Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы саласында әлеуметтік-экономикалық және еңбек қарым-қатынастарын реттеу бойынша келісімге қол қойылды

Ауыл шаруашылығы саласында әлеуметтік-экономикалық және еңбек қарым-қатынастарын реттеу бойынша келісімге қол қойылды

Щучинск қ. 26.07.2013 ж.

Ақмола облысының Щучинск қаласында жұмыс беруші және қызметкер арасында ұжымдық келісімнің негізі болатын ҚР Ауыл шаруашылығы министрігі, Қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлері мен Республикалық жұмыс берушілер одағы арасында Салалық келісімге қол қойылды. Аталмыш құжат 2013-2016 жылдарға арналған.

Саладағы әлеуметтік серіктестік акт тараптармен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен ұйымдарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің өмірлік деңгейін жоғарылату бойынша бірқатар міндеттерді шешу қарастырылған.

ҚР Ауыл шаруашылығының вице-министрі Марат Толыбаев, Қазақстанның Ұлттық экономика палата Басқармасы Төрағасының бірінші орынбасары  Рахым Ошақбаев және салалық кәсіподақтың Төрағасы Әбубәкір Сүлейменов Келісімге қол қойған жақтар атынан барлық жұмыс берушілерге және кәсіподақ комитет салаларына ҚР Еңбек кодексінде бекітілген айлық уақытта Келісімге қосылуға шақырды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі

 

+77172555765

 

 Info_mcx@mail.ru

 

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus