Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар Ветеринарлық қауіпсіздік мәселелері

Ветеринарлық қауіпсіздік мәселелері

ҚР Үкіметінің отырысындағы ҚР АШМ Бірінші вице-министрі Қ.Қ. Айтұғановтың ветеринариялық қауіпсізідік туралы баяндамасы
Астана қ. 2017 жылғы 16 мамыр, сағат 10.00

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Құрметті Үкімет мүшелері!

Ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өткен жылы Үкімет отырысында екі рет, 8 шілдеде және 14 қарашада қарастырылып Ауыл шаруашылық министрлігіне және әкімдіктерге нақты тапсырма берілген. Сол тапсырмаларды орындау мақсатында 2017 жылға жергілікті атқарушы органдармен тиісті іс-шаралардың нақты жоспары бекітілді. Нәтижесінде эпизотиялық ахуалдың жақсарып отырғанын айтуға болады.

Эпизоотиялық жағдай келесідей көрсеткіштерімен сипатталады. Өткен жылдың 1 мамырында жануарлар ауруларының 36 ошағы тіркелген болса, ағымдағы жылда23 ошақ тіркелген, яғни 36 % төмендеу динамикасы байқалады.

(1 слайд) Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы вакцинациялау бойынша ветеринарлық-профилактикалық іс-шараларының жоспарына сәйкес 2017 жылы жануарларды 17 ауруға қарсы вакцинациялау бойынша 149,3 млн. манипуляциялар (екпе жұмыстары) жүргізу жоспарланған.

Оның ішінде, 15 мамырға 60 млн. манипуляция жоспарланған, өткен жылға қарағанда 16% жоғары (50,7 млн.). 15 мамырға дейінгі жағдай бойынша осы жылы37,5 млн. манипуляция жүргізілген, өткен жылға қарағанда, 26% жоғары (27,9 млн). Бұл ретте, жоспарды орындау пайызы өткен жыл мен салыстырғанда 7% жоғары, (62,5% қарсы 55,1%) Шығыс Қазақстан облысының 17% төмен болуына (жоспар бойынша 6,4 млн. соның 1,1 млн. орындалғаны) байланысты.

Анықтама: аудандарға дейін ветпрепараттарды тасымалдау бойынша сатып алуды әкімдіктермен кеш өткізу себебі болып табылады.

(2 слайд) Ал енді, диагностикалық зерттеулер жоспарына қатысты тоқталсақ. Ағымдағы жылы 70 млн зерттеулер жүргізу жоспарлануда. 15 мамырға дейінгі жағдай бойынша 15 млн зерттеулер жүргізілген, бұл өткен жылғыдан 5 % деңгейге артық. Бұл ретте, осы жоспардың орындалуы үстіміздегі жылы өткен жылғы деңгейден 27 % жоғары (өткен жылғы 62 % қарсы 88,9%).

Анықтама үшін. Республика бойынша барлығы 2 590 623 бас ІҚМ, 3 863 268 бас ҰММ,150 526 бас шошқа, 18 294 бас жылқы, 31 991 бас түйеге диагностикалық зерттеулер жүргізілген.

2016 жылы Атырау облысында ІҚМ нодулярлық дерматитінің 4 ошағы тіркелген болатын. Бүгінгі күні барлық жою іс-шаралары аяқталған. Осы аурудан өлген 1150 бас ІҚМ-дың құнын қайтаруға 2016 жылы 185 млн теңге бөлінген болатын. Тиісінше осы аурудан өлген жануарларға өтем ақы төлеу мәселесі бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілген болатын.

(3 слайд) Қазіргі уақытта Атырау облысында, сондай-ақ қауіптілігі жоғары Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының шекаралық аумақтарындағы жануарларды вакцинациялау жүргізілуі аяқталуда.

Анықтама: Бүгінгі таңда 580 849 бас ірі қара малының 347 050 басы нодулярлық дерматит ауруына қарсы егілген.( 70%). Атырау облысында 150 295 бас ІҚМ (98,5%) егілген; Ақтөбе облысының Ойыл, Байғанин ауданында – 25 728 бас ІҚМ (100%); БҚО Ақжайық, Жаңақала, Бөкей орда және Қаратөбе ауданында 171 027 бас ІҚМ (56%) егілген.

2016 жылы Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында сібір жарасының 5 ошағы тіркелген болатын.

Өткен жылдың тамыз айында сібір жарасына қарсы вакциналардың үлгілері Украина және Эфиопия референттік зертханаларына сараптама жүргізуге жіберілген болатын. Зерттеу нәтижелері, вакцинаның тиісті көрсеткіштерге сәйкес келмейтіндігін дәлелдеді. Материалдар құқық қорғау органдарына жолданып және жеткізушісі жосықсыз жеткізуші болып танылды. Бұдан басқа, сапасыз вакцинаның жеткізушісі өз есебінен 71 млн теңге сомасына жеткізілген 13 млн доза вакцинаның барлығын ауыстырды.

Мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін, тапсырыс берушімен анықталған зертханаларда жеткізушінің есебінен вакциналардың сапасын міндетті түрде тексеру нормасы енгізілді.

Қолданылатын вакциналардың сапасын қамтамасыз ету үшін ветеринариялық станциялар мен пункттер қосымша 1164 тоңазытқаштармен қамтамасыз етілген болатын. Өткен жылы тек 473 ветеринариялық пункттер өздеріне тиісті бөлме-жайларға орналастырылды, ағымдағы жылы олардың саны 1341 жетті.

Республикада бойынша сібір жарасының ошақтарын анықтау және белгілеу бойынша 2016 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Үкіметтінің тапсырмасын орындау үшін жұмыстар жүргізілуде.

Өткен жылғы 8 шілдедегі жағдай бойынша 1857 көмінділернің орналасқан орындары белгілі болды.

Белгіленбеген сібір жарасы көмінділерінің орналасқан орындарын дәл анықтау мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдары, мемлекеттік кәсіпорындары және ғылыми мекемелерінің өкілдерінен тұратын жұмыс топтары кұрылды. Жұмыс топтары 472 шығу жұмыстарын жүзеге асырды және тағыда 334 сібір жарасының көмінділерінің дәл орналасқан орындарын анықтады.

(4 слайд) 351 ошақ туралы ақпарат жиналды, олардың дәл орналасқан орындарын анықтау мүмкін болмай отыр.

Мұндай көмінділердің мәртебесін заңнамалық тұрғыда анықтау бойынша шаралар қабылдау ұсынылады.

Бұдан басқа, сібір жарасы көмінділерінің орындарынсыз адамдардың ауыруы тіркелген 50 ошақты, сондай-ақ демаркациялау кезінде көршілес мемлекеттердің аумағына өтіп кеткен 20 көміндінің орындарын Кадастрден алып тастауды қажет етеді.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде ҚР сібір жарасы бойынша стационарлық-қолайсыз пункттердің кадастріне енгізілген 2612 көмінділер бойынша қолдағы бар ақпарат қажетті мәліметтермен толықтырылды

(5 слайд) Осылайша 2 191 көмінді қалады, олар бойынша келесі жұмыстар жүргізілді.

2016 жылғы 8 шілдедегі жағдай бойынша:

– 1277 көмінді қоршалған, соңынан қосымша 828-і қоршалды, қорытындысында олардың саны – 2105 (96%) құрады;

– Мемлекеттік жер кадастрінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (МЖК ААЖ) 1232 көмінді туралы ақпарат болған. Жүйе 872 көмінді туралы мәліметпен толықтырылды, бүгінгі күні олардың саны 2 104 көміндіні құрайды (96%).

Анықтама: 86 көмінділер қоршалмаған қалпында қалып отыр (62 – Қостанай, 14 – Атырау, 5 – ОҚО, 4 – Жамбыл, 1 – Алматы облысында). 87 көмінділер бойынша мәліметтер МЖК ААЖ енгізілуге жатады (23 – Ақмола, 17 – Жамбыл, 16 – Қарағанды, 12 – ОҚО, 9 – ШҚО). сібір жарасының 8 көміндісі айыру белгілерімен жабдықталмаған (5 – ОҚО, 1-ден Атырау, Жамбыл, Алматы).

Атап айту қажет, анықталған көмінділер бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді қажет етеді және бәрінен бұрын сібір жарасы көмінділерінің жаңа Кадастрін әзірлеу қажет.

Өкінішке орай бүгінгі таңда Кадастрді әзірлеу және жүргізу мемлекеттік органдардың бірде біреуіне тапсырылмаған. Осыған байланысты, құрметті Бақытжан Әбдірұлы, бұл функцияны біздің Министрлікке тапсыруды ұсынамыз.

(6 слайд) Модульдік зертханаларды (75) тиімді қолдану үшін оларды жабдықтау бойынша шаралар қабылданған. Зертханалық мамандарды оқыту, ИСО 17025 халықаралық стандарты бойынша шекара маңындағы зертханаларды аккредитациядан өткізу жүргізілуде.

Нәтижесінде, зертханалардың өндірістік алаңдарын қолдануды ағымдағы жылдың аяғына 100%-ға дейін жеткізілетін болады.

Анықтама: Есеп комитетінің ұйғарымында көрсетілген қолданылмайтын 19,6 мың м2 өндірістік алаңдардан бүгінгі күні қолдағы бар жабдықтарды зертханалардың арасында орын ауыстырылуы есебінен 1,3 мың м2 қолдану бойынша шаралар қабылданған. Қалған алаң (18,2 мың м2) көрсетілген зертханаларды толық жабдықтап болғаннан кейін толығымен іске қосылатын болады.

(7 слайд) Отандық мал шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығаруды қамтамасыз ету мақсатында қажетті жұмыстар жүргізілуде

Белгілі болғаны ХЭБ еліміздің 9 облысының(Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай) аумақтары аусыл бойынша вакцинация жүргізбей қолайлы аймақтар деп танылды.

Қалған 5 облыс бойынша өткен аптада ХЭБ сарапшылары Қазақстанмен қабылданатын шараларға инспекция жүргізді. Инспекция қорытындылары ағымдағы жылғы 25 мамырда ХЭБ Бас Ассамблеясында қаралатын болады.

(8 слайд) Арнайы әзірленген Жол картасы аясында экспорт бойынша отандық регламенттерді, ҚХР, Иран, Сауд Арабиясы, БАӘ, Израил, Кувейт импортер елдерінің талаптарымен сертификаттарды үйлесімдендіру бойынша шаралар қабылдануда.

Сәуір айында қытай сарапшыларымен ветеринарлық қызметке аудит және Қазақстанның кәсіпорындарына инспекциялау жүргізілді, оның негізінде Қытайға асыл тұқымды жылқылар мен ара шаруашылығы өнімдерін эспорттауға рұқсат алынды.

Жыл соңына дейін қытай нарығына тоңазытылған қой етін шығаруға қол жеткізу бойынша талаптарды келісімдеуді жоспарлап отырмыз.

Иранға қой етін және тірі қойды экспорттауға ветеринариялық сертификаттарды келісімдеу аяқталуда. БАӘ-мен тірі ірі қара және ұсақ малды, асханалық тауық жұмыртқасын экспорттау үшін ветеринариялық сертификаттар келісімделген.

Евразиялық экономикалық одағының аясында тасымалдап әкелуге рұқсат етілген тауарлардың тізімі сыртқы экономикалық қызметі (СЭҚ) ТН 4 белгілері бойынша 14 топтан 86 қосымша топтарға кеңейтілді және өз өнімдерін Қазақстанға жеткізуге құқысы бар қырғыз кәсіпорындары 12 ден 25 кәсіпорындарға ұлғайды.

НАССР менеджменті жүйесі бойынша білікті мамандарды дайындау мақсатында С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ базасында біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылуда.

2017-2021 жылдарға АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ветеринариялық қауіпсіздікті реттеу заңнамасын жетілдіру бөліміне бірқатар өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, жоспарланғаны:

біріншіден, әкімдіктердің құзыретіне жануарларды бірдейлендіру құралдарын сатып алу бойынша функцияларды беру;

екіншіден, әкімдіктермен құрылған, ветеринариялық ұйымдарға ветеринариялық талаптарды бекіту;

үшіншіден, әкімдіктердің ветеринариялық қызметінің алдында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің есептілігі;

төртіншіден, әкімдіктердің ветеринариялық бөлімшелері қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін енгізу;

бесіншіден, ветеринариялық іс-шараларды жүргізу үшін ауыл шаруашылығы жануарларының иесінің жауапкершілігін арттыру.

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен олардың сыртқы және ішкі нарықтағы бәсекелестігін арттыру мақсатында бекітілген іс шараларға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда және атқарылатын болады. Бұл сұрақтар Министрліктің бақылауында болады.

Назарларыңызға рахмет !

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus