Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Егін жинау науқаны қарсаңында шаруаларды қолдау

Егін жинау науқаны қарсаңында шаруаларды қолдау

«ҚазАгро» Ұлттық Холдингі еліміздің негізгі астық егу аймақтарында егін жинау науқаны қарсаңында отандық шаруалардың мүмкіндіктерін күшейтуді көздеп отыр. «Егінжай-2013» бағдарламасы аясында шаруалар үшін осы маусымда қажеттілік туғызатын астық кептіргіш, астық жинау және мақта жинайтын комбайндарды иеленудің жаңа қаржыландыру шарттары, сонымен қатар қоладынста болған ауылшаруашылық техникасын лизингі туралы сөз болуда.

Жаңа ережелерді қалыптастырған «ҚазАгро» Ұлттық Холдингінің құрамындағы, республиканың агросаласындағы технологиялық жабдықтары мен техникалық паркті жаңартумен байланысты бағыттарды қаржыландыруды жүзеге асырушы, «ҚазАгроҚаржы» АҚ еншілес компаниясы.

Егін жинау науқаны алдындағы әрекеттер шектеулі қаржылық жағдайы бар, маусымның қызу уақытында комбайндарды жалға алуға мәжбүр болып, агротехникалық мерзімдерді бұзуға, астық сапасын жоғалтып, кейде барлық астықтан да айырылуына да қаупі бар шаруаларға үлкен қолдау болады. Астық жинау кезінде астықты кептіру мен сақтау технологиялық кезеңдердің ең маңыздыларының бірі екендігін ескерген жөн. Сарапшылардың бағалауынша биыл кейбір шаруалар үшін ылғал астықты сақтау мәселесі туындайды.

«ҚазАгроҚаржы» ұсынған астық тазарту мен кептіру жабдықтарын жеңілдетілген шарттарымен иелену, бұл дегеніміз бірінші лизингтік төлемді төлеуді 10%-ға дейін төмендетіп, 2013 жылдың 15 қарашасына дейін мерзімін ұзарту. Сонымен қатар, субсидиялау есебінен сыйақы мөлшерлемесі 5,8%-ға дейін төмендейді. Осы шарттар «Егінжай-2013» бағдарламасы аясындағы астық жинау және мақта жинау комбайндарды иелену кезінде де қолданылады. Лизингке аса қымбат емес, қызмет көрсетілуі шығынды емес қазақстандық және ресейлік өндірістегі «Нива», «Енисей», «Essil», «Вектор», «Акрос» комбайндары сияқты астық жинау және осыған сәйкес бағалық пен техникалық сипаттарға ие бидай және мақта жинау техникасы.

Жаңа ережелерге сәйкес шаруаларға шетел мемлекеттерінде қолданыста болған ауылшаруашылық техникасын лизингке иемдену мүмкіндігі беріледі. Осы санаттағы шарттарды бекіту уақытында Ұлттық Холдинг пен «ҚазАгроҚаржы» шаруалардың жоғарыөндіргіш техниканы арзан бағамен және қолайлы шарттармен қолданыста болған техниканы иемденуге байланысты көптеген ұсыныстары мен сауалдарын ескерді.

Сонымен қатар, кептіру жабдықтары мен техниканы иемденудің жеңілдіктерімен қатар «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің Директорлар Кеңесінің шешімімен «ҚазАгроҚаржы» арқылы ірі қара малды иемденуде де өзгертулер енгізілді. Мысалы, енді малшаруалардың шетелден 2 санаттағы асыл тұқымды малды сатып алу мүмкіндігі бар. Сарапшылардың айтуынша, аталған ірі қара малға отандық шаруалардың сұранысы жоғары, себебі сипаттамалары ұқсас, бағасы қолайлы. «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландыруының басталуымен қазақстандық өндірушілердің өсірген асыл тұқымды малды иемдену жаңалығы байланысты. Жаңа бағдарлама мен тиімді шарттар Қазақстандағы ет малшаруашылығын дамытуға бағытталған.

Жаңа бағыттар туралы барлық толық ақпарат ауылшаруашылық тауар өндірушілер үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ ресми сайтында «Компания өнімдері» бөлімінде орналастырылған.

«ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады.

Холдинг құрамына «Азық түлік келісім шарт корпорацициясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ, «ҚазагроӨнім» АҚ, «ҚазАгрогарант» АҚ, «ҚазАгромаркетинг» АҚ кіреді.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus