Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Қазақстанның басым бөлігінде егіс науқаны аяқталып қалды – ҚР АШМ

Қазақстанның басым бөлігінде егіс науқаны аяқталып қалды – ҚР АШМ

Республиканың көптеген өңірлерінде егіс науқаны аяқталуға жақындады, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің сарапшысы Сағынтай Жұмажанов.

«Үстіміздегі жылдың 6 маусымына дейінгі жағдай бойынша дәнді дақылдар 15 млн га аумақта егілген, оның ішінде – 13 млн га бидай, бұл белгіленген жоспардың 99% құрайды. Барлық дақылдар бойынша егіс қорытынды кезеңде жүріп жатыр. 170 мың гектарға дәнді дақыл егу ғана қалды. Екі-үш күнде егіс толығымен аяқталады», – деді С. Жұмажанов.

Бұдан өзге, 10 маусымға дейін жүгері, күріш, көкеніс және картоп егісі аяқталады.

Дала жұмыстары туралы жедел мәлімет бойынша, жүгері 96 мың га аумаққа, күріш 89 мың га, майлы дақылдар 1,9 млн га, картоп 173 мың га отырғызылған, көкеністер мен бақша дақылдары 193,7 мың га орналасқан, мақта егісі 138 мың га, қызылша – 5,2 мың га құрайды.

Сонымен қатар, сарапшының мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында алқаптар толығымен егілмеген – 138 мың га, оған қоса, Қарағанды облысында – 16 мың га, Павлодар облысында – 23 мың га.

«Биыл Солтүстік Қазақстан облысында дала жұмыстарын жоспарлаған мерзімде аяқтауға ауа райы жағдайлары кедергі болды, жиі жауын жауды. Егер өңірлер бойынша айтатын болсақ, дәнді дақылдардың егіс жұмыстары Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарында аяқталған», – деп хабарлады С.Жұмажанов.

Бұдан өзге, Ауыл шаруашылық министрлігінің өкілі ағымдағы жылы егін егуге қолайлы ауа райы қалыпасып келе жатқанын атап өтті.

«Қазгидрометтің мәліметінше, ауаның және топырақтың температурасы дақылдың көктеуі мен өсуіне кедергі келтірмейді. Шегірткенің тарауынан келетін зиян дақылдарға қауіп төндірмейді. Қазіргі уақытта пестицидтердің жеткілікті мөлшері сатып алынған. Зиянкестер пайда болған жерлерде бірден өңдеу жүргізіледі», – деп қортындылады С.Жұмажанов.
http://www.primeminister.kz/news/show/29/posevnaja-kampanija-v-bolshinstve-oblastej-kazahstana-blizitsja-k-zaversheniju-msh-rk-/07-06-2013

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus