Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауды түсіндіру бойынша алқа отырысы өтті

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауды түсіндіру бойынша алқа отырысы өтті

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауды түсіндіру бойынша алқа отырысы өтті.
Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков агроөнеркәсіп кешені саласы алдында үлкен міндеттер тұрғанын атап өтті. Мемлекет басшысы жаңа Жолдауында әсіресе тамақ өнеркәсібін дамытуды атай отырып, басталған бағдарды жалғастырудың қажеттілігін атап көрсетті.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын қайта жаңғырту шеңберінде Министрлік халықты ауыз сумен қамтамасыз ету, Шығыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарының пайдаланылмайтын суармалы жерлерін қалпына келтіру мақсатында топтық су құбырларын салуға және жаңартуға жыл сайын қаржы бөлуді жоспарлап отыр.
2015–2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасында шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау шаралары қарастырылған. Оның ішінде, ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін кәсіпорындар үшін ауыл шаруашылығы шикізаты мен қаржы қызметтеріне қол жеткізу міндеттерін шешуге, саладағы өндірістік инфрақұрылымдық кедергілерді (коммуналдық, көліктік қызметтер, ыдыстар мен орамаларға шыққан шығындар және басқалары) төмендетуге бағытталған. Бұдан басқа отандық азық-түлік тауарларын өткізуді кеңейту, тағам өнімдерін тұтыну мәдениетін және тамақ индустриясы саласында техникалық реттеуді дамыту, экспорт/импортты саудалық реттеуді жетілдіру, сондай-ақ білікті кадрлармен қамтамасыз ету бойынша ауқымды қызмет жалғаспақ. «Тағам өнімдері» бағытын қаржыландыру үшін Министрлікпен Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасына тиісті өзгерістерді енгізу жоспарланып отыр.
Шағын және орта бизнеске, сондай-ақ тамақ өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпкерлікке жеңілдікпен кредит беру үшін тамақ және химия өнеркәсібіне, машина жасауға, сондай-ақ, қызмет көрсетулер саласындағы жобаларға жеңілдікпен кредит беруге бағытталған 100 млрд. теңге бөлінеді.
Сондай-ақ, алқа отырысы барысында ветеринария мәселесі пысықталды. Жалпы республика бойынша жеке ошақтармен созылмалы ауруларды санамағанда жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотикалық жағдайдың тұрақтылығы байқалып отыр. 2014 жылдың қаңтарынан қараша айына дейін жануарлардың 145 инфекциялық ауруы тіркелді. Өткен жылдың көрсетілген уақытымен салыстырғанда ошақтар саны 20 %-ға қысқарды (2013 жылдың 10 айы ішінде 181 ошақ тіркелген).

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus