Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қызылордалық күріш өсірушілер 2,9 млрд теңге мемлекеттік субсидияға ие болды

Қызылордалық күріш өсірушілер 2,9 млрд теңге мемлекеттік субсидияға ие болды

Қызылордалық күріш өсірушілер 2,9 млрд теңге көлеміндегі мемлекеттік субсидияға ие болды. Бұл туралы Bnews.kz тілшісіне облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.

«Егіншілер еңбегін субсидиялау жағынан қарағанда ең бастысы – бір гектар жердегі күрішті күтіп – баптауға бөлінетін 18 мыңды 25 мың теңгеге дейін көбейту үшін мемлекеттік субсидияларды ұлғайту болып табылады», – деді ол. – Мемлекеттік қолдаусыз күріш шаруашылығы тиімсіз болады. Жыл басында бірқатар шаруашылық қаржы тапшылығын бастан кешірді, тіпті кейбір елді-мекендердің тұрғындары жұмыссыз қалады деген қауіп төнді. Облыс бұндай шаруашылықтарға жанар-жағармай мен тұқым алуға қол ұшын берді. Қазіргі таңда шағын шаруашылықтардың жұмысын жеңілдету үшін аграрлық секторда несие серіктестерін ашу мәселесі қарастырылуда».

Дүйсебаевтың айтуынша, қазіргі таңда күріш өсірушілер өнімді жинауға дайындалуда. Отын мәселесі шешілді. Қазіргі таңда белгіленген бағамен 3,3 мың тонна отын үшін қаржы аударылды, 2,3 мың тоннасы облысқа жеткізілді.

http://bnews.kz/kk/news/post/152723/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus