тиімділік Республиканың ауыл шаруашылығы өндірісіне отандық және шетелдік селекциялардың ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің жаңа жоғары өнімді сорттарын енгізу мақсатында, шаруашылық пайдасына және патентке жарамдылығына ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары мен гибридтеріне мемлекеттік сынақ жүргізу мақсатында

6

Жобада қаралатын және оларды іске асыру қорыттындылары  мәселелері бойынша бұрын қабылданған Президенттің және/немесе Үкіметтің актілері туралы мәлімет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы                 22 сәуірдегі «Сорттың патент қабiлеттiлiгi мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттiк сынақтың немесе өтiнiш берушiнiң деректерi бойынша бағаланатын өсiмдiктердiң тектерi мен түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» № 337 қаулысы

7

Заңнамаларды кейін жобаға сәйкес келтірудің қажеттілігі

Қажет етпейді

8

Басқа ұйымдарда Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша  оны жүргізген жағдайда қосымша сараптамалардың (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқалар) қорытындылары

Жоқ

9

Басқа мәліметтер

Жоқ

10

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құралдарына материалдарды (үзінділерді) беруге рұқсат етіледі.

Рұқсат етіледі

11

Жобаның интернет-ресурста орналастырылғаны туралы ақпарат

www.minagri.gov.kz

 

 

     Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі                                         А. Мамытбеков

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus