Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Шортанды ауданы:көктемгі егіс жұмыстары 2-3 күн аясында толық аяқталады

Шортанды ауданы:көктемгі егіс жұмыстары 2-3 күн аясында толық аяқталады

8282424
Астана. 8 маусым. Baq.kz –Бүгінгі күні Ақмола облысы Шортанды ауданына қарасты егін жай шаруашылықтары егін егу жұмыстарын аяқтап қалды. Мамыр айында көп жылдық орташа нормадан 3 есеге артық жауған жауын-шашыннан осы аудандағы «Аралтөбе» ЖШС мен «Октябрьский» ЖШС егін шаруашылықтары жоспарланған мерзімнен 4-5 күнге кешігуде. Алайда ауа райының қолайсыздығына қарамастан егіс жұмыстарын алдағы 2-3 күндік аясында толық аяқтамақ.

«Қазір соңғы алқаптарға дәнді дақылдарды себу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Биылғы жылы ауа райының жаңбырлы болуына байланысты егін егу уақытынан кешігіп отыр. Біздің шаруашылық 2-3 күн аясында барлық жұмыстарды толық бітіреді деп отырмыз. Жаз-күз айларындағы бақылау жұмыстары өз уақытында жүргізілетін болады. Сондай-ақ, өндіріске бейімделген заманауи техникалар жұмыс өнімділігін арттыра түсті. Шаруашылықта техника жетіспеушілігінен басқа, ауа райының құбылмалылығы басты мәселе» дейді «Аралтөбе» ЖШС атқарушы директоры Александр Гейгер.

Директордың айтуынша, 14 мамырдан 4 маусым аралығында егін егу жұмыстары аяқталуы тиіс болған. Серіктестікте 150 адам 3 бригада болып жұмылуда. Барлық егіс алқабының көлемі 19 800 га.

Сондай-ақ, қолданыстағы егіс техникасының қуаттылығы күніне 1 млн га дәнді дақыл себуге мүмкіндік береді. Яғни, ауа райы қолайлы болса, қалған 2,1 млн гектарды 2-3 күн ішінде аяқтауға болады.

Бұған қоса, егіс жұмыстарын уақытылы өткізу ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің өздеріне де байланысты. Заманауи техникамен технологияны қолданып, жұмыс үрдісін дұрыс ұйымдастырған шаруалар егін егу жұмыстарын уақытылы аяқтап, мол астық өнімін алуға ниетті.

Жоспарланған уақытта көктемгі егіс жұмыстарын аяқтап үлгерген шаруаның бірі «СХП Октябрьское» ЖШС. Шаруашылық директоры Эрвин Шварцтың айтуынша егіс жұмыстарының уақытылы аяқталмауының бір себебі жаңа техника мүмкіндігінің жетпісеушілігі.

«Көтемгі егіс жұмыстары сәтті аяқталды. Биылғы жыл жауын-шашынды болып басталды. Ылғалдың көптігіне қарамастан заманауи техникалардың көмегімен егіс жұмыстарын уақытылы аяқтап үлгердік. Өзге әріптестеріме сәттілік тілеймін. Біздің бидай өнімдері әлемнің көптеген елдерінде сұранысқа ие. Жыл сайын өзімізден бөлек Еуропа елдеріне экспорттап келеміз. Былтырғы жылы қатты бидайдың нарықтағы бағасы центнеріне 72 теңге болды, жұмсақ бидай 44 теңгеге жуық бағаны құрады. Менің ойымша көптеген егіс шаруаларының уақытында аяқталмауына біріншіден ауа райының қолайсыздығы, екіншіден жаңа техниканың жетіспеушілігінен. Мұндай әрине механизатор жұмысының, кәсіби біліктілігі мен тәжірибесінің де маңызы зор. Әлем бойынша экономды техникаға жататын бюлер тракторлары қарапайым Кировец тракторларынан үш есе жұмыс өнімділігі артық» дейді ол.

ҚР АШМ вице-министрі С. Омаров шаруаларға көмек ретінде “Егінжай” лизингтік бағдарламасыбар екендігін алға тартады.. Бағдарлама арзандатылған сыйақы мөлшерлемесі мен алдын ала төлемсіз жеңілдікпен ауыл шаруашылығы техникасын алуға мүмкіндік береді. Алайда шаруалар ұсыныстың тиімділігін анықтап барып қана, нақты бір шешім қабылдайтындықтарын айтады.

Ая ӨМІРТАЙ

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus