Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

Реттік №

Олар түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізімі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

2.

Жобаны қабылдаудың қажеттілігіне негіздеме «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкестендіру

3

Жобаны қабылдау жағдайында күтілетін әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды

4.

Жобаны іске асыру жағдайында күтілетін қаржы шығындар

Қажет етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаты, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжамдалатын тиімділік «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдрадың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес

6.

Жобада қаралатын және оларды іске асыру қорыттындылары  мәселелері бойынша бұрын қабылданған Президенттің және/немесе Үкіметтің актілері туралы мәлімет 1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 қазандағы «Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының үлгi нысанын бекiту туралы» № 1036 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж.,       № 40, 445-құжат);

2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 2 наурыздағы «Биоотын өндiрушiлердiң биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi органға биоотын өндiрiсiне мониторингiн жүзеге асыру үшiн қажеттi есептерiнiң нысандары мен оларды табыс ету қағидасын бекiту туралы»                         №212 қаулысы («Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 13 сәуiрдегi № 145-146 (26548); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж.,       № 23, 288-құжат);

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы «Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» № 485 қаулысы (ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің Актілер жинағы, 2011 ж., № 37, 451-құжат)

7.

Заңнамаларды кейін жобаға сәйкес келтірудің қажеттілігі

Қажет етпейді

8.

Басқа ұйымдарда Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша  оны жүргізген жағдайда қосымша сараптамалардың (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқалар) қорытындылары

Жоқ

9.

Басқа мәліметтер

Жоқ

10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құралдарына материалдарды (үзінділерді) беруге рұқсат етіледі.

Рұқсат етіледі

11.

Жобаның интернет-ресурста орналастырылғаны туралы ақпарат

www.minagri.gov.kz

 

 

      Қазақстан Республикасы                                                         А. Мамытбеков

Ауыл шаруашылығы министрі         

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus