Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл әйелдерін қолдау жөніндегі жобасының қорытындылары шығарылуда

Ауыл әйелдерін қолдау жөніндегі жобасының қорытындылары шығарылуда

Астана, “АШҚҚҚ” АҚ баспасөз қызметі – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның еншілес компаниясы – «Шағын несие ұымдарын қолдау орталығы» ЖШС жүзеге асырған «Ауылдық жерлердегі әйелдерге арналған шағын бизнес» жобасы бойынша (ары қарай – Жоба) семинарлар аяқталды.

Әйелдер кәсіпкерлігі ауылды жерлерде Қазақстанның экономикасын дамытуға, табыстары орта отбасылық шаруашылықтарының өсуіне әсер етеді.

Әйелдер кәсіпкерлігі өз бастауын сауда саласынан алады. Кейін экономиканың қажеттілігіне сәйкес өзгеріп, республиканың маңызды экономикалық салаларына – ауыл шаруашылығы, тауар өндіру мен қызметтерді атқаруға қатысып, басымды бағыттарының біріне айналды.

Қазақстан Республикасының Статистика агенттігіне сәйкес, шағын және орта бизнестегі әйелдер санының үлесі 40 пайызды құрайды. 2013 жыл басындағы мәліметтер бойынша, елімізде әйелдер саны – 8 млн. 750 мың адам, немесе 52% құрайды. Репродуктивті жастағы әйелдер (15-49 жыл) саны – 4,6 млн адам.

«Ауылдық жерлердегі әйелдерге арналған шағын бизнес» жобасы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-мен қаржыландырылады және ауылды жерлерде оқыту бағдарламалар арқылы әйелдердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға бағытталған.

Жоба барысында Атырау облысының 8 ауданы мен Батыс Қазақстан облысының 12 ауданында біркүндік семинарлар өткізіліп, 350 астам әйел оқытылды. Бұл семинарларда тындаушылардың назарларына «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ң Ислам даму банкімен келісім-шарт бойынша жүзеге асырлып жатқан «Салам» және «Мурабаха» несие өнімдер таныстырылды. Семинар қатысушыларына бизнес тәуекелдерін төмендету және жаңа бизнес-идеяларды дамыту туралы ақпараттар берілді.

Семинар барысында ауылды жерлердегі әйелдердің қаржылық сауаттылық деңгейінің төмендігі, әйелдер бизнесі және өз шаруасын дамытамын деген адамдардың қаржылай тәуелсіз болуға мүмкіндіктерінің бар екені туралы айтылды.

Батыс Қазақстан облысының кәсіпкер-әйелдер үшін өткізіліген семинарлардың қорытынды іс-шарасы 2013 жылы 20 қараша күні Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде өтеді: Орал қаласы, Достық-Дружба көшесі, 179.

Қосымша ақпарат: Астана қаласы, Тұран даңғылы, 19/1, 11 қабат.
Тел. 87172 678 251, 8701 400 61 91, ШҢҰ қолдау орталығы.

http://www.fad.kz/kk/node/5611

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus