Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Полиция қызметкері заңсыз аң аулап жүр

Полиция қызметкері заңсыз аң аулап жүр

2016 ж. 30 қараша күні рейдттік шаралар барысында «Бұланды Мекен» ЖШС қорықшы қызметімен «Элен» ауыл шаруашылығының Ақмола облысы Ұлтуған ауылы аумағы арасында автокөліктің жарық сәулесі байқалды. Осы автокөліктің ізіне түсу мақсатында қорықшы қызметкерлері көліктің фарасын жақпай жарық сәулесі байқалған жаққа қарай қозғалыс бастады. Жақындаған кезде қорықшы қызметкерлер алыс жарықты жағып автөкөлікті тоқтатты. Осы кезде автөкөліктің жылтыл жарығы жанып жолаушылар орнынан форма киген полиция қызметкері шығып, қорықшы қызметкердің автокөлігін тоқтатуға әрекет етті. Қорықшы қызметкерлер аң аулау шаруашылығының аумағында полиция қызметкері не мақсатпен жүргенін сұрастырған кезде, одан нақты жауап ала алмады.
Нақты жауап бере алмаған полиция қызметкері автокөлігіне отырып ізін суытты. Әрі қарай қорықшы қызметкерлер полиция көлігінің ізіне түсті. Із бойынша 50 метр жерде қан ізді оқ атқан жарақатымен екі қабанның денесі табылды.

Осы факт бойынша 102 телефон нөміріне хабарланды. Бұланды ауданының ІІБ жедел-тергеу тобы, Ақмола мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері және Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы инспекторлары келген соң заңсыз аң аулау жерін қайта тексеру нәтижесінде қанды іздер бойынша 12 калибрлі гильза, оқ тығын контейнері және артиллерия оғы табылды.

Аталмыш факт бойынша құжаттар Бұланды ауданының ІІБ жіберілді. Табиғатқа келтірілген залал сомасы 1 272 600 теңге құрады.

Сонымен қатар,1 аналық мал басына төленетін ІҚМ асыл тұқымды және селекциялық жұмыс жүргізуді субсидиялаудың түпкілікті нәтижеге байламсыз алынатын төлге бағытталатынын болады.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus