Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Нан бағасының көтерілуіне жол бермеу мақсатында меморандумдарға қол қойылды

Нан бағасының көтерілуіне жол бермеу мақсатында меморандумдарға қол қойылды

         Нан мен бірінші сұрыпты ұн бағасын күрт өсуіне жол бермеу мақсатында 2014 жылдың 12 ақпанындағы Экономиканы модернизациялау мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігінің, облыс әкімшіліктері мен “Азық-түлік келісімшарт корпорациясы” Ұлттық компаниясы” АҚ арасында аймақтарда 1-сортты бидай ұнынан жасалған формалы нанға, 1-сортты ұн бағасын тұрақтандыру жөніндегі меморандумдарға қол қойылды.

         Меморандумдар шеңберінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ресурсынан 500 мың тонна арзандатылған бидай бөлінбек. Бидай жергілікті атқарушы органдармен анықталған ұн тартушы кәсіпорындарына тоннасына 30 000 теңге (ҚҚС) белгіленген бағамен беріледі. Жөнелту уақыты – 2014 жылдың 17 ақпанынан 2014 жылдың тамызына дейін.

         Меморандум шарттарына сай әкімшілік сәйкесінше процедураларды өткізу арқылы өндірістік инфрақұрылымы, материалдық және еңбек ресурстары  бар бидайды қайта өңдеу кәсіпорындарын анықтайды. Олар өз кезегінде белгіленген баға бойынша бидайды алып, оны ұнға айналдырып, әрі қарай орнатылған бағамен нан кәсіпорындарын ұнмен қамтамасыз етулері тиіс.  

Бұл шаралар нан мен бірінші сұрыпты ұн бағасының тұрақтылығын, сондай-ақ мал шаруашылығы кәсіпорындарын және жеке қосалқы шаруашылықтарын арзандатылған кебекпен қамтамасыз етуге септігін тигізбек.

 

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі

Email: minagripress@gmail.com

Тел. + 7 7172 555 765

www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus