Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Зертханалық зерттеулер нәтижесі бойынша қойларда инфекциялық аурулар анықталмаған

Зертханалық зерттеулер нәтижесі бойынша қойларда инфекциялық аурулар анықталмаған

2013 жылдың 26 қарашасында ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекия мамандары жергілікті атқарушы билік органдарының мал дәрігерлерімен бірлесіп Жылымды ауылының эпизоотиялық ахуалын тексерді.

         Ветеринариялық-санитариялық зерттеу нәтижесінде 2013 жылдың басынан бастап 14 бас қойдың бір отарда өлгені анықталды. Қойлардың өлу себебі ас қорыту жүйесінің бұзылуынан – диспепсия, жалпы жүдеулігі байқалған.

         Алынған патологиялық материалдардан зертханалық зерттеулер нәтижесі бойынша (қойлардың секірпесі, сальмонеллез, пастереллез, листериоз, және гербицидттермен уланған) қойдың инфекциялық және инвазиялық аурулары анықталмаған.Нәтижесі теріс.

Аулаларды тексеру барысында анықталғаны, қойларды ұстайтын орын ветеринариялық – санитариялық талаптарға сәйкес келмейді: 11 шаршы метр аумақта 33 бас қойды ұстайды. Аммиактың көп мөлшерде жиналуы және желдеткіштің жоқтығы анықталды.

Барлығы 22 бас қойдың ас қорыту жүйесінің бұзылуы белгілерінен мазасызданған (диспепсия) жүдеу аурушандығы мен әлсіздігі байқалды. Ауырып тұрған қойлар оқшауланып, симптомдық ем-шаралары жүргізілуде, қойлардың жалпы жағдайы жақсаруда.

Ағымдағы жылдың 27 қарашасында мәжбүрлі сойылған төл «Ветеринария бойынша рефереттік ұлттық орталық» РМК – ға жолданды. Зерттеу нәтижелері Жылымды ауылының тұрғындарына хабарланатын болады.

 

             

ҚР АШМ баспасөз қызметі

Байланыс: тел. +7 (7172)55-57-65

info_mcx@mail.ru

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus